дабысынан
патша сасып,
Тыпырлап тұра алмады бедеу атша.
«Алдынан амал қылып жібермесе,
Қоймас,– деп,− өзі келіп, өзі шапса?!
[E.К]. Мұнда бірде ашық, бірде қысаң
дауыстылармен айтылатып, сәйкестік түзіп тұрған
дабыс
(дауыс) сөзі.
Қазақ жазба дүниесінде ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы, әсіресе
соңғы ширегіндегі араб-парсы сөздерін түпнұсқаға жуықтатып жазу
орфографиялық норма болды. Демек, көптеген араб-парсы сөздерінің, әсіресе
арабизмнің қазақ тілінде сыртқы тұлғасы жағынан дублеттік қатар түзіп
(өмір/ғұмыр, ғылым/ілім, әріп/харіп
сияқты
)
қолданылуы ХІХ ғасырдан
басталды деуге болады. Мұның ізі бүгінге дейін жалғасып келеді.
«Басқа тілдерден келген аталымдарда негізгі фонемалар варианттық
(дыбыстық, тұлғалық) өзгерістерге түскенде, сөздің бастапқы мағынасын
68
бұзбайды, яғни бір сөздің бірнеше дыбыстық сыңарының тұлғасы ұқсас, тең
түбірлес, бір мағыналас морфема қалпы сақталады. Осылайша, сөздің
дыбыстық жүйесінің өзгеріп, даму заңдылығынан сол сөздің жарыспалы
сыңарлары пайда болғандығын шығармаларда кездестіреміз» [107, 8 б.]. Бұл
пікірді ақындар шығармаларындағы көнерген аталымдардың қолданылу
кезіндегі фонетика-семантикалық ерекшеліктерінен аңағаруға болады.
Нұртуған мен Ерімбет ақындар өмір сүрген тұста араб-парсы сөздерінің
фонетикалық көп варианттылығы одан әрі көбейе түскені байқалады. Бұрыннан
халық тіліне сіңіп, бір вариантта қалыптасқан сөздердің өзі бұл кезде екінші
вариантқа ие болды. Мысалы,
ақыл – ғақыл, әділ – ғаділ, әдет – ғадет, адал –
халал, арам – харам, кәріп – ғаріп
деген аталымдардың екінші сыңарлары – ХІХ
ғасырдың ІІ жартысының жемістері. Бұған себеп болған фактілердің бірі қазақ
даласында кітап шығару ісінің күшеюі болды. Қазақ тілінің сингармонизм
заңының сақталмайтындығы, басы артық әліп таңбасының дауыстыдан
басталған сөздерде қосақтала жүретіні немесе қазақ сөзі басындағы
ж
дыбысын
й-
дыбысымен беру т.б. сияқты араб-парсы сөздерін бұзбай өз тіліндегінше
жазу дағдысы да ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың алғашқы 20-жылдарындағы араб
графикасын пайдаланған қазақ жазуының бір дәстүрі (ережесі) болатын. Оның
үстіне қазақ тіліне бұрын еніп, фонетикалық жағынан қазақыланып кеткен
сөздердің өзі Нұртуған мен Ерімбет шығармаларында түркі тілдеріне
жақындастырылып берілген. Сонымен қатар ақындар шығармаларында сөз
варианттылығын байқауға болады. Сөз варианттары дегеніміз дыбысталуы,
мағынасы бір-біріне жақын, тілде жарыса қолданылатын, шыққан тегі бір
сөздер.
Шеттен кірген сөздердің кейбіреулері басқа тілге ауысып келгенде, екі
одан да көп вариантта айтылады да, жүре-жүре сол варианттардың әрқайсысы
әртүрлі мағына алып, бір-бірінен сараланып бөлініп, өз алдына дербес сөз
болып қалыптасады.
Ақындар өмір сүрген тұста қазақ тіліне араб-парсы тілдерінен ауысқан
көптеген сөздер бірнеше вариантта айтылып келген болса, қазір сол варианттар
жеке-жеке сөз болып, дараланып бөлінді. Ақындар шығармаларында бірнеше
сөздердің мынадай варианттары кездесті:
уәде – уағда, мұрсат – пұрсат, құзыр
– ұзыр, құрмет – үрмет/һүрмет, мақсат – мақсұт, тәрбие –
тәрбия/тәрбият, дыбыс – дабыс, құдай – құда, мұқтаж – мүтәж, ұл – ұғыл,
мәлім – мағлұм, барша – бәрше, лайық – лайқат, байтақ – пайтақ, қазына –
қазине, ұлан – ұғлан, егер – мәгәр, қате – қата
т.б. Мұндағы бірінші қазіргі сөз
қолданысындағы аталымы берілген, екінші ақындар шығармаларындағы
аталымы көрсетілген. Бұларда мағына бір болғанмен, сөзде дыбыстық
өзгешеліктердің әсерінен әртүрлі вариантта жазылған. Нұртуған мен Ерімбет
шығармаларының тілінде шеттен кірген сөздердің әртүрлі вариантта
қолданылуы кездеседі. Мысалы,
Атымтай мұны естіп тұрады орнынан,
Таниды
ғақылы
барлар сөз формынан
[E.К].
69
Омар ол
Достарыңызбен бөлісу: |