Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Лимфа (сөл) жүйесінің құрылым принципі



Pdf көрінісі
бет97/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   542
6.3. Лимфа (сөл) жүйесінің құрылым принципі

Лимфа - лимфа тамырлары мен лимфа түйіндеріндегі сұйық 

зат. Ол ұлпалық сұйықтың лимфа капиллярларына өтуінің 

нəтижесінде пайда болады. Лимфа организмнің ішкі ортасын 

қанмен байланыстырады. Оның негізгі қызметі - белоктарды 

ұлпа аралық қуыстан қанға қайтару. Ол организмде суды тарату-

да, сүт түзуде, ас қорыту, зат алмасу процестерінде маңызды рөл 

атқарады.

Лимфа жүйесі жайлы алғашқы мағлұматтар тек XVІ ғасырда 

пайда болды. Жылқының вена тамырларын зерттеу үстінде Ита-

лия ғалымы Евстафий кездейсоқ жағдайда лимфа жүйесінің 

көкірек өзегін ашты. Осы елдің басқа зерттеушісі – Азелий 

шажырқайдағы ақ тамырларды зерттеді. Ал лимфа жүйесін терең 

зерттеулерді Италия студенті Пике атқарды.

Лимфа жүйесі лимфа тамырларынан, лимфа түйіндерінен, 

көкірек жəне мойын өзектерінен тұрады. Лимфа капиллярлары 

құрылысы жағынан қан капиллярларына ұқсас. Олардың эндо-

телий табақшаларынан түзілген жұқа қабырғалары ұлпа аралық 

қуыстарды астарлай орналасады. Лимфа капиллярлары анасто-



124

моздар арқылы жалғасатын каналдар торабын құрып, біртіндеп 

лимфа тамырларына айналады. Бұл тамырлардың арнасында 

веналардағы тəрізді қақпақшалар орналасқан (50-сурет). Лим-

фа тамырларының өте жұқа қабырғасы дəнекер ұлпалар мен 

бірыңғай салалы ет талшықтарынан құралған. Олардың ішкі 

қабығы бір қабат эндотелий торшаларынан түзілген. Ірі лимфа та-

мырлары қан тамырлары сияқты сезімтал жəне қозғағыш жүйке 

талшықтарымен жүйкеленген.

50-сурет. Лимфа тамырлары мен олардың қақпақшалары

 Ұлпа аралық қуыстардан шыққан сұйық лимфа тамырларына 

жиналып, аумақтық лимфа түйіндерінен өтеді де, көкірек жəне 

мойын өзектері арқылы қуыс веналарға құйылып, оң жүрекшеде 

вена қанымен араласады.

Лимфа тамырлары денеде кəріздік (дренаждық) жүйе құ рып, 

органдардағы торша аралық сұйықтың артық мөлшерін алып 

шығады. Лимфа капиллярларының өткізгіштігі жоғары бол ған-

дықтан, лимфа жүйесіне əртүрлі бөгде заттар өтіп ке теді. Олар 

биологиялық сүзгі қызметін орындайтын лимфа түйін 

дерінде 

сүзіледі де, торлы эндотелийлік торшалардың қатысуымен за-

лалсызданады. Лимфа түйіндерінде лимфоциттер де түзіледі. 

Жұқпалы аурулар қоздырғыштары лимфа жүйесімен де тарай-

ды, сондықтан малды тексергенде дəрігерлер лимфа түйіндерінің 

жағдайына көңіл аударады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет