«пірәдар»
атанып
келген
(С.Мұханов).
Бірадар
атын көтеріп, оразшыл, намазшыл болып жүргені
көңілге қалың бермей тұрып, жартысын салғанға ұқсайды
(Абай).
Піспек
−
қымыз, айран сияқты сүт өнімдерін пісетін құрал.
Байұлының
бұл – алтын
піспек,
кең сабасы, Байеке кешегі бұл ер баласы. Әкесі бұл
баланың ер Исатай, Көп жанға болып кеткен отағасы
(Нұртуған).
Сақалына
қарай іскегі, Сабасына қарай
піспегі
(Мақал).
Пітіне (пітнә, пытна)
−
1) қулығын ішіне бүккен, ізін білдірмейтін
сұмырай; 2) таңғажайып, таң қаларлық, бой тартарлық; еліктіру, алдамшы,
қызықтырғыш; 3) көтеріліс, бүліншілік; 4) ақылсыздық.
Алдынан Шамнан
келіп қызмет етті, Бір жігіт мекері көп, дейтін Мәруан.
Пітнәлі,
екіжүзді жан
екенін, Ішінен біліп жүрді Шаһимардан
(Ерімбет).
«Қиянат, қисық жолмен
жүрмейтұғын, Оспан шах – түзу сұлтан, пана-дағы! Ғажайып бұл не деген
пітнә-дүр
?!» деп, Бес жасар, тұтты жаға, бала-дағы
(Ерімбет).
Өзара
жанжалдасып қанға батқан, Ішіне түрлі
пітіне
толып жатқан
(С. Торайғыров).
Надандықтың
пітінесін,
Суалта көр, құдай-ай!
(С. Торайғыров).
Таңа алмас
пітнәң
да осы өсекке: Ол әсте қалған емес көне шетте, Ардақтап адамзаттың ақ
тілеуін, Үндейді о да ғажап келешекке
(Х. Ерғалиев).
Жаһанда жауға өзіңді
жаралатпау, Болып кет, бойың бағып, тың секілді. Әр түрлі ақуа пысат, пасық
пытна,
Бөлетін ақылыңды жын секілді
(Тұрмағамбет).
Р
Рабай
− байқаусызда, кездейсоқта.
Араб тілінде
рубба
–
мүмкін, бәлкім
дегенді білдіреді
(АРС., М., 1958, 355).
«Мынау қандай атты,− деп,− Жүрісі
жылдам қатты?» деп,
Достарыңызбен бөлісу: |