Оқу әдістемелік кешен


Қазақ философиясының тарихы



бет37/42
Дата09.02.2023
өлшемі0,55 Mb.
#66417
түріБағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Байланысты:
УМК Философия Ертелеева Р.Б.

7.10. Қазақ философиясының тарихы



  1. Байырғы қазақтардың мифологиялық және алғашқы дінисенімдік түсініктері.

  2. ІХ-ХІІ ғасырлардағы түркі философиясы.

  3. ХY-ХYІІІ ғасырлардағы жыраулық дүниетаным және билер институты.

  4. ХІХ ғасырдағы әлеуметтік философия мен ХХ ғ. басындағы қазақ ағартушылары.

1. Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақтар ғасырлар бойында жазба мәдениеті болмаса да, ауызша әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді. Ал жазба әдебиет пайда болғаннан кейін, бұл мұра өте қарқынмен дами отырып, әр қилы ерекшеліктерге толы күрделі тарихи жолдардан өтті.


Ақындар мен жыраулар, саясаткерлер мен батырлар, хандар мен қолбасшылар, айтыскерлер мен ертекшілер, билер мен серілер – бәрі де өздері өмір сүрген заманның объективті құбылыстарын тілге тиек, ойға өрнек етіп, әртүрлі деңгейде, бірақ жалпы алғанда жартылай даму тенденциясы шеңберінде қазақ халқының қоғамдық-саяси, мәдени, сайып келгенде, философиялық ойлау жүйесінің құрылымын жасады. Олар шынайы реализм, білімнің негізгі жақтары, еркін ойлау, деистік және пантеистік көзқарастар, адамгершілік, ізгілік, имандылық, зорлық-зомбылыққа қарсы күресу, құқықтық, саяси және философиялық жақтары, мемлекет, қоғам, жеке адам мәні, тағы басқалар еді.
Философияның пайда болуының тарихи алғышрты – миф. Бірақ оны философия эпос арқылы өзгерген және жүйелеген кезінде пайдаланды. әрбір заманға байланысты эпос мифтің түрін өзгертіп отырды және сонымен қатар өнер мен бастапқы ғылым элементтерінің әсерімен философияның шығу процесін, оның қоғамдық сананың шығу және жаңа бір түрі ретінде қалыптасуын жеделдетеді.
Белгісіз дүниеге тырысудан гөрі, одан да белгісіздігі мол дүниені танып-білуге ұмтылу, егер де ол дүние тіпті танып-білуге мүмкіндік бермесе, Тәңірге немесе құпия ғаламат күшке сілтеме жасау – мифтің өзіне тән ерекшелігі. Адамға әлеуметтік басқару жүйесін таңып, оны түсініксіздеу әлдебір күштің әсерімен түсіндіру, ғылым мен дамудың барысында оған сенбеушілік пайда болған жағдайда, жеке адамға өзінің дүниеге көзқарасын өзгерту мүмкіндігін жетілдіру – бұл миф пен философияның арасалмағын ажыратудың бір жолы. Ақылмен ой қозғау, табиғаттың өзіне бет бұру, дұрыс көзқарастың қалыптасуы – философияның пайда болуындағы диалектикалық синтез, бастапқы қайшылықтардың шешілу процесі.
Қазақ халқының алғы философиялық дүниетанымының қалыптасуына мифологиялық (қиял-ғажайып) ертегілері, хайуанаттар жайындағы ертегілері, реалистік (тұрмыс-салт) ертегілерінің де әсері өте үлкен болды. Бұл ертегілер өте ерте замандарда адамның табиғат сырын әлі толық түсініп болмаған кездерден туған. Мұндай мифологиялық наным-сенімдер және оның тарихы үнді, қытай, грек, араб елдерінде көбірек сақталған. Ал қазақ мифологиялық әпсана ертегілері кейінірек дүниеге келген болса керек. Бірақ қазақ аңыз-ертегілерінің ой туғызар дүниетанымдық тұстары – олардың адамды бірінші орынға қоя білуінде. Жалпы айтар болсақ көне шығыс пен алғы түрік мәдениетінен нәр алған қазақ аңыз-ертегілерінің көшпелілер рухани болмысымен біте қайнасқан ауыз әдебиеті, фольклор, эпостық жырлар, сал-серілер, ақын-жыраулар шығармашылығы, халық даналығының, қазақ философиясының қайнар көзі, алғы бастауы болды деп айта аламыз.
2. Қазақ тарихындағы алып тұлғалардың бірі – Бұқар жырау Қалқаманұлы шамамен 1668 жылы дүниеге келді.
Бұқардың өмірін тұңғыш зерттеуші Мәшһүр Жүсіптің айтуына қарағанда, Бұқардың сауып ішер малы, мініп-түсер аты да болмайды. Жырау алпыстан асқанша осы жарлы, кембағал халде күн кешеді. Алайда өмірінің соңғы кезеңінде Бұқар жай ғана арқалы жырау, ақылшы аға емес, мемлекет істеріне елеулі ықпал етіп, қабырғалы биге, өз заманының ұраншысына айналады. Жырау бір ғасырдан астам жасап, 1781 жыл шамасында қайтыс болады. Сүйегі Баянауылда, Далба тауының етегінде. Бұқар жырау атанған қария тоқсан үш жасында Абылай ханның алдында жыр толғаған. Сонда Абылай ханға: «Сеннен бұрын жеті ханды жебеледім. Еңсегей бойлы Ер Есім ханға да жолдас болдым. Сен оның түстігіне де жарамайсың», - деген екен. Абылай хан жорыққа аттанбақшы болса, Бұқар жырауды алдырып: «Жұлдызым оң ба?» деп, айдың, күннің сәтін сұрайды екен. «Сары бура келгеннен туыңның түбінде шөгіп, мойнын жерге жабыстырып, жатып алды» десе, аттанбайды екен», - деп Мәшһүр Жүсіп Бұқарды әрі жырау, әрі көріпкел әулие етіп суреттейді.
Халық «Өнер алды – қызыл тіл» десе, Бұқар бұл мақалдың даналығын әбден түсінген адам. Ол сөз өнерінің қиындығын да, құрметтілігін де білген. Сондықтан да жырау:
«Ел бастау қиын емес, шабатын жерден ел табылады. Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргенім жоқ», - деген екен.
Бірде Абылай: «Қазына қайда?» - деп сұрағанда жырау: «Басы жеткен жігіттің екі езуі қазына: бір езуі – алтын, бір езуі – күміс», - депті.
Бұқардың өзі осы қазынаны – сөз өнерін жеріне жете меңгерген еді. «Өз заманындағы жандар бұл кісіні Көмекей әулие деседі екен, - деп жазды Мәшһүр Жүсіп. – Қара сөз білмейді, сөйлесе, тек көмекейі бүлкілдеп жырлай бастайды екен».
Бұқар мұрасынан біздің заманымызға жеткені 1100 жол жыр-толғау шамасында. Бұл, сөз жоқ, жырау туғызғанкөл-көсір жырлардың бір бөлігі ғана. «Бұл кісінің сөзін түгел жазамын деушіге Нұқтың өмірі, Аюбтың сабыры..., Афлотонның ақылы керек», - деген еді Мәшһүр.
Шоқан кітабында келтірген Бұқар жыраудың Абылай қайтыс болғандағы өлеңдерінен үзінді ұсынамыз.
Абылай ажал жастығына бас қойғанда:
Қайғысы ұйқы ұйықтатпаған ханым-ай,
Қайырусыз жылқы бақтырған ханым-ай.
Қалыңсыз қатын құштырған ханым-ай,
Үш жүзден үш кісі құрбан қылсам,
Сонда қалар ма екен қайран жаның-ай?! –
деп зар айтқан Бұқар, әміршісі дүниеден кеткен соң, оның басында отырып жас төгеді, шын көңілімен жоқтайды. Жырау осы ретпен Абылайдың тіршілігінде істеген істерін мадақтай еске алады. Марқұмның ерлігін, салтанатын, байлығын сөз етеді. Бұқардан қалған мұраның ішіндегі ең көркем туындылардың бірі болып есептелінуге тиіс осы жоқтау жыры деп ойлаймыз. Бұқар бұл жерде Абылай хан өмірі арқылы, сол кездегі әлеуметтік-тарихи жағдайларды үлкен философиялық толғаныспен шын көрсете білген.
Қазақ поэзиясындағы философиялық бағыттың негізін салушылардың бірі – Шалкиіз жырау Тіленшіұлының (1465-1560) шығармашылығы, философиялық ой кешу, жыр толғау әдістері ерекше. Ел аузынан жазылып алынған тарихи әңгімелерге қарағанда, Шалкиіз Батыс қазақстанда, Ноғайлының ұлы биі Мұсаның қызынан туыпты. Әкесі Тіленші – қазақ арасындағы көп шонжардың бірі болса керек.
Шалкиіз шығармаларының өзіндік ерекшелігі – ондағы философиялық толғаныстардың молдығы.
Дүниеде тұрақты, мәңгілік ештеңе жоқ дейді жырау. Өмір қысқа екен, бұл жалған басы жұмыр пенденің бәрінен де өтеді екен, демек, осы аз ғұмырды дүниедегі бар қызықты тегіс көріп, думандатып өткізу керек деп, жырау өмір мен өлім мәселесі жайында философиялық толғаныстар жасайды. Жырау өмірдің бар қызығы, бақыты, қуанышы о дүниеде емес, адамның бар бақыты бұл дүниеде екендігін айтып өтеді.
Шалкиіз жырау «Көп түкірсе – көл» деп, елді ұйымшылдыққа, бірлікке шақырады. Оның пікірінше, көптің, елдің қолынан бәрі келеді. Ол жауға айбар, елге қорған дейді. Сондықтан да Шалкиіз жырау: «Жалғыздың тартатұғын жоғы жоғалса – табылмас, рулының оғы қалса – табылар», «Жағаға дұшпан қолы тимеске – артында туысқанның көбі игі», «Белуардан саз кешсең, тобығыңнан келтірмейтін», «қамалаған қалың туғанның арқасы», - деп, ағайынның, туғанның көп болғанын қалайды.
Шалкиіз жырау жамандық пен жақсылық жөнінде де айта келіп, «Көрінгеннің бәрі бірдей емес», «Қырға шықпас жаманның барынан да жоғы жақсы», - деп, адам бойынан үлкен адамгершілік, игілік, тереңдік іздейді.
Жауынды күні көп жүрме,
Жар жағасы тайғақ-ты.
Жаманға жақыным деп сыр айтпа,
Күндердің күні болғанда,
Сол жаман өз басыңа айғақ-ты!
Қорыта айтқанда, Шалкиіз мұралары бізге әлі толық жетпегенмен, оның рухани мұрасы өте бай. Оның өз өнері, дүниеге деген көзқарасы төл ойлау мәдениетіміздің қалыптасуына айтарлықтай ықпал етті.
Шалкиізден кейінгі алып жыраулардың бірі – Ақтамберді жырау Сарыұлы (1675-1768 жж.). Халидидің айтуынша, Ақтамберді – ойраттармен күрес дәуірінде қазақ қолының басында жүрген ауқатты ерлердің бірі. Ақтамберді шығармалары нақыл сөздерге, афоризмдік толғауларға толы. Қазақ халқының болмысы, тіршілік-тынысы, ерекшеліктері, сол кездегі тарихи оқиғалар оның толғауларынан ерекше айқын көрінеді.
Ақтамберді бүкіл ел мүддесін, ру, ата намысы емес, исі қазақтың намысын қуады, елді ерлікке, бірлікке шақырады.
Дұшпаннан көрген қорлығым
Сары су болды жүрекке.
Он жетіде құрсанып,
Қылыш ілдім білекке.
Жауға қарай аттандым,
Жеткіз деп, Құдай, тілекке!
Ақтамберді жырларында көшпелі қазақтардың ой-арманы, мақсат-мүдделері, олардың бар болмысы, ерекшеліктері, дүниеге өзіндік көзқарасы аңғарылады. Бұған жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп» деп басталатын ұзақ толғауы куә бола алады.
Ақтамберді жыраудың айтуынша, қазақ үшін байлық – малда. Ол «Алғидың құба жонына сыймас» ақтылы қой, «көлге түссе, көз жетпес» көк алалы көп жылқы, боздаған даусы күй болып төгілетін сансыз түйе жайлы армандайды, елдің төрт құбыласы тең, үлкен байлыққа кенелуін қалайды. Қазақтар үшін мал асылы жылқы екені белгілі. Жылқының көшпелілер өміріндегі алатын орны жайлы Ақтамберді жыраудай толғаған қазақ ақыны жоқ. Ол – еліміздің ұлттық қасиеттерін, қонақжайлылығын, үлкенді құрметтеу, кішіні сыйлау, әсіресе отбасының сыйлылығын, берекесін дәріптеп өткен ақын.
Ақтамберді жырау тоқсан үш жасында дүние салыпты. Туған жердің топырағын жастанар алдында айтқан толғауында жырау өзінің өмірлік мақсаты орындалғандығына ризашылығын білдіре келіп, «батырларша оққа ұшпай, төсекте жатып тек өлгендігіне» өкінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет