71
Бір ішкен не болады мейірің қанып?!
[Е.К].
Келтірілген мысалдардағы
«әзелде»
көнерген аталымының құрамындағы
з
дыбысының
у
дыбысына ауысуы арқылы қазіргі тіл қолданысында «әуелде»
сөзі пайда болып, ол
алғашқы кезде, о бастан
деген сөздермен синонимдік
қатар түзеді.
Нұртуған Кенжеғұлұлының «Адамгершілік туралы» нақыл-өсиет өлеңінде
«кішік»
сөзі қолданылған:
Базбіреу қолда барды ұқсата алмай,
Қуартып кенезесін шөл етеді.
Өнерлі, білімді жан
кішік
келіп,
Көңіліңді ақылымен көл етеді
[Н.К.Іт].
Ал, «Жер жүзі жеткілікті кім біліпті» өлеңінде:
Бұлардың біреуі артық, біреуі кем,
Нашары мықтысынан қорқып-бұқты.
Осындай адамзатта түрлі-түрлі,
Таланды
, кейбіреуінің ақылы көп-ті
[Н.К.Іт], − деген шумақта «таланды»
сөзі қолданылған. Сонымен қатар ақынның «Мәулімнияз-Едіге» дастанында,
Сәтемірдің Құттықияға жазған хатында:
«Болғай» деп баласының өмірі ұзақ
Бара-бар тілегім де шаһыбазға.
Ер жетіп, болсын
ұлық,
мақсұты асыл,
Қол бастап шыққын ұлың дау-дамайға
[Н.К.Іт], − дейді. Ал, «Ерімбет пен
қыз Жекей» айтысында Ерімбет:
Мен Мәскеуден пұлы қымбат алдым барқыт,
Сен Бұхардың бұйым дейсің
бояқ
бөзін.
Білмесең асыл жайын, ау, құдаша,
Ойылсын Қартбайменен екі көзің!
[E.К]
–
дейді. Бұл үзінділердегі
кішік,
ұлық,
таланды, бояқ
сөздерінің «кіші», «ұлы», «бояу» сөздерімен түбірлес
екені айқын. Бұл түбірлес сөздердегі ұғым бір-біріне сайма-сай тек көнерген
аталымдардың тұлғасынан дыбыстық өзгешеліктерді ғана байқаймыз. Мұндай
көнерген аталымдарды
Достарыңызбен бөлісу: