бара, өзбек тілінде –
пора, тәжік тілінде –
пора сөздері қолданылады.
Тіліміздегі
пара-пара, пәре-пәре (қылып жырту) сөзі де парсы тілінде осы
сөздің қосарланып айтылуынан жасалған болу керек
. Яғни
пара-парасын шығару – бір нәрсені бірнеше бөлікке бөліп, бөлшектеп тастау. Құранның
кейбір
парасының үстінде ұзақ отырып қап, жалғыз жасырын ойларды
ойлайды
(М. Әуезов. «Абай»). Жыртып ошал шекпенді, Әр жыланның жатағын
Тығын қылып бекітті, Бір жапырақ
парадан (Ерімбет). «Жауластырып кетті»
деп Ағайынның арасын. Құлдың сөзін жеткіздім, Оннан бір ғана
парасын .
Ойласып енді шешіңдер, Қош, мырзалар, өздерің, Бармайсың, әлде, барасың?!
(Нұртуған). Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, Ол ақынның білімсіз бейшарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан, Бұл жұрттың сөз танымас бір
парасы (Абай); ІІ Пара –
Желдің, судың екпіні тиіп, диірмен тасты айналдыратын оқтыққа орнатылған сала-сала жалпақ тақтайлар. Патша − монархиялық мемлекетті тежеусіз басқаратын әкім, мұрагерлік жолымен мемлекетті билейтін кісі. Парсы тілінде
падшаһ –
шах, патша, король дегенді білдіреді
(ПРС., М., 1960, 86). У ішіп көп ұзамай Хасан
өлді, Патшалық
Хұсейінге кезек келді. Хұсейін
патша болып мініп таққа, Күн
сайын аңырмастан жұтып жатыр, Қалдырмай ешбіреуін, көзің көрді!
(Ерімбет). Жаңылып кеткен кезіңде, Қобалжытпа өзіңді. Асып-сасып жалтақтап, Ұмытсаң
айып сөзіңді. Көтеріп сені айтқанға, Қолпаш сөзге мақтанба − Артық сонда
өнерің