45
да көре аламыз. Мысалы,
Тар қолтықтан оқ тисе, Тарыққанда қайрылар
Қарындасым
менде жоқ,
− (Махамбет).
Жайыңды білген
қарындас,
ол
қарындас
әм жолдас
(Шалкиіз).
Мәселен, қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігінде «қарындас» сөзі зат есім
ретінде көрсетіліп, оған қысқаша түсініктеме берілген:
Қарындас
−
зат. жасы
кіші әйел жынысы ағасына қарындас болады
[69, 319 б.].
Қазіргі баспа беттерінде кездесетін «қарындас» сөзі жоғарыда көрсетілген
мағынада қолданылған. Мысалы, 2006 жылғы «Ана тілі»
газетіндегі мына
үзінді осының айғағы:
«Қарындасын
зорлықтан құтқарған қос қыранға
«Атамекен холдингі» құрмет көрсетті». Газетімізде жарияланған «Қазақтың
қос қыраны қарындасын қаныпезер зорлықтан құтқарып қалды» деген мақала
талай қазақтың намысын оятатынына, ашу-ызасын тудыратынына күн
сайын көзіміз жетуде. Оған редакцияға келіп жатқан хаттар мен соғылған
телефон қоңыраулары куә
[86, 1 б.].
1999 жылы «Дайк-Пресс» баспасынан жарық көрген «Қазақ тілінің
сөздігінде» осы түбірге қатысты үш түрлі мағынасы көрсетілген:
І
Қарындас
–
зат. бірге туған ағасынан жасы кіші қыз;
ІІ Қарындас
–
жасы үлкен адамның
айтатын қаратпа сөзі;
ІІІ Қарындас
–
көне. ағайын-туған, бауыр
[68, 384 б.].
Көне түркі тілінде, ежелгі қазақ тілінде, қазіргі кейбір түркі тілдерінде бұл
түбір
«туысқан, бір тектен шыққан адамдар» мәнін білдіреді.
Дегенмен,
қарындас
сөзінің о бастағы
«ағайын, туысқан»
мағынасы − өткен ғасырда қазақ
тілінде
жоғала бастаған құбылыс, оның орнын соңғы мағыналар ығыстыра
бастады да,
қарындас
варианты осы күнгі
«бірге туған кіші қыздың ағасына
туыстық қатынасын»,
болмаса
«жасы үлкен ер адамның әйел балаға
айтатын қаратпа сөзін»
білдіріп, мағынасы тарылған. Ал, ақындар
шығармаларындағы «қарындас» сөзінің «ағайын, туысқан» мағынасы мақал-
мәтелдерде сақталған. Мысалы, «Ауру – астан, дау –
қарындастан»,
«Қарындасың
жоқ болса, жауда қалар жалғыз бас».
Жоғарыда келтірілген
деректерде «қарындас» аталымының ортақ белгісі
туыс адамға қатысты
айтылуы
негізгі уәж болған.
Осы сияқты
Нұртуған шығармасындағы
Достарыңызбен бөлісу: