Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет37/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   542
55

Зақымдаушы əсер

Ұлпалар мен тамырлардың 

жарақаттануы

Тромбоциттердің жабысуы 

мен желімденуі 

Тамыр тарылтқыш 

заттардың бөлінуі

Тамырдың 

тарылуы

І кезең 

Тромбоциттердің 

активтенуі

Тромбоцит тығынының пайда болуы

 

 

1-саты  

Ішкі жол 

Сыртқы жол

ІІ кезең 

Плазмалық 

факторларды 

активтенуі

Плазма факторлары ның 

ұлпа факторларымен 

əре   кеттесуі

Плазма факторларының 

коллагеннің катализдік 

беткейімен əрекеттесуі 

Тромбопластиннің түзілуі

Протромбин

Тромбин

Тромбиннің түзілуі

Фибриноген

Фибрин

Фибрин ұйықтарының пайда болуы

Ретрактоэнзим



Ұйық ретракциясы

ІІІ кезең 

Ұйық 

ретракциясы

2-саты

3-саты

3-сызба. Қанның ұю кезеңдері мен сатылары 


56

циттер құрамынан бөлінетін ретрактоэнзимнің əсерінен фибрин 

талшықтары тығыздалып (ретракция), қан ұйығынан сарысу 

бөлінеді. Қанның сарысуы құрамы жағынан плазмаға ұқсас, бірақ 

онда фибриноген белогы болмайды.

Плазма мен тромбоциттер құрамындағы жоғарыда аталған 

факторлардың біреуі ғана жетіспесе, ұю процесі жүрмейді. Демек, 

қанның ұюы дұрыс жүру үшін аталған факторлардың түгел болуы 

шарт. Мысалы, қан құрамында VІІІ жəне ІX факторлар жетіспесе, 

гемофилия дерті байқалады. Бұл ауру тек ерлерде ғана кездеседі 

жəне тұқым қуалайды. Ер балаларға дерт аналары арқылы 

беріледі. Гемофилияның қауіптілігі - аз ғана жарақаттың өзінен 

қансырау қаупінің туындауында. Бұл ауру ит пен шошқаларда да 

кездесетін көрінеді жəне шошқаларда ол аталық ізбен де, аналық 

ұямен де тарала береді. 

Көптеген зерттеулерге қарамай əлі күнге дейін қанның ұю 

механизмінде түсініксіз жайлар мол. Оған екі түрлі себеп бар. 

Біріншіден, қанның ұюын тек фибрин талшықтарының пайда 

болуына қарап анықтайды. Ал оның басталған кезеңі мен фи-

брин талшықтары пайда болған аралықта көптеген тізбектелген 

реакциялар жүреді. Бұл реакциялардың басталу, даму жолын 

анықтау əзірше мүмкін емес. Екіншіден, қан құрамында қанды 

ұйытатын факторлармен қатар оны ұйытпайтын факторлар да бо-

лады. Қанның қалыпты жағдайы осы екі жүйенің арақатынасына, 

тепе-теңдігіне байланысты. Егер организмде қанды ұйытатын 

фактор басымырақ болса, онда қанның тамырларда ұю қаупі туа-

ды (тромб немесе қан ұйығы пайда болады). Егер екінші жүйе 

басымырақ болса, онда қан ұю мүмкіндігінен айырылады.

Қалыпты жағдайда тамырларда қан ұйығы пайда болмайды. 

Оған қан тамырларының ішкі – астарлық қабатының (интима) 

тегістігі, тромбопластиннің қиын түзілетіні жəне қан құрамында 

антикоагулянттардың болуы себеп.

Қазіргі кезде қан ұюының əрбір кезеңіне əсер ететін анти-



коагулянттар анықталған. Олар ұю процесіне қатысатын фак-

торларды не бұзып, не бейтараптап отырады. Қанды ұйытпай тын 

заттар мыналар:

Гепарин (грек тілінде hераr - ”бауыр” деген мағына бе реді) 

бауыр торшаларында түзілетін мукополисахарид. Ол тром 

бо-

пластиннің түзілуін баяулатады, протромбиннің тромбинге, 



фибриногеннің фибринге айналуын тежейді.

Антитромбопластиндер (антикефалин, липоидты басытқы) 

тромбопластиннің түзілуін тоқтатады.



57

Антипротромбопластин - Хагеман факторының (XІІ) 

басытқысы.



Антитромбиндер - тромбинді бейтараптайтын не бұзатын 

заттар.


Фибринді ерітетін жүйе. Қан құрамында профибринолизин 

немесе  плазмоген деген зат болады. Ол көптеген ұлпаларда бо-

латын фибринокиназа ферментінің əсерімен белсенді түрге - фи-

бринолизинге айналады. Фибринолизин пайда болған фибрин 

талшықтарын ерітіп отырады.

Қанның ұюын басқа жолмен де тоқтатуға болады. Егер ұю 

үстінде пайда бола бастаған фибрин талшықтарын таяқпен алып 

тастаса, қан ұю қабілетін жоғалтады. Мұндай қанды фибринсіз 

қан деп атайды. Қанның ұюын қымыздық жəне лимон қышқылды 

натрий тұздары да тоқтатады. Қымыздық қышқылды натрий 

тұзын қосқанда кальций иондары тұнады да, еркін кальций ионы 

болмағандықтан ұю процесі жүрмейді. Мұндай қанды оксалат-



ты қан деп атайды. Ал лимон қышқылды натрий тұзын қосқанда 

кальций иондары тұзбен қосылыс түзіп, қан цитратты қан деп 

аталады. Қанның ұюын жасанды антикоагулянттар - дикумарин, 

пелентан, синкумар сияқты заттар да тоқтатады. Сүліктің сілекей 

безінен бөлінетін гирудин деген зат та қанды ұйытпайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет