экономикалық- әлеуметтік жағдайын ақсатқан ипотекалық дағдарыс бізді де орағытып өтпеді» [112, 3 б.] Келтіріліген мысалдардағы
төрелік, үлескерлік, экономикалық, ипотекалық сияқты туынды сөздердің жаңа мағынасы
төре, үлескер, экономика, ипотека сөздерінің негізінде жасалған, сондықтан олар негіз сөздер
деп аталады. Сонымен туынды сөздің негіз сөзі болатын лексикалық бірліктер
туынды мағына жасау үшін қажет.
Қазақтың байырғы төл лексикасының құрамындағы жалпытүркілік сөздер
мен негізгі сөздік қордан тыс мол қабаты тіліміздегі тарихи тума сөздермен
байланысты. Мәселен, сөзжасамның
синтетикалық тәсілі арқылы зат
есімдердің жасалуында тарихи өнімді жұрнақтардың қатарында
-шы/-ші жұрнағы жалғану арқылы туған зат есімдер. Мысалы,
Әнжі хатты күнде қатынап жүрген керуеншілердің бірінен беріп жіберді [Н.К.ІIт].
«Бұрынғы Мамайдың қарамағындағы жер ғой» деп, жан-жағына баршы салдырған еді [Н.К.ІIт].
Бес қаруын сайланып, қажетінше қол алып аттанған бұларға Ысмайыл атқосшы болып барды [Н.К.ІIт].
Бұйырды патша сонда қазынашыға: «Қазынадан он мың тіллә алып кел!» деп [E.К].
Едіге баласына қарға бұтты Қаразбанды берді. Қасына қырық кісі ертті. Басшы қылып жауырыншы Ақпан дегенді қосты [Н.К.Iт].
Сонан соң отыз адам түсті бәрі, Жүреді ат жетелеп қосшылары [Н.К.IІт].
Жоқ жоғалтқан жолшы едім, Бағып жүрмін малыңды [Н.К.Iт]. Мұндағы
керуенші (керуенді жүргізетін адам),
баршы (барған жерін шолып қайтатын барлаушы, торушы),
атқосшы (біреудің
қасына еріп жүретін атын күтуші, атшы, жәрдемші),
қазынашы (қазынаға
жауапты адам),
жауырыншы (қазіргі сөйлеу тілінде «оққағар»),
қосшы (жұмысшы, көмекші),
жолшы (жолда жүрген адам, жолаушы)
т.б. тудырушы
негіздері бірыңғай зат есімдер, туынды заттық мағыналары нақты кәсіп иелерін
білдіретін мағыналарға негізделген, тудырушы қосымшалары бірыңғай деректі
зат есім тудыратын
-шы/-ші жұрнақтары. Осы жерде айта кететін жайт,
Нұртуған ақын жоғарыдағы мысалда «жауырыншы» деп қолданса, бірде
-шы
79
қосымшасының жасырын күйінде «жауырын» деп қолданады. Мысалы: