Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Сiбiр мен Қазақстанның қола ғасыры



Pdf көрінісі
бет43/80
Дата15.11.2023
өлшемі1,13 Mb.
#123987
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   80
Сiбiр мен Қазақстанның қола ғасыры
Б.з.д. 3-мыңжылдықтың соңында Қазақстан мен Сiбiр аймағында қола 
ғасырлық ерекше мәдени орталық қалыптасты. Бұл мәдени орталықтың таралу 
аймағы Минусин қазан шұңқырын, Енисейдiң жоғарғы ағысын, Сiбiр және 
Қазақстан жерлерiн қамтыды. Осы мәдениеттiң қалыптасуы мен дамуы мыс 
рудасының молдығымен тығыз байланысты.


Айтылған өңiрдiң қолағасырлық археологиялық мәдениеттерi барлық 
жерлерде бiрдей жақсы зерттелмеген. Ең жақсы зерттелген аудандардың бiрi – 
Оңтүстiк Сiбiрдiң қола ғасыр ескерткiштерi. Бұл ауданда бiрiн-бiрi кезегiмен 
алмастырған үш үлкен архелологиялық мәдениет мұралары жақсы белгiлi. 
Олар: 
афанасьев, андрон (андронов) және қарасұқ 
археологиялық 
мәдениеттерi.
Бұл мәдениеттер мал өсiрiп, егiн егумен қатар металл өндiрудi жақсы 
игергендiгiмен ерекшеленедi. Б.з.д. 3 – 2-мыңжылдықтарда Енисейдiң жоғарғы 
ағысы мен Алтай даласында қалыптасқан
афанасьев
 
мәдениетi
 
өзiнiң бастауын 
жаңа тас (неолиттен) дәуірінен алады. Негiзiнен жерлеу ескерткiштерi жақсы 
зерттелген. 
Афанасьевтықтардың 
«әулеттік 
зираттары 
дөңгелек 
тас 
қоршаулардан тұрады. Әдетте, қоршаудың ортасында бір немесе екі жер қабір 
болады. Қабiрлерiнiң үстiнде аса үлкен емес, топырақтан немесе тастан 
үйiлген төбешiктерi бар. Жекелеген және тобымен жерленген жағдайлар да 
кездеседі. Мәйіттер қол-аяғын бауырына жиған күйінде, сирек жағдайда 
арқасымен ұзына бойы жатқызылған. Әдетте, еркектерi бiр немесе бiрнеше 
әйелдермен бiрге жерленген. Жерлеулерге ыдыстар, жабайы және үй 
жануарлардың кесек еттері, еңбек құралдары қойылады. Киімдеріне сүйектен 
және жыртқыш аңдардың тісінен жасалған тұмарлар мен моншақтар тігілген. 
Қабірге қойылған ыдыстары түбі сүйір, бүйірі томпақ жұмыртқа немесе шар 
тәріздес келеді. Сыртындағы өрнектері қисық сызық және шырша тәріздес. 
Жерлеу заттары тас келі, дән үгіткіш, сүйектер мен мүйізден жасалған 
бұйымдар, жебенің ұштары, салмақтастар, т.б. Сәндік бұйымдар ретінде 
жануарлардың тістері, ұлу тастар, балықтың сүйектері, кейде қабыршақтары 
пайдаланылған. Металл заттары негізінен мыстан жасалған пышақ, қанжар, сым 
сақиналар, ине, сырға, білезіктер мен ілмешектер.
Афанасьевтықтардың шаруашылығы өндiрушi шаруашылық, оның iшiнде 
бақташылық басым. Қазiргi кездегi үй жануарларының негiзгi түрлерiнiң 
барлығы дерлiк ұсталған. Жерлеулерден қойдың, үй бұқалары мен жылқының 
сүйектері табылады. Аңшылық пен балық аулау да қоғам өмiрiнде елеулi орын 
алды. Афанасьевтықтардың бiрсыпыра қоныстары да зерттелген. Олар көбiне 
жартылай жертөле және бөренелерден тұрғызылған үйлер түрiнде. Түстi металл 
өндiргендiгi анықталған, оларды алған кен орындары да зерттелген. Негiзгi 
еңбек құралдары тастан жасалғанымен мыс пышақтар, орақтар, балталар, 
инелер тiптi, мыс қанжарлар да кездеседi. Күмiс пен алтыннан жасалған 
бұйымдар да табылған. Минусинскiдегi осы мәдениетке атын берген Афанасьев 
тауындағы зираттан метеориттiк темiрден жасалған бiлезiк шықты.
Афанасьевтықтардың антропологиялық түр түсі мен еңбек құралдары жергілікті 
неолиттік тайпалардікіне ұқсамайды. Керісінше, ыдыстары, антропологиялық 
түр-түсі және жерлеу ғұрпы Шығыс Еуропалық ежелгі шұңқыр мәдениетіне 
етене жақын. Олардың екеуi де палеоевропеоидтық түрге жатады. 
афанасьевтіктерге дейін Сібір жерінде бақташылықтың ізі байқалмайды, ал 


Афанасьев кезінде дамыған күйінде пайда болады. Осыдан барып 
афанасевтіктер батыстан қоныс аударып келген дамыған тайпалардың өкілдері 
болуы мүмкін деген пікір туындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет