пәмлеп
анайы»
(Базар жырау).
Пәрман
− әмір, жарлық.
Араб тілінде
фирманун
–
үкім, бұйрық
дегенді
білдіреді
(АРС., М., 1958, 762).
Әннан соң дүние жүзі бұзық болып, Нухқа
төзінбекке болған
пәрман
(Нұртуған).
Ей, тәубе, һақтың әмірі осы-дағы,
Бәрінің іздегені бір шыбын жан! Қолында ошал дұшпан ердің көбі, Шараң не,
әмір солай, һақтан
пәрман
(Ерімбет).
Дегенің жетпіс сегіз ошал
пәрман,
Адамға мұны білмес қылма райым
(Ерімбет).
Патшадан
пәрман
болған соң
Келмембет мінді атына
(«Қамбар батыр»).
Байдың күні
пәрманмен
,
Жарлының күні арманмен
(Мақал).
Пәруәрдігер (пәруардігер, паруардегәр)
− құдай, тәңірі, жаратқан.
Парсы тілінде
парвардегар
–
жасаған, құдай, тәңірі
дегенді білдіреді
(ПРС.,
М., 1960, 93).
Иесі күллі әлемнің
пәруәрдігер,
Жаратқан адамзатты топырақтан.
Өткермей өміріңді бекер босқа, Кәнеки, сөйле тілім, ікаяттан
(Нұртуған).
«Әуелі
пәруәрдігер
сені айтармын, Жасаған Жаппар тұрып кімді айтармын?!
Бұл тойға қазағымнан әркім келді, Той бастап, тойдан озған мен айтармын
(Нұртуған).
Деп айтар Ібраһим халиолла: «Құдірет, өткізе гөр өзімді аман?!
Оңаша ал өз деміңмен
пәруардігер,
Пайда жоқ жалғыз ұлым Смағұлдан.
Жамандық үмметіңе қылма, Жаппар?!
(Ерімбет).
Пұл үшін қызықпассың сен
де бір ер, Сені маған кез қылған
паруардегәр
(Абай).
Перизат
−
1) өте көркем, асқан сұлу; 2) діни ұғым бойынша аспан мен
су ішінде тіршілік ететін жамандық пен зұлымдық иесі (перінің қызы).
Парсы
тілінде
Достарыңызбен бөлісу: |