Жауырын солай айтып тұр, Күн шыға тырнақ іледі. Көрінеді оның да, Жауырыншысы жанында [Н.К.Iт].
Негіз сөз дегеніміз – туынды сөзді жасауға негіз болатын лексикалық
мағыналы сөз. Ақындар шығармаларындағы
керуенші, баршы ,
атқосшы ,
қазынашы, жауырыншы ,
қосшы ,
жолшы тәрізді туынды түбірлердегі негіз
сөздер
керуен, бару ,
ат ,
қазына, жауырын ,
қос ,
жол . Жалпы туынды түбір
атаулының бәрінде осы заңдылық сақталады.
Бұл жұрнақтың қазіргі баспа беттерінде кездесетін жаңа сөзжасамдық
үлгілері де баршылық. Мысалы,
Бұл ең әуелі дағдарысқа төтеп берер экономика қалыптастыру, өндіруші мен өңдеуші салаларды теңестіру, инфрақұрылымды түзеу, елдегі әр адамның әл-ауқатын жақсарту. Бұл бағдарлама аясында батыстық жобаға бейімделген 30 көшбасшы компания құрылды [112, 4 б.].
Ақындар шығармаларында туынды түбір негізінде
синтетикалық тәсіл арқылы жасалған
«жасауыл» сөзі кездеседі. Мысалы, Қалипа Мүсілімді «бері
шық» деп ордадан шығарып алды. Ордадан шығарып алып:
«Бұған өкпелейтін орнымыз жоқ еді. Ашуы басылсын деп босқа өкпелеп отыр едім. Сен енді мына жасауылмен ноғайлыны жинап ал. Тақтың ықтияры менде болса, мен мына Қарасайға берем» − деді [Н.К.Іт]
. Мұндағы
жасауыл сөзінің түбірі –
жаса шағатай тілінде жаса (яса) «патшаның», ханның бұйрығы, заңдар жинағы»
ұғымында қолданылған да, ал сөз соңындағы
-уыл әскери атақты білдіру үшін
жалғанатын жұрнақ [113, 297 б.]
. Бұл жұрнақтың қызметі арқылы жасалған
сөздердің қазір орысша пайдаланып жүрген біршама сөздерге балама әскери
термин бола алатындығы жөнінде ғалым Ә. Қайдаров көрсеткен. Мысалы,
айдауыл, бекеуіл, барлауыл, тежеуіл, торғауыл, тосқауыл, тоқтауыл, сайдауыл бір сөзжасамдық үлгідегі сөздер
. Мұндай ұтымды, төл сөзімізге өте
жақын келетін қолданыстарды сөзсіз тәжірибеге, қолданысқа енгізуге
болатындығында дау жоқ. Негізіне келгенде, мәселе оның белсенді түрде
насихатталмайтындығында сияқты.
Ерімбет пен Нұртуған шығармаларында қазір көнерген аталым ретінде
қалыптасқан, синтетикалық тәсіл арқылы жасалған