Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет37/80
Дата15.11.2023
өлшемі1,13 Mb.
#123987
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   80
кура-аракс
(б.з.д. ІІІ мың.) мәдениеті 
тайпалары өмір сүрді. Бұл мәдени бірлестік Шығыс Анатолия, Солтүстік-Батыс 
Иран, Дағыстан мен Шешен жерлерін де мекендеді. Осы аймақта отырықшы-
егіншілік мекендер саны көбейді. Қоныстар салуға көбіне, таулар мен тау 
бөктерлері игерілген. Ондағы дөңгелек үйлер көбіне, тастан қаланған. Кавказ 
тайпаларында металл өндірісі жақсы дамыды. Қазба кезінде металл балқытқан 
ошақтар, металл құюға арналған құралдар табылған. Қоладан жасалған балта, 
найза, қанжарлар жиі кездеседі. Осы мәдениетке жататын қоныстар тығыз 
орналасқан аймақтар: Армениядағы Арарат жазығы, Грузиядағы Картлий 
ойпаты, Әзербайжандағы Кура өзенінің өңірі мен Каспий теңізінің Дағыстанға 
қарайтын жағалаулары. Мәдениеттің жақсы белгілі ескерткіштері Нахичаванда 
Күлтөбе І, Әзербайжанда Мингечаур кешені, Арменияда Шенгавит, Гарни, 
Эчмиадзин қоныстары. 


Ереванның маңында зерттелген Шенгавит мекені осы мәдениетке екінші ат 
берді. Айналасын мұнаралы тас қамал мен ор қоршаған мекеннің жалпы аумағы 
6 га. Оның ішінен металл өндірісінің іздері анықталған. Ыдыстары жылтыр қара 
түсті. Куро-аракс мәдениетінің екінші мекені Мингечаур Әзербайжанда 
зерттелген. Оның жалпы аумағы 25 га. Үйлері ортасында ошағы бар, қабырғасы 
ағаштан тұрғызылған жартылай жертөле түрінде. Куро-аракс мәдениетінің 
бірсыпыра жерлеу кешендері де табылған. Онда жерлеу құрылыстары мен 
жерлеу тәсілдері әртүрлі. Оба астындағы жерлеу шұңқырлары сопақша келген 
жер қабірлер, тас жәшіктер. Мәйітті қол-аяғын бауырына бүгіп, бір жамбасына 
жатқызған, кейде өртеп, күлін жерлеу ғұрпыда қолданылған. Мәдениет ІІІ 
мыңжылдықтың басынан, оның соңына дейін тіршілік кешті. Археологиялық 
зерттеу қорытындылары куро-аракс мәдениетінің Кіші Азия өркениеті мен 
Солтүстік Кавказдағы майкоп мәдениетімен байланысы барлығын анықтатты. 
Б.з.д. 3 – 2-мыңжылдықтарда өмiр сүрген Солтүстiк Кавказ тайпаларының 
мәдениеттерi ғылымда 
майкоп
мәдениетi деген атпен белгiлi. Х1Х ғасырдың 
соңында қазылған Белое өзенiнiң бойындағы Майкоп зираты осы мәдениеттiң 
ерте кезеңіне жататын басты ескерткiшi болып саналады. Белое өзенiнiң 
бойындағы Мешоко қонысы мен үлкен қабiр шұңқырларынан тұратын көптеген 
зираттар осы мәдениетке жатады.
Майкоп зиратының қазылған қорғандарының бiрi ғылым үшiн аса құнды 
материалдар бердi. Онда үлкен үйiндiнiң астында орналасқан терең қабiр 
шұңқыры ағаштармен төртке бөлiнген. Соның үлкен бөлiгiнде ер кiсiнiң сүйегi 
қойылыпты. Оның үстiн арыстандар, бұқалар және жапырақ тәрiздес әшекейлер 
бейнеленген алтын iлмешектер жауып жатыр. Мәйiттiң жанынан ұзындығы 1 
метрден астам 6 күмiс түтiктер табылды. Олардың төртеуiне екi алтын, екi күмiс 
бұқалардың мүсiндерi орнатылған. Бұл түтiктер марқұмның үстiне жабылған 
жамылғыны ұстап тұрған деп айтуға болады. Ал, алтын iлмешектердiң 
әрқайсысында кездесетiн тiгу үшiн жасалған арнайы тесiктер олардың әлгi 
жамылғының сыртынан тiгiлгенiн байқатады. Қабiрдiң қабырғасына тақап
алтын және күмiс ыдыстар қойылыпты. Сонымен қатар марқұмның қасына 
қанжар, балта, қашау секiлдi мыс қарулар мен шақпақ тастан жасалған жебенiң 
ұшы да қойылған. Қабір ішiндегі бағалы заттар қорғанның ру көсемiнiң 
қабiрiнiң үстiне тұрғызылған деуге келеді. Кейбір мамандар мәдениеттің 
жекелеген ыдыстарының жасалу сапасы мен тәсіліне қарап, олар құмыра 
жасайтын арнайы шарықты білген деген пікір айтады. Зерттеушілердің екінші 
бөлігі майкоптық ыдыстарды шығырда дайындалған белгілер кездеспейді, олар 
мұқият дәлдікте жасалған дейді.
Майков 
мәдениетіңің 
заттары 
Таулы 
Қарабақтағы 
Новосвободск 
қорғанынанда белгілі. Старомышатск көмбесінен шыққан күміс ыдыстар, бұқа 
мен бөкеннің, бұқаның мүсіндері, арыстанның алтыннан жасалған басы
алтыннан жасалған самайға ілетін ілмешектер, т.б. заттар майкоп мәдениетіне 
тиесілі. 


Мәдениеттің соңғы кезеңіне жататын дольмендер жақсы зерттелген.
Олардан бұрғылап тесілген балта, орақтың тістері, жебенің ұштары, жылтыр 
қара керамикалармен қатар мыс балта, кетпен, қашау, қанжар, пышақтар жиі 
кездеседі. Мыстан жасалған шанышқы мен тайзалар месопатамия мен 
криттікіне ұқсас. Сердолик пен лазуриттен жасалған моншақтар Таяу 
Шығыстан әкелінген. Алтын мен күмістен жасалған ыдыстар, арыстан, бұқа 
бейнелері мен диадема түріндегі әшекейлер Шығыспен байланыстың 
болғандығын білдіреді. Шаруашылығы егіншілік пен бақташылыққа 
негізделген. Жерлеу заттарынан мүлік теңсіздігінің тереңдей бастағаны 
байқалады. Майкоп тайпалары куро-аракс мәдениеті өкілдеріне етене жақын. 
Долинск қаласының маңында бір топ мазанкалардан (жұқа ағаштардан 
қаланып, сыртынан балшықпен сыланған үйлер) тұратын үйлер қазылған. 
Үйлердің едені мен арнайы шұңқырларда астық сақтауға арналған үш құлақты 
ыдыстар орналасқан. Үйлердің арасындағы жерлер игерілген.
Б. з. д. 2-мыңжылдықта Солтүстiк Кавказдың Шығыста Махачқаладан бастап 
Майкоп пен Краснодарға дейiнгi ұлан-ғайыр территорияны мекендеген 
тайпалар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет