Тәурат, Забур, Інжіл, Кәлем шарифтей кітаптар келеді дейміз
(М. Әуезов). Құран мазмұнының төрттен біріне жуығы
тәурат пен інжілден алынған
пайғамбарлар жайындағы аңыз-ертегілер
(Х. Ақназаров). Құран бойынша алла
Мұсаға
тәурәт, Дәуітке забур, Ғайсаға інжіл жіберді-міс
(М. Тоғжігітов). Тәж (таж) − патша мен ханның жоғарғы мәртебелі белгі ретінде киетін дәстүрлі бас киімі. Парсы тілінде
таж –
тәжі дегенді білдіреді
(АРС., М., 1960, 104). Көзіңмен көрдің ақылын, Төрелігі нанымды.
Тәжіңді бер
тағыңмен Сезінсең өлер шағыңды!
(Нұртуған). Шаһарияр Әбубәкір, әділ Омар,
Оспан мен шері құда Ғали арыстан,
Тәж киіп, таққа отырып бұл төртеуі,
Жөнелді нәубет-нәубет қылапаттан
(Ерімбет). Елшілер: «Келіп тұрмыз мұнда»
дейді, «Кеңесті біздер айтқан тыңда!» дейді. Тәрк етіп
тәж, тағыңды тастап
бәрін, Ғаламға бұл ауаза шашылғасын
(Ерімбет). Патшасы Жасаралдай
бастығы бар,
Тәж киіп, жыға тағып, мінген пайтақ
(Нұртуған). Құлдан, күңнен
қол сұрап, Асырды ерім айбатты.
Тажын жұлып патшаның Алтын тақтан
құлатты
(Жамбыл). Бұрынғы күнім күн бе еді, Күн емес қара түн еді. Тар
құрсаулы
таж – тақыт, Патша бізді биледі
(Жамбыл); Алтын таж киді –
басына бақ орнады, билік құрды (патшалық белгіге ие болды). Тәкбір –
1) кеңес, ақыл беру, кеңесу, ақыл салу; 2) ұлғаю, арту, көбею; 3) діни. дәріптеу, «Аллаһу әкбар!» − Ұлы құдай!» − деп айту формуласы. Таң
намаз
тәкбір айтып дайындалса, Белгілі қорғасындай балқымағы. Оқ өтпес,
бөтен кезде қылыш кеспес, Аңғарған атшы залым мұны-дағы
(Ерімбет). Көп
болып үшбу сөзді араладық, Көңілді табамыз деп жараладық. Біле алмай осы
сөздің біз
тәкбірін, Қағазды құр әншейін қараладық
(Ерімбет). Әншейін-ақ
қасына сүре танитын сопысымақ сұмырайларды жинап алған, қырық мәртебе
әсин шулатып шыққызып, әр шыққан сайын, түрегеліп азан,