«байтақ» сөзі.
Байтақ − сөздікте екі мағынада: 1)
ұшы-қиыры жоқ, кең; 2)
ел, жұрт, хандық деп көрсетіледі
. Екі ақынның да шығармаларында
б дыбысының
қатаңданып
п болып айтылуы, яғни
байтақ сөзімен қатар
пайтақ түрі де
кездеседі:
Әлейкум ассалаума, алдияр хан, Тәрк етпес өміріңді ешқандай жан. Байтаққа патша болып тұрсың ханым, Өзіңнің адал кәсіп, тәрбияңнан [Н.К.Іт].
Он алтыншы ғасыр басында-ай Пайтағын билеп Балыхтың, Көңілінен шығып халықтың, Өртеген жауын жасындай [Н.К.ІІт].
Жоғалмас көптің оғы Қырымға атқан, Жалғыздық таппақ қиын жай садағын. Бағында сайрар бұлбұл, көлде бақа, Мінбесе, кірмес күші, хан пайтағын [E.К].
Мұндағы
пайтақ деп отырғаны –
белгілі бір мекендегі белгілі бір ел, яғни кішігірім хандық. Бұл сөз қазірде қолданылатын
байтақ ел, жұрт деген
тұрақты тіркестердің қалыптасуына себепкер болған. О баста
байтақ ел, байтақ жұрт деген жеке сөздердің баламасы ретінде жұмсалған. Келе-келе
байтақ сөзінің алғашқы мағынасы күңгірттеніп, «кең, ұшы-қиыры жоқ» деген
мәнге ие болып қалған:
байтақ дала – кең дала,
байтақ өлке – кең өлке, ұлан
байтақ [28, 42-43 б.] деп айтады ғалым Р. Сыздық.
Сонымен
қатар Нұртуған шығармаларының басым бөлігінде жылқы
малының өзіндік қасиетін суреттейтін тұстары молынан ұшырасады. Солардың
бірі жылқы түрі –