Оқу әдістемелік кешен


ХІХ ғасырдағы еуропалық философия



бет36/42
Дата09.02.2023
өлшемі0,55 Mb.
#66417
түріБағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   42
Байланысты:
УМК Философия Ертелеева Р.Б.

7. 9. ХІХ ғасырдағы еуропалық философия



  1. ХІХ ғасырдағы өмір философиясы және иррационализм.

  2. Маркстік философия және оның құрамдас бөліктері.

  3. ХІХ ғасырдағы жаңарған бағыттар: неогегельшілдік, неокантшылдық т.б.

1. XIX ғасырдың 30-40 жылдарынан бастап көптеген саяси философиялық ілімдер пайда бола бастады, (либерализм, консерватизм, анархизм, ницше ілімі, марксизм, т.б.).


Осы тұжырымдардың ішіндегі әлемдік тарихтың дамуына пәрменді әсер етіп, өзіндік із қалдырған маркстік философия болды. Негізгі өкілдері: Карл Маркс (1818-1883), Фридрих Энгельс (1820-1895), В.И.Ленин (1870-1924). Негізгі шығармалары: «Капитал», «1844 жылғы экономикалық-философиялық қолжазбалар» (К.Маркс), «Табиғат диалектикасы», «Анти-дюринг» (Ф.Энгельс) және «Философиялық дәптерлер», «Материализм және эмпириокритицизм», «Мемлекет және революция» (В.И.Ленин), т.б.
Марксизм материяны түйсіктерімізге тәуелсіз бола тұрып, сол түйсіктеріміз арқылы көшірмесі, бейнесі түсетін объективтік нақтылық деп тұжырымдайды (Ф.Энгельс, В.И.Ленин). Шын болмыс – материя ғана. Оның өмір сүру түрлері – кеңістік пен уақыт. Кеңістік ұғымы – заттардың бір-бірімен қатар және бөлек өмір сүруі, олардың бір-біріне қатысты орналасу тәртібі болса, уақыт материалдық процестер өрістеуінің жүйелілігін, бір-бірінен бөлек екенін, олардың ұзақтығын және дамуын сипаттайтын ұғым. Материяның өмір сүру тәртібі – қозғалыс. Дүниеде қозғалыссыз материяның болмайтыны сияқты, материясыз қозғалыс болмайды. Марксизм қозғалыстың бес түрін атайды: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, әлеуметтік. Қозғалыстың бұл түрлері бір-бірімен тығыз байланысты. Қозғалыстың жоғары түрлері, салыстырмалы алғандағы төменгі түрлерінің негізінде пайда болғанмен де, қалыптасқаннан кейін оларды өзіне қамтиды. Қозғалысқа өзгеру, орын ауыстыру, даму жатады. Сана – жоғары дәрежеде ұйымдасқан материяның, яғни мидың қасиеті. Оның мәні – объективті нақтылықты бейнелеуінде. Демек, сананың мазмұны, қоршаған материалдық денелердің сипатымен анықталады. Материалдық денелер қозғалыстың, өзара әрекеттің негізінде диалектикалық даму үстінде, бір-бірімен байланыста, өзара әрекеттесуде, өзгерісте болып тұрады. Марксизм құбылыстардың ішкі байланысы мен өзара шарттастығын заңдылық деп түсінеді. Заңдылық – жалпыға ортақ әмбебап құбылыс. Оларды танып-білудің арқасында біз ұғымдарда алуан түрлі күрделі әлемдік заттар байланысын бірлікте, тұтастықта бейнелейміз.
2. Марксистер өздерінің дүниетанымдық көзқарастарын тарихты материалистік тұрғыдан түсіндірудің негізі етіп алды.
Маркс «1844 жылғы экономикалық-философиялық қолжазбалар» атты еңбегінде – артынан жалпы марксизмнің өзекті ілімінің бірі болған – адамның жеке меншік үстемдік еткен қоғамдарда өз еңбегінен аластатылуы (шеттетілуі), ал оны коммунистік болашақта жоюға болатындығы туралы идеясын ұсынды. Аластату идеясы бұрын Гегельде таза рухани акт, Фейербахта діннің адамды нақтылы өмірден аластатуы ретінде қарастырылса, Маркс бұл аластатушылықты – екінші қатардағы құбылыстар, ал шын мәніндегі аластатушылық – ол экономикалық аластатушылық немесе аластатылған еңбек деп тұжырымдайды. Аластатылған еңбекті Маркс төрт қырынан қарастырады. Біріншісі, жұмысшылар өндірістік процесс кезінде табиғи материалдарды пайдаланып, өнім алады, бірақ табиғи материалдар да, еңбектің жемісі де оған тимейді, жат болады, себебі алғашқысы еңбек құралы ретінде өмір сүруге қажетті заттар ретінде меншік иесінің билігінде болады. Сөйтіп, олар жұмысшыны өзіне бағындырады. Екіншісі, еңбек процесінің өзі жұмысшы үшін еріксіздікпен тең. Басқаша күн көруге мүмкіндігі болмағаннан кейін, ол өз еркінсізеңбек етуге мәжбүр болады. Ондай еңбектен ол ешқандай ләззат алмайды, бірақ сол жұмыста тапқан табысы арқасында өзінің еңбектен бос уақыттағы жануарлардікі сияқты мақсат-мүдделерін қамтамасыз етуге мүмкіндік алады. Ал оның негізгі адамдық ерекшелігі – еңбектену, одан ләззат алу қасіретке айналады. Үшіншісі, еріксіз еңбек жұмысшылардан оның әулеттік өмірін тартып алады. Шын мәнінде, адам әулетінің өмірін жалғастырушы болып есептелетін еңбек пен өндіріс жұмысшы үшін жалпы адам әулетінің емес, жеке басының өмірін сақтаудың құралына айналады. Осы себептен ол өндіріс пен табиғатқа өзіне жат, қауіпті құбылыстар ретінде қарайды. Демек, олардан «әулеттік өмірдің», адамдық мәннің аластатылғандығы. Төртіншісі, еріксіз еңбек адамдар арасында бірін-бірі аластатушылықты тудырады. Бір жағынан, жұмысшылар еңбек ету мүмкіндігі үшін бір-бірімен бәсекеге түссе, екінші жағынан, олардың еңбегінің нәтижесін иемденгендер де оған жат. Осындай аластатушылық тек жұмысшыларға ғана тән емес, ол – капиталистер арасында да болатын құбылыс.
Егер Маркске дейінгі ойшылдар адамды табиғаттың бір бөлшегі және бағынышты бөлшегі ретінде қарастырса, ол адамды қоғамдық қатынастардың жиынтығы деп қарайды. Адам жай ғана табиғатта тұрмайды, оны қайта жасап, өзгертеді. Осыған байланысты Гегель, Фейербах, т.б. еңбек, практикалық іс-әрекет аластатушылықтың қайнар көзі деп есептеп, адамның мәні ретінде оның мәдениет, рухани саладағы шығармашылық еңбектерін дәріптесе, марксизм бұл проблеманы басқаша қалыптастырады. Табиғат, адамдардың өзін өзгерту тек еңбекке байланысты. Еңбек – практика ретінде, адам табиғатының ең терең негізі және сипаттамасы. Демек, практика барлық рухани құбылыстарға қарағанда, алғашқы бастама. Практика қоғамдық сипатта болады. Басқаша айтқанда, ол адамдардың өзара қатынасынан, байланысынан тыс болмайды.
Олай болса, бір жағынан, практикалық іс-әрекеттің арқасында қалыптасқан қоғамдық болмыс қоғамдық сананы жетелесе, екінші жағынан, қоғамдық сана қоғамдық болмысқа керісінше әсер етеді.
Өндірістің дамуына әсер ететін маңызды факторлар қоғамның, адамның қажеттері мен мүдделері болып табылады. Қажетсінудің өзі өндірістің дамуынан туындайды. Бір қажетті қанағаттандыру екіншілерін туғызады, екіншісі – үшіншісін сөйтіп кете береді, ал мұның өзі өндірістің дамуына әкеледі. Адам қажеттерінің өндіріске қатынасы өндіргіш күштер арқылы емес, өндірістік қатынастар арқылы жүзеге асады.
Маркс осы ойын әрі қарай жалғастыра отырып, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар арасындағы байланыс заңдылығына тоқталады. Егер өндірістік қатынастар өздеріне сай келетін өндіргіш күштердің дамуына жағдай жасаса, қоғам жеделдетіп ілгері дамиды, ал керісінше, өндіргіш күштердің дамуына кедергі болса, онда қоғамның дамуы бәсеңдейді. Сөйтіп, өндіргіш күштер өндірістік қатынастармен қайшылыққа түседі де, өздеріне сай келетін жаңа өндірістік қатынастар іздеп, табуға мәжбүр болады. Бұл қайшылық тек революция жолымен ғана шешіледі. Революция жеңгеннен кейін бұрынғы өндірістік қатынастарды жақтаушы мемлекеттің орнына өндірістік тәсілдерге сай келетін жаңа мемлекет – жұмысшы табының диктатурасын орнату қажет болады. Мысалы, социалистік революция жеңгеннен кейін жұмысшы табының диктатурасын орнату керек. Оның негізгі міндеті – социалистік экономиканы орнату, осыған қарсы болғандарға күш қолдану. 1917 жылғы Қазан революциясының алдында және одан кейін, Ленин Маркстің негізгі идеяларын басшылыққа ала отырып, оларды әрі қарай дамытуға тырысты. Мысалы, Маркстың мемлекет, социалистік революция туралы ілімдерін жалғастырып, социалистік революция бірнеше немесе бір елде де жеңіске жетуі мүмкін, ал жұмысшы табының диктатурасы россия жағдайында кеңес өкіметі болу керек деген тұжырымдар жасады.
Маркстік философия тек теория жүзінде ғана қалған жоқ, ол 1917 жылы Қазан революциясынан кейін россияда және басқа көптеген елдерде практикалық көрініс тапты. Егер Маркстің өзі айтқан «практика – ақиқаттың өлшемі» деген қағидасын ескерсек, марксизмнің қоғам туралы тұжырымдамаларының практика жүзінде дәлелденбегендігі белгілі болып отыр. Соған қарамастан бұл ілімнің көптеген елдерде әлі күнге дейін өміршеңдік көрсетуі марксизмге тек біржақты қарауға болмайтындығын, оған объективті тұрғыдан баға беру қажеттігін талап етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет