ОңТҮстiк қазақстан мемлекеттiк фармацевтика академиясы техникалық және орта кәсіби білім беру факультеті ДӘрігерлердің біліктілігін жетілдіру факультеті жанындағы колледждің стоматология кафедрасы «Тіс техникалық материалтану»



бет3/65
Дата16.06.2023
өлшемі192,7 Kb.
#101792
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Тіс техникалық лабораториясы
Тіс техникалық лабораториясының барлық бөлмелері екі топқа бөлінеді:
Біріншісі, негізгі – жұмыс жүргізілетін дайындаушы бөлме. Бұл бөлмелерде тіс протездерін жасаудың негізгі жұмыстары атқарылады және тістің техникалық лабораториясындағы ауаны ластайтын жұмыстар атқарылатын арнайы бөлімдері бар. Ол бірнеше бөлімдерге бөлінеді: гипстеуші, жылтыратушы, полимерлеуші, құйма бөлімдері, сондай –ақ бағалы металдармен жұмыс жасау үшін арнай бөлімдер де қажер.
Тіс техникалық лабораториясында салқын және ыстық су құбырлары, канализация, орталық жылу жүйесі болу шарт. Ондағы ауа температурасы 16-180С болу керек. Сондай-ақ, негізгі және арнайы бөлімдердің биіктігі 3,5 метр, ал әрбір жұмыс істеуші маманның өндірістік алаңы кем дегенде 13м2 болмау керек.
Негізгі бөлме. Бұл бөлмелерде тіс, бет жақ протездері мен ортодонтиялық аппараттар дайындайды. Бөлмеде тіс технигіне арналған үстел мен орындықтар, сондай-ақ Самсон аппараты, жасанды сауытты штамптауға арналған құралдарорналастырылады.
Тіс технигінің жұмысына қажет құрал саймандар, тіс техникалық және мүсіндеуші штательдер, гипсті кесуге арналған пышақ, металды кесуге арналған қайшы, пинцет, әртүрлі пішіндегі және қолдану мақсаты әртүрлі қысқыштар, сонымен бірге тіс технигі қолданылатын металдан, ағаштан, мүйізден жасалған әртүрлі мөлшердегі балғашықтар, егеуіштер, жалтыратқыш және тегістегіш құрал саймандар болуы қажет.
Гипстеуші бөлме. Бұл бөлмеде мүсіндерді құүю, кюветаға гипстеу, мүсіндерді окклюдаторға және артикуляторға гипстеуді жүргізеді. Сондай – ақ, бұл бөлмеде полимерлеуден кейінгі пластмассалы протездерді гипстен босатады, гипстеу бөлмесінде гипсті сақтауға арналған бункерлер, пресс-аппараттар тұрады.
Полимерлеу процесі кезінде жүретін бөлме. Бұл бөлмеде пластмассадан протездер дайындау, яғни пластмассадан пішіндеу, престеу, полимерлеу жұмыстары жүргізіледі.
Жалтыраушы бөлме. Бұл бөлмеде дайын болған тіс протедерін, бет-жақ аппараттар мен ортодонтиялық аппараттарды өңдеу және жылтырату жүргізіледі.
Дәнекерлеуші бөлме. Бұл бөлмеде протездің металл бөліктерін дәнекерлеу жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет