Тағрипыңа
ғашық боп жаздым назым, Зарланып сені сүйіп жазған
хатым
(Ақан сері).
Тағылым
− үлгі, өнеге, өсиет.
Парсы тілінде
таһлим
–
ақыл үйрету,
өсиет, үлгі
дегенді білдіреді
(ПРС., М., 1960, 124).
Жөһіттің пұтханасын
сындырады, Одан соң мешітхана құрдырады. Шариғат жолын айтып,
тағылым
беріп, Көңілін Ғали арыстан тындырады
(Ерімбет).
Жігіттер, тәлім алса
перзенттерің, Отырарсың рахаттанып кеңіп жерің.
Тағылым
үйретпеген
баласына Басуға қайбыртады жұрттың төрін
(Нұртуған).
Ел ішіне сау келсең,
Тағылым
тайтпас ер ме едің? Жол көрсетіп сонда өлсең Арманым бар дер ме
едім?
(Абай).
Тажал (дажал)
−
1) алдамшы, өтірікші; 2) жалған атақты, өзіне-өзі
атақ беруші; 3) ауыс. жалмауыз.
Араб тілінде
дажжᾱлун
–
алдаушы; көз
бояушы; хритке қас жау мағынасындағы мифологиялық ұғым (АРС., М., 1958,
311).
Әннан соң Алла әркімді жарылқасын, Сауабын ойлан яссан мүшлихаттай.
Сонан соң
тажал-аят
шығып зұлым, Болады дүниежүзі зұлыматтай
(Ерімбет).
Ақыр заман болғанда
тажал
деген шығып, дүниені жалмай бастайды, адамды
сол апаттан Мәді ғана құтқарады, − дейді араб ертегінде
(С. Мұқанов).
Бізді
осындай ылаң еткен жалғыз ғана алапат. Ол – анау күннің батысынан шыққан
қу
тажал
(Ғ. Сланов).
Жақын заманда болып өткен адамзат апаты, қырғын
соғыс
тажалы
қайта оралып келмесін деп мақсат етіседі
(М. Әуезов).
Тақи
ғажапта айтады:
«Дажал
деген біреу шығып, халықты гүрілімен, дүрілімен ерте
алмайды, әншісі, сырнайшысы, сауықшысымен қызықтырып ертеді» дегенді
көрмедіңдер ме? Қысқасы, бір халықтың әні кетсе, әдебиеті жесір қалады, сәні
кетеді, сәні кетсе, жаны кетеді
(С. Торағыров).
...Жыланнан сырға салған
жолбарыс қыз сықылды жын патшасы,
Достарыңызбен бөлісу: |