Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет42/76
Дата15.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#122505
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   76
7.2-сурет
. «Болып табылады» деген қатынасты пайдаланатын иерархиялық желі 
Модельдің мұнан былай дамуы Р.Симмонс (Robert Simmons), 
С.Шапиро (Stuart С. Shapiro), Хендрикс (Hendrix) және Р.Шенк (Roger С. 
Schank) аттарымен байланысқан.
Мысалы, Р.Симмонс желілерінде қатал иерархия жоқ, ӛйткені ол басқа 
есепті шешуге тырысқан: етістіктерді «ӛрістету/толықтыру» арқылы 
сӛйлемнің мәнін түсіну. Яғни етістіктен ӛзіндік «қосымша желіні» (берілген 
етістікті «пайдалану варианттары» бар желі) құрастыру арқылы. Осыған 
сәйкес түйіндер жіктеуі де табылған: Агент, Реципиент (receive – алу), 
Объект. 
Беру
Агент
: (Яго, бала, Отелло) 
Реципиент
: (Дездемона, Родриго) 
Объект
: (алма, гүл, орамал) 
Семантикалық 
желідегі 
түйіндер 
әдетте, 
объектілерге, 
тұжырымдамаларға, оқиғаларға немесе ұғымдарға сай болады. Доғалар, 
білімдерді ұсыну әдісіне тәуелді әртүрлі әдістер арқылы анықталу мүмкін. 
Желінің кезкелген фрагменті, мысалы, бір шыңысы, екі шыңысы және 
оларды қосатын доға, 
бағыныңқы желі
деп аталады (
7.3-, 7.4-суреттер
). 
Семантикалық желідегі логикалық шығару (шешімді іздестіру) - бұл кейбір 
шарттарға қанағаттандырылған бағыныңқы желіні табу немесе құрастыру. 
Осы процесті формалдау үшін семантикалық желілердің типтеуін енгізеді, 
сосын нақты түрлі желілер үшін (желіге кіретін қатынастырдың 
математикалық қасиеттерін талдау негізінде) шешу әдістерін әзірлейді.


67 
7.3-сурет
. Күрделі сӛйлемді: «Гүлжанға сыйлығын бергенін, Сәкен Әйгерімге айтты» семантикалық желі 
түрінде кӛрсету; бағыныңқы желі «Сәкен Гүлжанға сыйлық берді» 
7.4-сурет
. Семантикалық желі «автомобиль» және бағыныңқы желі «мотор доңғалақтарға күш береді» 
Шыңдар мен доғаларға қойылатын шектеулерге тәуелді желілердің 
әртүрлі типтері пайда болады. Егер желі шыңдарының ішкі құрылымы 
болмаса, онда осындай желілер 
қарапайым желілер
деп аталады. Егер 
шыңдардың ішкі құрылымы бар болса, онда желі 
иерархиялық
деп аталады. 
Динамикалық семантикалық желілер (сценарийлер) – оқиғалары бар желілер. 
Семантикалық желінің қарапайым желінен негізгі айырмашылығы – желіні 
бағыныңқы желілерге бӛлу және шыңдар арасында ғана емес, бағыныңқы 
желілер арасында да қатынастарды анықтау мүмкіндігі. Желіде болатын 
әртүрлі бағыныңқы желілер, бағыныңқы желілердің ағашы түрінде реттелу 
мүмкін, оның шыңдары - бағыныңқы желі, ал доғалары – кӛріну 
қатынастары. Бағыныңқы желі ұғымы математикадағы жақшалар ұғымына 
ұқсас, кӛріну ұғымы – жақшаның ішінде және сыртында болатын 
айнымалылар ұғымына ұқсас. 
Семантикалық желі кӛмегімен «Арка» деген техникалық объектіні 
сипаттайық – бір бірімен жанаспайтың екі тіректерге сүйенетін кӛпір ағаш 
(
7.5-сурет
). Формалды түрде бұл желіні былайша бейнелеуге болады:


68 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет