Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар



Pdf көрінісі
бет51/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   393
Байланысты:
жыр әдеби тил

ішкі 
мағыналық құрылым
 
– негіз, 
уәжділік 
– көнерген аталымның туынды 
мағынасын қалыптастыратын үрдіс, ол – сөзжасамның нәтижесі. 
- ішкі мағыналық құрылым – кез келген көнерген аталымның жүйелі 
сипаты. Уәжділік сөзжасамда қосымша сипат алады, яғни уәжділік бірде бар, 
бірде жоқ. 
- көнерген аталымдардың уәжділігі – ішкі мағыналық құрылым мен 
мағынаның арасындағы арақатынастың нәтижесі. 
-
көнерген аталымның уәжділігі синхрония құбылысы, ал ішкі мағыналық 
құрылым – тілдік бірліктердің түптөркінін (этимонын) ашуға мүмкіндік 
жасайды. 
- көнерген аталымдардың ішкі мағыналық құрылымындағы уәжділік 
негіздің тасалануынан, мағыналардың күңгірттенуінен, өшуінен метафоралану 
арқылы көнерген аталымдардың жаңа мағыналары пайда болады. 
Ақын-жыраулар шығармаларындағы көнерген аталымдардың мағынасы 
мен қызметі жағынан сараланбай жұмсалғандығы байқалады. Мысалы, 
экономикалық және әлеуметтік тәуелді топтарды білдіретін аталымдар – 
кедей, 
жарлы, байғұс
сөздері мағына жағынан бір-бірінен ажыратылмаған 
синонимдер. Ал қазіргі нормамызда соңғы сөз 
бейшара, мүсәпір, сорлы
сөздерінің синонимі ретінде танылады. Сол сияқты 
бай, бек, батыр
сөздері де 
әрі тура мағынасында, яғни терминдік мәнде, әрі жалпы аталым ретінде 
қолданыла береді. Нұртуған мен Ерімбет шығармаларының тілінде синоним 


48 
болып жұптасатын мәндес сөздер тобы, яғни синонимдік қатар молынан 
кездеседі. 
«Сөз мағынасында әр тілдің өзіндік ерекшелігі мен өзіндік бояуы, ұлттық 
сипаты болады. Сөздің мағыналық жағынан дамуына сыртқы себептер де, ішкі 
себептер де ықпал етеді. Әсіресе сөз мағынасына ішкі себептерден гөрі сыртқы 
себептер көбірек әсер ететіндігі байқалады. Сөз мағынасының ішкі 
(лингвистикалық) өзгерістерінің бір себебі, жаңа сөз немесе жаңа мағына сөздік 
құрамға келіп қосылғанда, бұрыннан тілде бар сөздердің мағыналарымен өзара 
қарым-қатынасқа түсіп, солармен синонимдік байланыста жұмсалады»
[58, 85 б.]. 
Ғалым Ғ. Қалиев пен Ә. Болғанбаев еңбегінде: «Тілдегі синонимдік қарым-
қатынастар әрдайым үздіксіз өзгеруде, дамуда болады. Әсіресе сөздің 
мағыналық жағынан болған өзгерістері синонимдердің арасынан айқын және 
тез байқалады. Қоғам өміріндегі әрбір тарихи оқиғалардан кейін бір жағынан 
кейбір синонимдік қарым-қатынастар бұзылып өзгеріп жатса, екінші жағынан 
бұрын-соңды тілде өмірбақи болып көрмеген жаңа синонимдік құбылыстар 
туып жататындығын аңғарамыз. Сондықтан синонимдер тарихи өзгеріп 
отыратын семантикалық категория деп танылады» − деп тұжырымдайды
[67, 108 б.]. 
Ғалым Б. Қасым күрделі атаулардағы синонимдік қатар туралы 
қорытындылай келіп: «Күрделі атаулардың мағыналық жағынан даму 
нәтижесінде жаңа синонимдік қатарлар түзіліп, лексикалық қордың баюына өз 
үлесін қосуда. Тілдегі синонимдер де – қоғамдағы құбылыстардың өзгеруіне, 
жаңғыруына орай мағыналық жағынан дамып, жетіліп қалыптасатын атаулар. 
Тіпті, қолданыс қызметінде де маңызды қызмет атқаратындығын да айтып 
өтеді» [36, 71 б.]. 
Синонимдер тілдің кемеліне келіп, қаншалықты жетілгендігін, оның 
образдылығы мен дамығандығын көрсететін көрсеткіш деп есептеледі. 
Адамның ойлаған ойын, көңіл-күйі мен көзқарасын нақты әрі көркем түрде 
жеткізу 
үшін 
синонимдер 
айрықша 
қызмет 
атқарады. 
Ақындар 
шығармаларының тілінде ерекше көзге түсетін нәрсе − көнерген аталымдарға 
негізделген синонимдердің молынан қолданылуы. 
Айталық, синонимдерді таңдауда олардың сол мәтінде алынған қатары 
айтарлықтай экспрессивті немесе көбіне поэтизм болмауы да мүмкін, бірақ 
белгілі бір стильдік мақсатпен келгенде, синонимдердің дәл сол таңдалған 
варианты ұтымды болып табылады. 
Сыр бойы ақындары Нұртуған мен Ерімбет синонимдерді таңдауда нағыз 
ұтқырлық танытқан. Тұлғалары бөлек, мағыналары жуық сөздер болып 
табылатын синонимдер – поэзия тілінің ең бір қажетті құралы. Синонимдік 
қатардағы сөздердің таңдап алу ақынның айтпақ ойын (идеясын) дәл беру, 
ұсынбақ образды әсерлі етіп шығару сияқты шарттарды жүзеге асырады. 
Ә.Болғанбаев синонимдерді қолданудың негізгі тәсілдерін көрсетеді [87, 6-9 б.]. 
Сол тәсілдерді негізге ала отырып, ақындар шығармаларында кездескен 
синонимдік қатардағы көнерген аталымдар қолданысы былайша анықталды: 


49 
1
 
Синонимдер контексте мағыналық контраст деп аталатын кереғарлық 
мән тудырып, оның оқырманға тигізетін әсерін – экспрессиясын күшейту 
арқылы стильдік жүк арқалайды. Ақындар шығармаларының тілінде алдыңғы 
сөйлемде немесе қатар тұрған мәтінде бір рет пайдаланған көнерген аталымды 
қайталамас үшін қолданылады. 
Ісіне өзі қылған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет