Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Бұрмалануды картографиялық кестенің көмегімен



Pdf көрінісі
бет43/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   292
Бұрмалануды картографиялық кестенің көмегімен 
анықтау
. Ара-қашықтықтың, бұрыш пен ауданның бұрма-
лануының мəнін тораптық нүктелердің ендіктері мен бойлықтары 
φ жəне λ мəні берілген кестелер арқылы да анықтауға болады. 
Географиялық ендіктерге сəйкес өзгеріп отыратын цилиндрлік,
конустық жəне азимуттық проекциялар үшін бұрмалануда тек 
көрсеткіштері бар кестенің көмегімен ғана табуға болады.
Мысалы, Ф. Н. Красовскийдің теңаралық қалыпты конусты 
проекциясымен құрылған картадағы φ 60º орналасқан нүкте 
үшін бұрмаланудың картографиялық кестесінен φ, 
п, р

 
w жəне 
т 
сəйкес келетін ендіктегі мəндері 
 т
=0,997,
п
=0,987, Р = 0,984, 
w=0,34΄екенін анықтаймыз [2.2-кесте].
 


70
2.2 кесте

Бұрмалануды картографиялық кестенің көмегімен анықтау
φ
п
Р
w
т
30º
1,083
1,080
4º45΄
0,997
40º
1,031
1,028
1º56΄
0,997
50º
0,998
0,996
0º05΄
0,997
60º
0,987
0,984
0º34΄
0,997
70º
1,010
1,007
0º45΄
0,997
80º
1,136
1,133
7º28΄
0,997
Изокалдардың көмегімен бұрмалануды анықтау.
Бұрмалану көрсеткіштерін біршама көрнекі əрі қолайлы əдістің 
бірі изокалы бар картаның сұлбасы болып табылады. Бұл 
сұлбалардың көмегімен əр түрлі нысандар үшін бұрмаланудың 
мəнін ғана емес, картадан анықтайтын ауданның немесе 
бұрыштың бұрмалануының мəндеріне өзгертулер енгізуге де бо-
лады. Олар көбінесе масштабтары кішірейтілген карталардың 
географиялық негіздеріндегі картографиялық торға қандайда 
бұрмалану көрсеткіштері бірдей нүктелерді қосатын үзік сызық 
түріндегі изокалдар жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Изо-
калдар бір ретпен мəндері бірдей көрсеткіштері артуына сəйкес 
жазылады. Бұрмалану көрсеткіштері берілген изокалдардың 
сұлбалары абсолютті немесе пайызбен алынатын салыстырма-
лы көрсеткіштері берілуі мүмкін. Мысалы, көп конусты еркін 
проекция мен құрылған дүние жүзінің картасында Аустралияның 
ор 
тасы арқылы ауданның бұрмалану көрсеткіші Р = 2,5, ал 
Гренландия да мəні Р=1 болатын нөлдік бұрмалануды көрсететін 
изокал қиып өтеді, Бұдан Аустралияның Гренландиядан 1,5 есе 
үл кен еке нін көзбен-ақ көруге болады. Ал шын мəнінде жоғарыда 
атал ған материк Гренландияда 3,5 есе үлкен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет