Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар


сұлтан, ханға  (Нұртуған). Қойды құртан бүлдіреді, Елді  сұлтан



Pdf көрінісі
бет327/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   393
Байланысты:
жыр әдеби тил

сұлтан,
ханға 
(Нұртуған).
Қойды құртан бүлдіреді, Елді 
сұлтан 
бүлдіреді 
(Мақал).
Есебін өткізерсің бір күн қолдан, Орынсыз, опасыз 
да ойнап-күлсең. Басыңда пенде болсаң, тотия жоқ, 
Сұлтан 
боп Сүлеймендей 
бұлтқа мінсең 
(Кете Шахар).
Сегіз қырлы семсердей, Жігіттің нағыз 
сұлтаны
(Қ. Аманжолов).
Кісі елінде 
сұлтан
болғанша, өз еліңде ұлтан бол 
(Мақал). 
Сүмбіле 
− 
1) масақ; 2) астр. Бикештер шоқжұлдызы; 3) күн 
жылнаманың алтыншы айына сәйкес келетін тамыз айының аты (22 тамыз – 
21 қыркүйек).
Араб тілінде 
сунбилатун
 
– 
тамыз айы.
Бірнеше күндерден соң 
Жасаралдан хабар келді. 
Сүмбіле
айында аттануға келіскен екен. 
Сүмбілеге 
он 
бес күндей қалғанда азық-түлігін, қару-жарағын қайымдап, Жасаралдың келуін 
күтіп жүргенде бір күні Қызылат жамандатып өліп қалады 
(Нұртуған).
Ғалидың басын кесіп келе қойса, Бермекші патшалықтың үлкен туын. Бекітті 
неше дүркін уағданы, Жүрмекке 
сүмбіленің 
ішіп суын 
(Ерімбет).
Сүмбіле
туса, су суыйды 
(Мақал). 
Ертедегі египеттіктер (Мысыр халқы) аспандағы ең 
жарық Сириус (қазақша 
сүмбіле
) деген жұлдыздың тууына қарап егін салатын 
кезін біліп отырады. 
«Сүмбіле
туар жылтиып, ат семірер құнтиып» деген 
немесе «Үркер жамбасқа келсе жаз шықпағанда не қалды» деген мақалдар 
күздің, жаздың қай кездерде болатынын аңғартады 
(Х. Әбішов). 
 
Сүннет (сүннәт, сүндет) 
– 
1) әдет, әдет-ғұрып; тәжірибе; 2) діни. 
сунна (Мұхаммедтің айтқан өсиеттері туралы аңыздар).
Сүннет
– ұлық 
Пайғамбарымыздың істеген істері мен айтқан сөздері. Оны орындаған әрбір 
мұсылман зор сауапқа кенеледі. Орындамаған – күнәлі болмайды, бірақ 
өкініште қалады 
(Мұс. амал. А., 2003).
Парыз бен уәжип, 
сүннет
– ер міндеті, 
Иманның, боржа келсе, көп құрметі. Мағынасы төрт кітаптың мәшһүр болып, 
Құранның келді бізге сүре, аяты 
(Ерімбет).
Ішінде алты Әлімнің бес Шекті көп, 
Сөйлесең, тентек демеймін, сөзің түзеп. Құдаша, жөн сұрамақ 
сүннет 
дейді, 
Сұрамақ орынды сөз өзіңде ед 
(Ерімбет).
Молда үйретті әдепке, Мен қашамын 
әдетке. Сөйтіп жүріп ден қойдым, Парыз, уәжіп, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет