Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар



Pdf көрінісі
бет56/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   393
араб
және 
парсы
сөздері. Бұрыннан қазақтың жалпы халықтың тілінде қалыптасқан шығыс 
сөздерін Нұртуған мен Ерімбет жатсынбай, еркін қолданады. Олар дінге, оқу-
ағартуға, өнер-білімге, әкімшілікке, сауда-саттыққа қатысты болып келеді. 
Араб-парсы сөздерінің басым көпшілігін, жалпы халықтық тілдегі сияқты
ақындарда да дерексіз ұғым атаулары құрайды 
(кәр, ағзам, әзел, әмір, ғапыл, 
ғамкін, ғиззат, ғибрат, ғинаят, ғұзыр, дат). 
Екі ақынның да лексикасының бір 
ерекшелігі – мұнда қазақ тіліне енбеген араб-парсы сөздерінің де 
қолданылатындығы. 
«Араб-парсы тілдерінен ауысқан сөздерді шамамен болса да дәуірлеу 
қиын», − [88, 27 б.] дейді «Дала уәләятының» газетінде. Бірқатар тіл тарихын 
зерттеушілер бұл тілдерден сөз ауысуды орта ғасырлардан басталады деп 
айтады. «Шындығында да, қазақ тіліндегі көптеген араб-парсы сөздерінің қазақ 
тілінің фонетикалық заңдылығына әбден бағынып, қазақтың байырғы сөз, 
қосымшаларымен жымдаса кірігіп, басқа тілдік қасиетін жойып кетуі – 
олардың талай ғасырды басынан кешіргендігінің айқын айғағы сияқты. Екінші 
жағынан, бірсыпыра дінмен, оқу-жазумен байланысты сөздердің кейінде яғни 


53 
ХVІІІ–ХІХ ғасырларда реакциялық бағыттағы панисламизм қозғалысы 
дәуірлеп тұрған кезеңде кіргені байқалады» [89, 169 б.]. Аталған ақындар 
шығармаларының құрамындағы кірме сөздердің мол қабатын 
араб
пен 
парсы 
тілдерінің сөздері құрайды. 
Ақындар шығармаларында кірме көнерген аталымдардың қабатын 
монғол 
тілінен
енген сөздер құрайды. 
Монғол тілдерінен
қазақ тіліне сөздердің 
енуінің өзіндік себебі бар. Бұған ең алдымен екі халықтың ғасырлар бойы 
көршілес тұрып, бір-бірімен тікелей қарым-қатынас жасауы себеп болған. 
Сонымен бірге ХІІІ ғасырда монғолдардың Қазақстан және Орта Азия жерін 
жаулап алып, ол жерлерде Шыңғыс әулеті билеген ұлыстар мен ордалардың
үстемдік етуінің әсері тиген. Тіпті қазақ хандығы құрылған ХV–XVIII 
ғасырларда да монғолдармен тегі бір Жоңғар қалмақтары (олар тарихи 
деректерде ойрат тайпаларынан тұратын батыс монғолдар деп аталады) қазақ 
жеріне үнемі шапқыншылық жорықтар жасап отырғаны тарихтан белгілі. 
Нұртуған мен Ерімбет шығармаларында моңғол тілінен кірген қазіргі 
лексикамызда көне сөз болып табылатын сөздер негізінен әкімшілік, ел билеуге 
байланысты: 
ұлыс, нөкер, жасақ, жарлық, көбе, баһадүр, ұғыл, жасауыл, 
жарлық, садақ
т.б. 
Нұртуған мен Ерімбет лексикасында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет