Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар


Сәуірде  күн күркірер, күн күркіресе, көк дүркірер  (Мақал).    Сейіл



Pdf көрінісі
бет324/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   393
Байланысты:
жыр әдеби тил

Сәуірде 
күн күркірер, күн күркіресе, көк дүркірер 
(Мақал). 
 
Сейіл 
– 
ауыс. серуен, көңіл көтеріс, қыдырыс
. Аттанып азанменен кірсе 
шаһар, Жүр екен көп кәпірлер құрып 
сейіл.
Ғалидан сұрады біреу: «Кімсің, 
жігіт, Не жұмыспен келдің мұнда қай жерде ел?» 
(Ерімбет).
Сол күннен бастап 
оны (ананы) 
сейілге
күнде ертіп шығып жүрдім 
(Көпбаев).
Осы 
сейілде
біз 
Прасадтың өзімен таныстық 
(М. Әуезов).
Тышқан жүр
сейіл
құрып, ойнақ 
салып, Бір уақыт жүгіріпті басқа барып. Арыстан өлтіруге айналыпты, Басын 
басқан тышқанды ұстап алып 
(С. Торайғыров);
Сейілдеу
– 
серуендеу, бой жазу.
Мал – адамның жаны, даланың сәні 
ғой. Өз көзіммен көріп, әрі 
сейілдеп
қайтайын деп, қаруымды үйден алмай 
шыға берген екенмін 
(Нұртуған).
Осы өзіміз отырған жерге күнде сиырдың 
түскі сауыны кезінде келіп, 
сейілдеп
қайтатын дағдым да бар еді 
(Кенбаев).
Сейіс (сайыс) 
– 
1) басқарушы, әкім; 2) саясатшыл; 3) атшы, ат 
бағушы, ат баққыш; 4) ауыс. соғыс, ұрыс, тартыс; салт аттылардың бәсеке 
ойыны, ат үстінен найзамен аударыспақ.
Сейіс
әрі атқұмар Суханбердінің 
жетелеп бара жатқан атына берген сыны: Қоян жон, бөрі қабақ, кері түсті, 


226 
Ұрыншақ әдеті жоқ, жеңіл үсті. Күлте жал, ойық шеке, көзе мойын, Шабысқа 
мойымайтын нағыз бесті 
(Нұртуған).
Қайдасың күнім бұрынғы, Белдеуге 
тұлпар байлаған?! Қасында жүріп 
сейісі,
Суарып, жемдеп, жайлаған 
(Нұртуған).
Ер өткен неше мұрсал діні 
сейіс,
Әзәзіл ақымақтықтан алар кейіс. 
Жер жұтты қайырсыздан Харун байды, Тәуратқа Мусадағы ісі теріс 
(Ерімбет).
Керуенмін, түйем арық, келіп ем кез, Кездестік жол үстінде сіз бенен біз. 
Өзіңдей нағыз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет