Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы



бет19/149
Дата13.10.2022
өлшемі1,66 Mb.
#42820
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   149

Қазіргі кезде клиникада ферменттердің белсенділігін анықтау кеңінен қолданылады. Ферменттерді анықтау ерте диагноз қоюға мүмкіндік береді, көптеген жағдайда клиникаға дейінгі кезеңінде аурудың диагностикасында маңызы зор. Мысалы, миокард инфаркты науқасында креатинкиназа(КК), аспартатаминотрансфераза(АсАТ), лактатдегидрогеназа(ЛДГ) ферментте-рінің белсенділігі жоғарыласа, ұйқы безінің науқасында амилаза белсенділігі, ал мешелде сілтілі фосфатаза жоғарылайды,

Ауруларды емдеудің негізгі құралы бұзылған биохимиялық үдірістерге әсер ететін әртүрлі химиялық заттар болып табылады. Мысалы, авитаминоз кезінде науқасқа дәрумендер тағайындалады, ал вирустық немесе микроб тектес аурулар – антибиотиктермен, қант диабеті инсулинмен емделеді т.с.с.

Зақымдайтын факторлардың әсер ету механизмі туралы нақты білім негізінде ғалымдардың бұзылған реакцияларға әсер ететін препараттар мен дәрі-дәрмектер жасауда да биохимияның маңызы зор. Мысалы, сульфанил-амидтік препараттар микроорганизмдердің тек кокк түрінің метаболизміне әсер етеді. Биохимия дәрі – дәрмектерді тиімді қолдануға, кейбір аурулардың молекулалық механизмдерін түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен, биохимия мәліметтерін кеңінен қолданған кезде ғана медициналық ғылым мен практика ойдағыдай дами алады.

Дәрігердің адам ағзасындағы әртүрлі заттардың алмасу үдірістерін білуі оған адамның халіне, яғни денсаулығының күйіне сипаттама беруі зертханалық лаборатория мәліметтеріне тікелей бейімді болады. Зертханалық лаборатория мәліметтері қаншама нақты болатын болса, әртүрлі аурулардың этиологиясын анық білуге, сол кезде жүретін паталогиялық соншама оңайлықпен анықталады. Сол себепті қазіргі кезде клиникалық диагностика лабораториясының (КЛД) қызметін және оның дамыту жолдарын №520, 10.10.1997 ж. бұйрығы негізінде Қазақстан Республикасының 07.07.2006 ж. Конституциясына енгізілген және онда 2005 – 2010 жж жылдарда Мемлекетімізде медициналық білім беру және лабораториялық қызметтерін түптен өзгерту және модеризациялық мәселелері қарастырылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет