Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет101/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   542
6.6. Лимфа айналымы

Лимфа жүйесінің тамырлары веналармен қатарласа орнала-

сып, бүкіл денеде тармақталып жатады да, ұлпалардан қанға су-

дың, онда еріген кристаллоидтардың, коллоидты ерітінділердің 

оралуын қамтамасыз етеді. Бұл жүйе лимфа капиллярлары торы-

нан басталып, ағзалық майда тамырлар шумағын, арнаулы қақ-

пақшалармен жабдықталған ұсақ жəне ірі лимфа тамырларын, 

негізгі лимфа бағандарын, лимфа түйіндері мен дененің басты 

лимфа өзектерін қамтиды.

Сүт қоректі жануарларда лимфа ұлпа аралық кеңістіктегі қы-

сым айырмасы мен еттердің жиырылуының əсерінен жылжиды. 

Майда лимфа тамырларында қысым су бағанасымен 8-10 мм 

деңгейінде болады. Көкірек өзегінің венамен қосылған жеріндегі 

қысым сынап бағанасымен 4-0 мм шамасында, басқаша айтқанда, 

ірі веналардағы қысыммен бірдей. Тыныштық жағдайында тек ас 

қорыту ағзаларының тамырларында ғана лимфа тоқтаусыз ағады. 

Басқа органдардан тыныштық кезінде лимфа ақпайды. Лимфа та-

мырлармен тек бір ғана бағытта жылжиды, оған веналардағыдай 

қақпақшалардың болуы ықпал етеді. Лимфа ағысын бұлшық 

еттің жүмысы жылдамдатады. Тыныс алу қозғалыстары да лимфа 

ағысына ықпал жасайды, оның көкірек қуысына қарай жылжып 

ағуын қамтамасыз етеді.

Лимфа өте баяу жылжиды. Мысалы, жылқының мойнындағы 

лимфа тамырларында ол минутына 260-300 мм жылдамдықпен 

ағады. Вена тамырларында бұл қашықтықты қан бір секунд 

ішінде өтеді. Лимфа ағысының баяулығына қарамай лимфа та-

мырлары арқылы тəулігіне өте көп мөлшерде ұлпалық сұйық 

өтеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет