Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар



Pdf көрінісі
бет325/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   321   322   323   324   325   326   327   328   ...   393
Байланысты:
жыр әдеби тил

сейіс
қолға түссе, Кәрінің жасармағы – бір сұлу қыз 
(Ешнияз).
Ер 
белгісі – құнында, Зер белгісі – пұлында, Шын
 сейістер 
– ат қояр Желіде тұрған 
құлынға 
(Шораяқтың Омары). 
Сайыс
қызу, бақастық жоқ, жаттық жоқ, Бәрі де 
маман бәлсініп тұрған бастық жоқ
 (Қ. Салықов).
Секін 
– 
1) дамыл, тыныштық, тыныштық сақтау; 2) грам. сукун – 
араб әліппесіндегі дауыссыз дыбыстардың үстіне қойылатын дөңгелек белгі
ол өзінің астында тұрған әріптен кейін дауысты дыбыстың жоқ екенін 
білдіреді.
Кітапта Муса наибтың көрсе назымын, Шайырдың назым айтқан 
білер өзі-ақ. Сескенді, 
секіні
басқа әріп ұйқастырма, Назым сол − әр әрпін 
ұйқастырмақ! 
(Ерімбет).
Асты жоқ, үсті жоқ, 
секіні 
жоқ, үтірі жоқ... Ұзын 
сирақ, бота тірсек әліпбиден, әбден жалығып, тойып біттім 
(М. Ақынжанов).
Мәт – қасың, тәштит – кірпік, 
секін 
– сөзің 
(Абай). 
Сой 
− шығу тегі, тұқымы, руы, заты.
Түрік тілінде 
soy
(сой) – 
шыққан 
тегі, нәсілі, түсі, ұрпақ, түр 
дегенді білдіреді 
(ТурРС., М., 1945, 547).
Молла 
Омар шайқасыпсың Ермембетпен, Бала едің жасың кіші ер жетпеген. Киелі 
сойдан 
шыққан әулет еді ол, Әзелден жұмла халық құрметтеген 
(Ерімбет).
Жақсының онда 
сойы
бар Арнаулы жақсы тобына Ту бие де сойылар 
(М. 
Әуезов). 
Сопы (софы, суфи) 
− 
1) жүнді, жүндікі; 2) діни. тым құдайшыл, 
дүниеден безген; 3) суфий (софизм), мистик (мистицизм), сопы – ислам 
дініндегі сопылық ағымды (осыған басшы болғандардың бірі – 1166 жылы 
Түркістанда дүние салған Хожа Ахмед Яссауи – Н.Оңдасынов) жақтаушы, 
зікір салып құдайға сиынушы.
Араб тілінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   321   322   323   324   325   326   327   328   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет