Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


 - БӚЛІМ  БІЛІМДЕР ҦСЫНУ ҤШІН ФРЕЙМДЕР



Pdf көрінісі
бет34/76
Дата15.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#122505
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   76
Байланысты:
asambaev-jasandy-intellekt

6 - БӚЛІМ 
БІЛІМДЕР ҦСЫНУ ҤШІН ФРЕЙМДЕР 
Жасанды интеллекті зерттеудің ең басты проблемасы - білімдер ұсыну 
проблемасы (яғни жадты ұйымдастыру проблемасы: жадынан басқа ӛзгерту 
механизмдер қажет, мысалы ойлау, қиял және т.б.), бұл бейнені айырып тану 
есептерден басталып, табиғи тілді түсіну есептерге дейін жалғасады. Әлемнің 
машиналық моделін кұру күрделігі осы әлемнің әртүрлігінде. Психологиялық 
негізделген және тәжірибелік бағалы модельдердің біреуін американ ғалымы 
Марвин Мински ұсынды. 1974 жылы оның «Білімдер ұсыну үшін фреймдер» 
кітабы шықты (
6.1-сурет
).
Фрейм (
frame
(ағыл.) — кадр, рамка, қаңқа) дегеніміз – стереотипті 
ситуацияны ұсыну үшін деректер құрылымы. Әрбір фрейммен түрлі ақпарат 
ассоциацияланады. Оның бір бӛлігі берілген фреймді қалай пайдалануға 
болатынын, басқа бӛлігі – оның орындауы неге келтіретінін, үшінші бӛлігі – 
егер болжаулар орындалмаса не істеу керек екенін кӛрсетеді.
6.1-сурет
. Фрейм теориясының кӛзқарасынан психика 
Мәтіндерді талдау үшін жасалынған және психикалық іс-әрекеттің тек 
жеке кезеңдерін ғана қамтитын семантикалық желілерге қарағанда, фрейм 
теориясы жеткілікті толық деп саналады. Бұл теориясында ойлау процесінен 
(мұны Аристотель силлогистика мен семантикалық желілер де қарастырады) 
басқа түйсік, айырып тану, ойлау мен қиял (ойлаудың ең жоғары түрі 
ретінде) процестері де қарастырылады. Фрейм теориясының бастауы 
гештальт (психология) салада сірә жатыр деп айтуға болады.
Ойлаудың параллельдігі (нейрон саны тым үлкен болғандықтан адам 
миындағы процестердің «табиғи» параллельдігі) туралы қазіргі тезисті 
М.Мински бір мәнді емес деп санайды. Ол жоғары деңгейдің процесі 
параллельды деп есептейді. Осындай процестерге ол қиял процесін 
жатқызады. Ойлау мен айырып тану процестерді тізбекті деп санайды. 
Білімдер ұсынуға логикалық кӛзқарасты ол априорды шектелген және тек 
оқу есептерге ғана қолдауға болады деп санайды.
Ӛзінің теориясының жасауын М.Мински түйсік және кеңістіктік 
сахналарды (куб, бӛлме, бӛлмедегі бұйымдар) айырып тану процестердің 
қарастырудан бастады. Сосын есепті күрделендіру үшін қозғалыс (бӛлме 
бойынша роботтын) қосты. Ол үшін уақыт пен сахналар динамикасын, яғни 
байқаушы қозғалған кезде бұйымдардың геометриялық бейнелерінің 
ӛзгерісін еске алу керек болды. Нақты уақытты бұзбау немесе оған жақындау 


55 
қажеттілігі «күтуді» (білімнің кейбір элементін айырып танудан алдын ала 
анықтау) енгізуге әкелді. Зерттеу барысында М.Мински мына тұжырымға 
келді: болжамға қарамастан айырып тану процесі (адамда) ӛте ұзақ уақыт 
алады, ол объекті («күту») кӛріну алдында басталады және айқын 
аяқталмайды. Бұл процесс ӛзінің табиғаты бойынша тізбекті, себебі микро 
жағдайларды егжей-тегжейлі зерттеуді және оларды басқа микро 
жағдайлармен келісуді қажет етеді. Сосын, ол ӛзінің теориясын растау 
кезінде, қайталанған айырып тану процесін талқылады – жаңа ғана ӛткен 
бӛлмеге роботтың қайтып келуі. Осында М.Мински есіктің сыртына бір 
минутқа шыққан адам әбден басқа бӛлмені тапқаны туралы мысал келтірді. 
Айырып тану, ойлау және қиял процестерді М.Мински фреймдерге 
арналған типтік операциялар ретінде кӛрсетті: кейбір фреймды ӛзіне сәйкес 
желіден таңдау, оны толтыру (бос мәндері де болу мүмкін) және жаңа 
фреймге ауысу (кейбір байланыс кӛмегімен). Адамға ұқсайтын роботтардың 
кӛзі туралы проблемамен жұмыс істеген кезде, ол мұндай тұжырымға келді: 
адамның санасында және соқыр сезімінде (түйсігінде) кейбір «басты» 
фреймдердің жиынтығы бар. Кеңістіктік сахналарды айырып тану үшін, ол 
«кӛкжиек сызығы», «үсті», «асты», «оң жағы» және «сол жағы» бар 
«бӛлмені» немесе абстракты «қорапты» анықтады. Осындай қорапты оң 
жағындағы қабырға сол жақта болып қалатынан қорықпай айналдыруға 
болады (кейбір кӛзқарас жағынан, яғни кейбір кӛкжиек сызығы жӛнінде).
Білімдерді фрейм арқылы ұсынуы, байқаушының позициясы 
ӛзгергенде, бұйымдар тұрған орнын қайтадан есептеуден бас тартуға болады. 
Мысалы, баланың кеңістіктік ойлауы (фреймдер жүйесі) 8-9 жасқа таман 
толық қалыптасады. 
6.2-, 6.3-, 6.4-суреттерде
М.Минскидің ӛзіндік фреймдері кӛрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет