Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар


рахым  етіңіз!» дегендей (М. Әуезов)



Pdf көрінісі
бет310/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   393
Байланысты:
жыр әдеби тил

рахым 
етіңіз!» дегендей
(М. Әуезов). 
 


218 
Раһлат (риһлат, раһләт) 
– 
1) саяхат жасау, жиһан кезу; сапар, жол 
жүру; 2) экскурсия; 3) ауыс. көшу, дүние салу.
Мұхаммед атты Мұрсалың Жас 
қалды ата-анадан. Жәбір-жапа көп көріп, Ойлады 
риһлат
панадан 
(Ерімбет). 
Түсінде пайғамбарға душарласқан, Ғалиға айтқан сәлем Һән хазірет. «Сүйегі 
перзентімнің һәмірасы, Ететін болды мезгіл жан 
раһләт»
(Ерімбет). 
Ұлыңның 
үстін басып жұлма мерез, Құрма жеп жүреді екен етіп әдет. Жегенін жіңсік 
көріп, тоқтатпасаң, Дүниеден өтер балаң,− деді,− 
раһлат 
(Қаңлы Жүсіп).
Рәуаж (рауаж)
− 
1) тарату, өрістету, кеңейту; 2) айналу, ауысып 
айналу; 3) керек ету, өтеу (товар жөнінде).
Жүргізіп ұсталығын Мысыр Дәуіт, 
Үйреніп теміршілік санағаттан. Үкімін күллі ғаламға етіп 
рауаж,
Сүлеймен 
дүр-жақұттан тақ жасатқан 
(Ерімбет).
Бірақ оған 
рәуаж
беріп гүлдендірмек, 
бәлки адам өз халінше кәмелетке жеткізбек жәһәтінде болмақ 
(Абай). 
 
С 
 
Саба 
− жылқының терісінен илеп тұздалған, жүнін қырқып, ысқа 
салған, көбінесе қымыз ашытатын ыдыс. 
Сабаны 
жасау үшін теріні көкетін 
алып, тазартып илейді. Дайын теріні талдың қабығымен бояйды. Содан соң 
әркім өзіне қажеттілік мөлшерінде (шамамен 100 литр) төрт бой етіп пішіп, 
түбін кең, аузын тарлау етіп шуда жіппен тігеді. Жоғары байлау үшін 
саба
аузына жіп тағады. Бұрынғы кезде асқа, тойға салтанатқа
сабамен
қымыз, 
малдан сойыс апаратын болған. Бұл үлкен құрметтің, мырзалықтың, байлықтың 
белгісі деп бағаланған. Мүны Мәшһүр Жүсіп былай суреттейді: «Шоң бидің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет