Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


 Сараптамалық жҥйелердің қҧрылымы



Pdf көрінісі
бет61/76
Дата15.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#122505
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   76
9.3. Сараптамалық жҥйелердің қҧрылымы 


99 
9.2-суретте
абстракты сараптамалық жүйенің жалпы құрылымы 
берілген. Нақты сараптамалық жүйелер осындай құрылымға кӛбінесе, толық 
сай бола алмайды, себебі нақты сараптамалық жүйеде, әрбір заттық саласы 
үшін сипатты, қосымша блоктар ӛте кӛп болады. Сонда да жұмыстың жалпы 
технологиясы және СЖ негізгі құрылым элементтерінің міндеті түсінікті 
болу мүмкін. 
9.2-сурет
. Абстракты сараптамалық жүйенің жалпы құрылымы 
Сараптамалық жүйенің басқа бағдарламалардан басты құрылымдық 
айырмашылығы – бұл білімдер қорының бар болуы және оқып үйрену мен 
ӛзін үйрету қабілетінде. Оның нақты түрі таңдалған ұсыну моделіне қатты 
тәуелді, бірақ жалпы түрде оған әрқашан фактілі және алгоритмды бӛліктер 
кіреді. 
Енді ӛнімдер ережелері жүйесі үшін біз фактілер және ережелер 
(логикалық, кӛбінесе дедуктивты қорытынды) туралы айтып отырамыз.
Мысал
. Айтып салу: крокодил (табандары, тістері, құйрығы, түсі). 
Ереже
. крокодил (X, Y, Z, U), егер X = «қысқа», Y = «үлкен», Z = 
«ұзын», U = «жасыл». 
Білімдерді ұсынудың фреймды моделіне негізделген, жасанды интелект 
жүйесі үшін фактілер мен әдістер (қосылған процедуралар) туралы әнгіме 
жүргізіледі. 
Мысал
. Фрейм «экрандағы сызық»: 
- басының координатасы 100, 100; 
- аяғының координатасы 200, 200; 
- кӛрші сызықтың координатасы белгісіз. 
Әдістер:
- орта арқылы саздылы айналу; 


100 
- жоқ болу; 
- кӛріну. 
Бұл жағдайда сұрақ шығу мүмкін: «Экранда салынған сызықтың 
қандай интеллектуалдығы бар?». Жауабы мұндай: жасанды интеллектте 
фреймдер кӛбінесе, кейбір процесті немесе құбылысты модельдеу құралы 
ретінде пайдалынады, сондықтан экрандағы сызық тірі организмның және 
т.б. моделі болуы мүмкін. Айналу кезінде ол басқа сызықтармен соғысады, 
нәтижесінде, мысалы «кӛрші сызықтың координатасы» алаңы толтырылады 
және т.с.с. (жүйе үйренеді). 
Желілік моделі үшін жалпы жағдайда білімдер қоры: жүйенің күйін 
(мысалы, желі түйінділеріндегі кейбір параметрдің мәнің), таңдалған 
белсенді бағыныңқы желіні және шығару ережелерді ұстайды (оларға кіреді 
желі ішіндегі қатынастар сипаттамасы). 
Шығару машинасы
– БҚ алгоримдық бӛлігін ӛзектіктіру ретіне және 
әдісіне жауапты бағдарлама. Әртүрлі білімдерді ұсыну моделі үшін ол, әрине 
әртүрлі. 
Логикалық моделі үшін оның түрі қарапайым тізбекті автомат болып 
табылады. Бұл модельде әрбір уақыт сайын барлық логикалық теңдеулердің 
іріктеуі толық ӛткізіледі.
Ӛнімдер жүйесі (логикалық шығару машина) үшін оның жағдайға 
тәуелді, детерминдық немесе ықтималдық бағаға негізделген артық кӛру 
жүйесі бар. Бұл модельде кезекті ӛзектіктіретін ереженің таңдауы бір мәнді 
болмайды.
Фреймды моделі үшін шығару машинасы екі бӛліктен тұрады. Жалпы 
бӛлігі фреймдер жүйесінде ӛтетін оқиғалар барлық фреймдерге бір уақытта 
немесе тізбекті түрде белгілі болсын дегеніне жауапты. Екінші бӛлігі – бұл 
фреймдер ӛзінің оқиғаларын ӛңдеуші. Олар болған оқиға туралы алынған 
хабарға қандай әдістің қосу қажетін шешеді.
Түсініктеме бағыныңқы жүйесі
– бұл сараптамалық жүйенің маңызды 
элементтерінің біреуі, ол оның тәжірибелік пайдалану тиімділігін анықтайды. 
Түсініктеме бағыныңқы жүйесін жүзеге асыруда есептегіш қолдайтын 
процедураларды пайдаландықтан (бірақ, басқа ретте), шығару машина 
есептегіштен және түсіндіру бағыныңқы жүйесінен тұрады деп санауға 
болады. Машина не адам алған шешім ӛзі емес, ал шешімнің жолы – процесі 
жиі бағалы болады. Түсініктеме бағыныңқы жүйесі – бұл «Неге осылай?» 
немесе «Неге осылай, неге былай?» сұраққа жауап алатын бағдарламалық 
механизм.
Мұндай қабілет (түсініктеме бағыныңқы жүйесінің бар болуы) 
интеллектуалды жүйелердің барлығында бола алмайды. Бұл бағдарламау 
күрделігіне және білімдерді ұсыну моделінің кемшіліктеріне байланысты. 
Түсініктеме бағыныңқы жүйесі тек ӛнімдер ережелеріне және семантикалық 
желіге негізделген жүйелерде болады.


101 
Мысал

Интеллектуалды 
жүйеге 
қойылған 
пайдаланушының 
(интерфейс арқылы шығару машинаға) сұранысы: «Ертеңге доллар курсы 
қандай болады?». 
Жүйе диалогы. 
1. Саяси тұрақтылығы қандай? Оператордың жауабы: «Жоғары».
2. Экономикалық болжам қандай? Оператордың жауабы: «Қолайлы». 
3. Биржада белсенділік қандай? Оператордың жауабы: «Тӛмен». 
Жүйенің жауабы: «Болжалды курс 145,7 тнг.» 
Жүйе түсініктемесі.
1 ереже: Саяси тұрақтылығы жоғары және болжам қолайлы 
болғандықтан, 1 параметр = тұрақтылық. 
2 ереже: 1 параметр тұрақты және биржадағы белсенділік тӛмен 
болғандықтан, 2 параметр = ӛсуі тӛмен. 
3 ереже: 2 параметр = ӛсуі тӛмен болғандықтан, курс = бүгінгі курс + 
кішкене кездейсоқ ауытқуы. 
Білімдер қорының 
интеллектуалды редакторы
– бұл білімдер 
қорынындағы фактілер мен ережелерді қосу, жою және ӛзгертуге мүмкіндік 
беретін бағдарлама. «
Интеллектуалды
» дегеніміз, білімдер қорының 
тұтастығын, дұрыстығын және қайшылықсыздығын қамтамасыз ететін 
қабілет.
Жеке алынған білімдер элементінің мағынасы жоқ, сондықтан білімдер 
қорына қандайда операцияны (жазыларды қосу, жою, ӛзгерту) жасау үшін 
бүкіл білімдер қорының тұтастығын, дұрыстығын және қайшылықсыздығын 
берілген тереңдікке тексеру қажет.
Мұны мысал арқылы түсіндірейік. Телефон анықтамалық деген кесте 
бар болсын. Бастапқы кілт «Тегі, аты + телефон» (
9.1-кесте
). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет