Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар



Pdf көрінісі
бет86/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   393
Байланысты:
жыр әдеби тил

жабы.
Мысалы, 
Жабы 
емес, шылбырыңды іркетін кез, 
Жеріңе ойыңа алған жеткізер тез. 
Бар міні тал бойында, байқағанға – 
Ат тепкен сағағыңда үріккен без
[Н.К.Іт]

Дүние сен тозбайсың жан тозады, 
Бедеуден күйі түссе, 
жабы
 озады. 
Ақымақтың ақылына қарап тұрсаң, 
Ылдида тұрып өрге қол созады
[Н.К.Іт]

Жабы 
− жылқының ең нашар тұқымы, қазақы жылқы.
Парсы тілінде 
йам
және 
йаме
– 
почта тартатын жұмыс аты
дегенді білдіреді [83, 602 б.]. 
Дыбыс алмасуының салдарынан 
й
-дың 
ж
-ға, 
м
-ның 
б
-ға, 
е
-нің 
ы
-ға ауысуының 
негізінде, парсы тіліндегі 
йаме 
қазақ тіліне ауысқанда 
жабы 
болып 
қалыптасқан. 


74 
Нұртуған мен Ерімбет толғауларында өлең жолдарының біркелкі дауысты 
не біркелкі дауыссыз дыбыстардан басталатын сөздерден құралуы – ертеден 
келе жатқан кәнігі тәсіл. 
Т
абаны жерді ілмейді! 
Т
абанының таңлағын 
Т
ек аспанға тірейді! 
Т
іктеліп құйрық суылдап, 
Т
ірсегіне тимейді. 
Т
ікірейіп жалы таралып
[Н.К.ІІт], 
Қ
алаңа ойран саламын. 
Қ
арсы келген батырды 
Қ
ылышпенен жарамын. 
Қ
алай-қалай сөйлейсің?! 
Қ
ай сөзіңе нанамын?! 
Қ
ыз екен деп қызбаймын
[Н.К.Іт]. 
 
Б
ірақ бір күші фазылымен пәруардігәр, 
Б
ұл себеп – падишамыз ғой жаратқан! 
Б
ұл сегіз төрт есіммен түгелденер, 
Б
олған соң жұбынан төрт бұл сипаттан
[E.К]. 
О
йласаңдар білімнің 
О
рын алған төрінен. 
О
ндай болған жан қайда, 
О
л жаралған жан еді
[Н.К.Іт]. 
Бұл жерде біркелкі ұйқас буындардан гөрі, біркелкі дыбыстардан 
басталатын сөздердің тармақ басында қатарынан келуі жиірек, демек, 
аллитерация мен ассонанс құбылысы көзге түседі. Бұл тәсіл өлеңнің үнділігін 
(музыкалылығын) күшейтумен қатар, сөз таңдауда, демек, әдеби тіл лексикасын 
түрлендіріп отыруда үлкен рөл атқарады. 
Р. Сыздықтың еңбегінде: «Өлең тармақтарының біркелкі дыбыстардан 
басталатын сөздермен құрылуы – біздің күндерімізге дейін жеткен, қазақ өлең 
техникасының ұтымды көне тәсілдерінің бірі [77, 98 б.] деп көрсетіледі. 
Ерімбет пен Нұртуған шығармаларының тілінде айтылатын ойдың 
әсерлілігін арттыру үшін сөз басында қайталанып қолданылатын дыбыстардан, 
сөздер мен сөз тіркестерінен, синтаксистік құрылымдардан жасалған 
стилистикалық фигуралардың түрі кездеседі. Мысалы: 
Мін
 емес біліп айтқан менің сөзім, 
Мін
 айтқан әуел бастан сенің өзің
[E.К]. 
Бір анадан
 екі едім, 
Бір анадан
 үш едім, 
Бір анадан
 он едім
[Н.К.IІт]. 


75 
Біреуді
 жоқ, біреуді Алла бар қылады, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет