Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет38/80
Дата15.11.2023
өлшемі1,13 Mb.
#123987
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   80
солтүстiк кавказ
мәдениетiн қалыптастырды. Бұл мәдениеттiң 
ескерткiштерi Солтүстiк Кавказдың әртүрлi аудандарында, Терека және Кубан 
өзендерiнiң алқаптарында, далалы және таулы аймақтарда орналасқан. Бұл 
мәдениеттің қоныстары зерттелмеген. Археологиялық мәліметтер жерлеу 
ескерткіштерінен алынған. Олардың жерлеу орындары таулы аймақта – 
шұңқырға, далалы және тау бөктерлерінде оба астында орналасқан. Жерлеу 
заттарынан қола пышақ, балта, шот, әшекей заттары, түйреуіштер жиі кездеседі. 
Солтүстік Кавказ тайпаларының катакомба мәдениеті өкілдерімен байланысы 
болғандығы анықталды.
Солтүстiк Кавказ мәдениетi б.з.д. 2-мыңжылдықтың соңы мен 1- 
мыңжылдықтың басында 
кобан
атты жарқын да ерекше мәдениетке ұласты. Бұл 
мәдениет өз атауын Жоғарғы Қобан ауылының маңында орналасқан зираттан 
алады. Ол Х1Х ғасырдан бастап зерттелуде. Қобан мәдениетiнiң жерлеу 
ескерткiштерi мен қоныстары бұл күнде Асетиядан батысқа қарай Кавказдың 
терiскей бөктерiнiң бойымен Қара теңiз жағалауларына дейiнгi аралыққа 
таралған. Бүл мәдениет қарапайым жер қабiр мен жалпақ тастардан жәшiк 
секiлдi етiп жасаған қабiрлерге қол-аяғын бауырына бүгіп жатқызған 
мәйіттердің қасына қойылған бай қарулары және еңбек құралдарымен белгiлi. 
Жерлеу бұйымдарының iшiнде сапалы күйдiрiлiп, геометриялық өрнектермен 
безендiрiлген қыш ыдыстары ерекше. Қола заттардың iшiнде қарулар көп 
кездеседi. Олар – бет жағы безендiрiлген балталар, өрнектелген қанжарлар, аң 
бейнелерiмен безендiрiлген тұтқалар (ұстағыштар), жебе мен найзалардың 
ұштары, қола кетпендер мен орақтар. Қобан мәдениетi кезiнде Кавказдағы қола 
өндiру өзiнiң шарықтау шегiне жеттi. Кейбiр қабiрлердiң материалдары 
олардағы мүлiк теңсiздiгiнiң басталуынан хабар бередi. 


белгiлi қола ғасырлық дербес мәдениет қалыптасты. Ол Триалет өңiрiндегi 
зираттар негiзiнде зерттелген. Сондықтан да бұл мәдениет археологияда шартты 
түрде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет