Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар



Pdf көрінісі
бет76/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   393
Байланысты:
жыр әдеби тил

мәулімнен,
Шаруаға бөз артық
[Н.К.ІІт]. 
Он қыздың олжабасы – 
ханның қызы, Кигені бәрінің де ылғи 
құлпы
[Н.К.ІІт]. 
Қараүлектей қартыңның 
Үстіне жапты 
жанатты
[Н.К.Іт].
Мен Мәскеуден пұлы қымбат алдым 
барқыт
[Е.К].
 Жүз нарға 
парша, мәулім
 артты бәрін
[Е.К]. 
Нұртуған ақын тілінде 
асыл, үлкен кілем 
мағынасында 
«қалы кілем» 
тіркесі кездеседі. Мұндағы 
қалы
парсы тілінде 
гали
(ковер) кілем [83, 377 б.] 
дегенді білдіреді. І. Кеңесбаев: 
қара нар, қалы кілем
– бұрынғы уақытта 
құрметті үлкен сыйлық, тарту ретінде «қара нар», «қалы кілем» берген. «Қара 
нар, қалы кілемді» айыбымыз деп, айып ретінде де берген. «Үлкен кілем» 
дегенді азербайжан тілінде 
«қалы»
дейді. Жүннен тоқылған жақсы кілемді 
қырғыз тілінде 
«қалы кілем»
дейді. Қазақ тілінде бұл асыл, үлкен кілем 
мағынасында қолданылады. Нар түйенің, малдың асылы, үлкені – қара нар; 
дүниенің, мүліктің асылы, үлкені – 
қалы кілем
.
Қалі 
парсы тілінен ауысқан 
[17] деп түсіндіреді. 
Ақындар тілінде де «қалы кілем» 
асыл, бағалы үлкен кілем
мағынасында 
қолданылады. Мысалы, 
Бәйбіше шығушы еді аппақ үйден, Мамырлап ана 
қаздай, басып кердең. Түрікпен бау алты қабат, ақ текемет, 
Қалы кілем
 орын 
алатын ылғи төрден
[Н.К.ІIт]. 
Ақындар шығармаларында патшалықтың символы ретінде «тәж» сөзін 
молынан қолданады. 
Тәж
− патша мен ханның жоғары мәртебелі белгісі 
ретінде киетін дәстүрлі бас киімі 
[94]

Парсы тілінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет