Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет496/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   492   493   494   495   496   497   498   499   ...   542
251-сурет. Тіл бүртіктері мен дəм 

жуашығы: 

А – шатырша, Ə – жапы-

рақша, Б – орлы бүртіктер, 1 - беткейлік 

эпителий, 2 - дəм жуашығы, 3 - жүйкелер, 

В - дəм жуашығы




670

бүртіктер тілдің үстінде, бүйір беткейінде орын тебеді. Олардың 

саны да күйіс малдарында көп болады. Жапырақша бүртіктер 

күйіс малдарында болмайды, итте өте нашар дамыған. Тілдің 

кілегейлі қабығында дəм сезу рецепторларымен қатар температу-

раны, жанасуды, қысымды қабылдайтын сезімтал жүйке ұштары 

да болады.

Дəм сезіну механизмі. Дəм сезіну процесі сілекейде еріген 

химиялық заттардың дəм саңылауы арқылы дəм торшаларының 

микротүктеріне əсер етуінен басталады. Одан əрі күрделі 

биохимиялық жəне биоэлектрлік процестер жүреді де, дəм ре-

цепторлары қозады. Пайда болған импульстер үшкүл (үштармақ), 

тіл-көмкейлік, кезеген жəне беттік (дабыл шегі) жүйкелер арқылы 

сопақша мидағы алғашқы дəм орталықтарына (жеке шоғыр 

ядросына) беріледі. Ол жерден екінші реттік нейрон аксондары 

өзара айқасқаннан кейін таламустың доға тəрізді ядроларына, 

содан əрі үлкен ми жарты шарлары қыртысына көтеріледі. Дəм 

талдағышының қыртыстық бөлімі соматосенсорлық қыртыстың 

(сильвиев сайы маңындағы орталық иірімнің) төменгі бөлігінде 

орналасады (252-сурет).

Соңғы кезге дейін дəмнің төрт түрі - ащы, тұзды, қышқыл 



жəне тəтті, болады деп саналған. Кейінгі жылдары дəмнің 

бесінші түрі – су дəмі қосылды. Оған негіз - тіл рецепторлары 

кəдімгі ауыз су əсерімен тітіркенгенде, қозу импульстері ор-

та 


 

лыққа арнаулы жүйке талшықтары арқылы хабарланатын 

көрінеді.

Қышқыл дəмді сутегінің еркін иондары, тұзды дəмді - кейбір 

тұздар, ал ащы мен тəтті дəмді - əртүрлі құрылымды заттар туды-

рады. Бір дəм буылтығы тек ащы дəмді, екіншісі - тұзды дəмді, 

үшіншісі - қышқылды, төртіншісі - тəттіні қабылдауға бейімделген. 

Дегенмен, тілдің бүртігінде əртүрлі 

дəмді қабылдайтын рецепторлар қа-

тар орналаса береді. Осымен байла-

нысты көбінесе, бір бүртік дəмнің 

бірнеше түріне реакция бере алды. 

Түрлі дəмді қабылдайтын рецеп-

торлар тіл беткейінде бірдей тарал-



252-сурет. Дəм сезу механизмінің сыз-

басы: 


1 - дəм сезінетін қыртыстық ядролар; 

2  - таламус ядролары; 3 - сопақша мидағы дəм 

сезінетін ядролар; 4,6 - жүйке түй індері; 5 - тіл 

жүйкесі; 7 - тіл-жұтқыншақ жүйкесі; 8 - тіл мен 

ондағы дəм бүртіктері 



671

маған. Тілдің ұшы тəттіге, бүйір беткейінің орта бөлігі қыш қылға 

сезімтал. Ащы дəмді тілдің түбі, ал тұзды дəмді ұшы мен бүйір 

беткейі жақсы сезінеді.

Бір зат дəм рецепторларына ұзақ уақыт əсер етсе, онда оған 

деген сезімталдық біртіндеп төмендейді. Дəм рецепторларының 

сезімталдығы ас қорыту жолының физиологиялық күйіне байла-

нысты өзгеріп отырады. Қарынның кілегейлі қабығының инте-

рорецепторларынан тараған импульстер орталық жүйке жүйесі 

арқылы дəм рецепторларының сезімталдығына əсер ете алады. 

Ашқарында дəм рецепторларының сезімталдығы артады, ал тоқ 

жағдайда ол күрт төмендейді, уақытша істен шығып, дəмді сезу 

қабілетінен айырылады.

Шөп қоректі жануарларда дəм сезу анализаторы өте жақсы 

дамыған. Ірі қара мен қой қышқыл, ащы, тұзды жəне тəтті дəмді 

жақсы ажыратады. Ал жыртқыш жануарларда дəм анализаторы 

нашар дамыған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   492   493   494   495   496   497   498   499   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет