Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар


«батыр» сөзін алайық. Мысалы, Батырына



Pdf көрінісі
бет49/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   393
Байланысты:
жыр әдеби тил

«батыр»
сөзін алайық. Мысалы,
Батырына 
сәлем айт, Қолынан туы құлаған.
Бұл үзіндідегі 
батыр
 
− 
елді 
жаудан қорғап, жауын жығылдырған ер жүрек адам. 
Батыр
– жалпы түркі тілдеріне ортақ көнерген аталымдардың бірі. Көне 
түркі жазуларында 
батур, баһадур
сөздері жалқы есім және әскери атақ 
мағынасында қолданылған. 
Батыр 
термині көпшілік тілдерде бар: қарақалпақ, 
татар тілдерінде 
батыр,
өзбек тілінде 
ботир,
ұйғыр тілінде 
батур,
осман 
түріктері тілінде 
ватур,
қырғыз тілінде 
баатыр,
алтай тілінде 
матыр, патыр,
шор тілінде 
бағатыр,
румын тілінде 
бахадирка,
украин, поляк, орыс тілдерінде 
богатыр,
венгер тілінде 
ватор,
вогул манси тілдерінде 
мадур,
осетин 
тілдерінде 
ватроз,
үнді тілінде 
вахадур,
француз тілінде 
бахадойр
формасында 
ұшырайды. 
Тарихи деректерге ден қойсақ, қадым заманнан көне түркі тілдерінде бұл 
сөздің 
батур
немесе 
баһадур
сияқты екі түрі болған. 


46 
Бір қатар ғалымдар (Ғ. Мұсабаев Э. Шаванн, А. Вамбери) «батыр» сөзі 
көне түркі сөзі деп көрсеткен. Көне түркі тіліндегі 
бат-тур, 
ол кездегі соғыс 
дәстүрінде майдан – екі қолдың аралық жері. Осыған жекпе-жекке шығады. Сол 
майданда жекпе-жекке шығып, қарсы жауын күткен адамға 
бат
– «батыл», 
тыр
– «тұр» деген сөз деп көрсетеді. 
Сөйтіп, 
батыр
сөзі – қазақ сахарасында жасаған, түркі тілдес көшпелі 
қазақ тайпаларының арғы тегі – хундардың тілінде болған көне түркі сөзі. 
Батыр 
сөзін бауырлас, қандас түркі халықтарының тілдеріне ортақ мұра деп 
қарау керек. 
Батыр
сөзі түркі тілдері арқылы ерте кезде орыс тілдеріне 
ауысқан. Орыс тілінде бұл сөздің екі мағынасы бар: бірі, – 
батырь
, екіншісі – 
богатырь 
 
 
 
2 сурет - «Батыр» сөзінің семантикалық өрісі
Сөздің негізгі мағынасы белгілі бір шындыққа байланысты жалпы тарихи 
тәжірибенің негізінде жасалады. 
«Батыр»
сөзінің лексика-семантикалық 
өрісіндегі мағынаның барлығы дерлік бір түбіртектен тарайды, яғни 
ер 
жүректік, күштілік, мықтылық
қасиеті себеп болған. 
Ғалым Б. Қасымның «Сөзжасам: семантика, уәждеме» атты еңбегінде 
күрделі атаулардың өзек мағынасына қатысты құнды пікірлер айтады: «Кейбір 
аталымдардың мағыналары күңгірттеніп, мағыналық сәйкестік мүлдем 
алшақтап, не мүлде белгісіз жағдайға жеткен жасырын, яғни идиомаланған 
күрделі заттық ұғымды білдіретін атаулар: 
алтынкүрек
(жел), 
сарыатан
(шілде), 
сегізкөз 
(анат), 
кемпірауыз
(құрал) т.б. – заттың күрделі атауларының 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет