Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет35/76
Дата15.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#122505
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   76
6.2-сурет
«Куб» фреймы
 


56 
6.3-сурет
. Фреймдердің трансформация процесі 
Байқаушының (объектіге қарағанда) орны ауыстыру кезінде 
фреймдердің трансформациясы пайда болады (
6.4-сурет
). Байқаушының 
әртүрлі позициясына сәйкес жақын фреймдер тобы желі жасайды.
6.4-сурет
. Фреймдер желі 
«Фреймды түйіннен және олардың арасындағы байланыстан тұратын 
желі түрінде кӛрсетуге болады. Фреймның жоғарғы деңгейлері айқын 
анықталған. Тӛменгі деңгейлерде кӛп ерекше 
терминал-шыңдар
немесе 
ұяшықтар бар, олар 
сипатты мысалдармен
немесе 
мәліметтермен
толтырылу қажет. Әрбір терминалмен 
тапсырмаларға
сәйкес болатын 
шарттар қойылуы мүмкін. Қарапайым шарттар 
маркер
арқылы анықталады. 
Одан күрделі шарттар әртүрлі терминалдық шыңдарға кіретін ұғымдар 
арасындағы қарым-қатынастармен анықталады. Семантикалық бір-біріне 
жақын фрейм топтары 
фреймдер
жүйеге
бірлеседі». 
Сонымен, фреймдер жүйесі қалай жұмыс істейді? Адам кейбір бұйымға 
қарайды және саналы немесе санасыз түрде ӛзіне белгілі фреймдерден ең 
жақынын таңдап алады. Бұл 
келісу
процесі деп аталады. Келісу бірнеше 


57 
сатылардан тұрады. Егер қанағатты нәтиже алынса, келісу тоқтатылады және 
фреймның терминалдары шектеуге сәйкес міндеттермен толтырылады. 
Қарапайым уақиғада, жағдайға дәл тиісті фрейм табылады, нақты жағдайда 
болатын терминалдар және фреймдармен салғастырылады.
Егер бұл мүмкін болмаса, онда 
ақтауды
сынап кӛруге болады, яғни 
түсіндіру - фрейм келеді, бірақ объектінін кемшіліктері бар, мысалы, сынуы 
бар. Егер фрейм «қайтадан келмесе», 
кеңесу
жүргізіледі, яғни не істеу керек 
айқын нұсқаулар беріледі. Және соңғы сәтсіздік уақиғада, 
түйіндеме
жасалынады – фреймнен бас тарту және бас тартудың себебін анық кӛрсету.
Келісу процесі аяқталғаннан кейін адамда бұйым туралы кейбір 
абстракты елес пайда болады. Фрейм түйіндерінің кӛбі әлі анықталмаған. 
Ӛзінің жұмысын 
нақтылау
процесі – субфреймдер анықталады, тапсырмалар 
айқындалады. Нақтылау кезінде жеңілмейтін қиындықтар кездесу мүмкін, 
онда 
өзгеріс
процесі белсенділеді. Бұл екі бұрыңғы фреймға негізделген жаңа 
фреймды тудыру мүмкін. Нақтылау процесі барысында фреймның 
терминалдары толығымен толтырылады және егер фреймның қайталанған 
пайдалануында қайшылықтар шақырылса
жаңарту
процесі белсенділеді. 
Осы жолмен алынған фреймның белгілі бір құны болады. Соған байланысты 
ол пайдаланғаннан кейін не жойып тасталу мүмкін, не бағалы үлгі ретінде 
ұзақ мерзімді жадқа салыну мүмкін. Соңғы процесі 
оқыту
деп аталады.
Әртүрлі міндеттер қолдануда адамда әрбір уақыт мезгілінде, әртүрлі 
ғаламдық фреймдер жүйелері болады (
6.5-сурет
). Олар адамға кеңістікте 
бағдарлауға, қажетті ақпаратты іздеуге, поэзияны түсінуге және т.б. 
мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет