3. Орыстың идеалистік философиясы. XIX ғасырдағы Ресейдегі идеалистік философия Иван Киреевский, Алексей Хомяков және т.б. славянофильдердің аттарымен тығыз байланысты.Олар орыс рухани өмірінің ұлттық ерекшеліктеріне және шығыс шіркеуінің белсенді ғұламаларының шығармаларына арқа сүйеуге тиісті болды.
Киреевский мен Хомяков идеяларының негізінде бірінші христиандық философияның құрылымын (системасын) жасаған Владимир Соловьев болды.
Владимир Сергеевич Соловьев (1837-1900 ж.) орыстың мистикалық идеализмінің негізін салушы философ.
В.С.Соловьев 1873 жылы Мәскеу университетін бітіргеннен соң, рухани академияның тыңдаушысы болады. Одан кейін Мәскеу және С.-Петербург университеттерінде ф-ядан сабақ береді.
1874 жылы Соловьевтің алғашқы еңбегі жарық көреді. Ол оның «Батыс философиясының дағдарысы» деген тақырыптағы диссертациясының негізінде жазылған. Одан кейін «Тұтас білімнің ф-ялық негізі», «Дерексізденген негіздерге сын», «Құдайыланған адамзат туралы уағыз», «Махаббаттың мәні», «Теориялық философияның бірінші бастамасы» т.б.
Соловьев материалистік философия мен атеизмге қарсы болған ғұлама. Ол ф-яның негізгі мәселесін идеалистік тұрғыдан шешіп, әлемнің түпнегізін объективтік (сыртқы) рух деп есептеген. Оның рухы Гегельдік рухтан өзгешелеу болды. Өйткені, Гегельдің рухы «таза рух» болса, Соловьевтің рухы құдайға тән және ол болмысқа сіңісіп, араласып кеткенмен болмыстық күйге толықтай ауыспайды. Сөйтіп, Соловьев әлемнің бірлігі құдайда деген тұжырымға келеді. Оның ойынша, құдай мен дүниенің арасына дәнекер болып тұратын «әлемдік жан». Ал, табиғатта болып жататын өзгерістер осы «әлемдік жанның» функциясы. Демек, Жердегі өмірдің келеңсіз жақтары мен дамудың келеңсіз жақтарына құдай жауап бермейді. Ол үшін «әлемдік жан» жауапты, дейді Соловьев.
Соловьев – орыстың діни-мистикалық ф-ясының өкілі. Оның пікірінше, дүниені өзгертудің, жетілдірудің негізі – діннің жетіліп отыру барысы болмақ. Ол үшін, дінге барлық жағдай жасау керек. Екіншіден, дінді уағыздарынан тазартып, оған ф-ялық астар беру керек. Сонда ғана, біз көздеген әлемді діни негізде өзгерту мақсатымызға жете аламыз, - дейді ол. Бұл пайымдау, дінбасыларына ұнамады, олар Соловьевтің бұл тақырыпқа шығарма жазуына қарсы тұрды.
В.Соловьевтің танымдық теориясы, этикалық және эстетикалық проблемаға жазылған еңбектері де діни идеалистік тұрғыдан жазылып, олар ғылым мен материализмнен аулақ болды.