т дыбысының
й - ға алмасуы арқылы «
батрақ», «байрақ» болып өзгерген. Сонымен қатар түркі тілінде
д дыбысының орнына
й келетіндігі бұрыннан белгілі. Мысалы, көне түркі тілінде
адақ аяқ (нога) дегенді білдіреді [110, 89 б.]. Егер
я дыбысының
йа екендігін ескерсек,
д/й дыбыстарының ілік шатыстығы анық байқалады. Сол сияқты
д мен
т дыбыстарының бір сөз ішінде параллель, қатар қолданыла беретінін қазақ
тілінен де
(дүз – түз, дұзақ – тұзақ) байқауға болады.
Осы сияқты қазақ тілінде жалпы еріндік
б мен
п дыбыстары етістік
негізден өткен шақ көсемше жасалғанда дауыстылар арасында сонор
у дыбысына ауысатыны белгілі. Нұртуған мен Ерімбет шығармаларында бұған
қоса есім негіздегі
б мен
п дыбыстары
у- ға
, ә -нің
е- ге ауысатыны байқалады.
Бұған мысал ретінде ақындар шығармаларынан үзінді келтіруге болады:
Жанқожа жаулық қылды ғайыр дінге, Кеуірдей халық дұшпанын зар жылатқан. Ол ердің рухына жүз мың рахмет, Исламның қамқоры үшін қылыш тартқан [E.К].
Қайраты елге паш жігіт, Кеуірменен қас жігіт, Мұсылманмен дос жігіт, Сеніп едің өзіңе?! Қалмақтың бұзып қаласын, Неше аттандың кеуірге?! [Н.К.Іт].
Мұндағы
«кеуір» сөзінің ақындар өмір сүрген тұстағы мағынасы
дінсіз, діннен шыққан деген ұғымды білдірсе, қазір «е»-нің «ә»-ге, «п»-ның «у»-ға
алмасуынан пайда болған
кәпір сөзі
жаны қаламайтын адамға немесе
нәрсеге теліп айтылады.