Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет44/80
Дата15.11.2023
өлшемі1,13 Mb.
#123987
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   80
Андрон мәдениетi 
б.з.д. 2-мыңжылдықта Шығыс Урал мен Батыс Сiбiр 
аралығында қалыптасты. Оның негiзгi таралу аймағы батыста Урал тауынан, 
шығыста Енисейге, солтүстiкте Тайгадан, оңтүстiкте Тянь-Шань тауларына 
дейiнгi Орта Азия мен Қазақстан жерiн алып жатыр.
К.А. Ақышев ескерткіштердің шоғырлануы мен материалдық мәдениетінің 
дамуына қарай андрон мәдениетінің үш ірі орталығын бөліп көрсетті. Солардың 
алғашқысы – Минусин қазан шұңқыры, Алтай және Шығыс Қазақстанды 
қамтитын Шығыс немесе Сібірлік орталық. Осы тарихи-мәдени орталыққа тән 
андрон мәдениеті Калба және Нарымдық мыс пен қалайы алынған кен 
орындары қойнауында дамыды. Осы кен орындарын кезінде С.С. Черников 
зерттеп, сипаттаған.
Андрон 
мәдениетінің екінші орталығын Ақышев орталық немесе 
қазақстандық деп атаған. Қазақстан жерін тұтасымен қамтитын орталықтың 
шекарасы ретінде: солтүстікте Степняк – Бурабай – Имантау – Жақсы және 
Жалғызтау қырқаларымен; оңтүстігі Бетбақдаланың солтүстігі; батыста Торғай 
ойпаты; Шығысы Шыңғыс тау қыраттарына дейінгі аралық көрсетіледі. Бұл 
орталық Орталық Қазақстандағы мыс және қалайы кен көздері негізінде 
дамыған. 
Оңтүстік Урал, Тобыл және Батыс Қазақстанды қамтыған үшінші батыс 
немесе Уралдық орталықта андрон мәдениеті жергілікті мыс кендері негізінде 
дамыған. 
Андрон мәдениетін кезеңдерге бөлу және мерзімдеу – қола дәуірін 
зерттеудегі аса күрделі мәселелердің бірі. Андрон мәдениеті ескерткіштерін 
алғаш зерттеушілер М.Т.Грязнов пен С.А.Теплоухов еді. 1927 жыл Батыс 
Қазақстан территориясынан андрон мәдениетінің бірнеше зираттарын қазған 
М.П.Грязнов далалық қола дәуірінің хронологиялық үш кезеңнен: алдынғы, 
ортаңғы және соңғы кезеңдерін саралап берді. 
Кейіннен 1948 жылы К.В.Сальников андрон мәдениетіне хронологиялық 
топтама жасады; оны бірінің орнын бірі басқан үш кезеңге бөліп, оларға шартты 
түрде: Федоров кезеңі – б.з. дейінгі ХVІІІ-ХVІ ғасырлар, Алакөл кезеңі б.з. 
дейінгі ХV-ХІІ ғасырлар, Замараев кезеңі – б.з. дейінгі ХІІ-VІІІ ғасырлар деген 
аттар берді. Андронов мәдениетін К.В.Сальниковтың кезеңдерге бөлуі тарих 
ғылымында дұрыс деп танылды және далалық қола дәуірінің ескерткіштерін 
зерттегенде осы мәдениеттің тараған аудандарының бәріне қолданылды. 
Қазақстанның андрон мәдениетіне кезеңдеу мен мерзімге бөлу мәселесіне 
Ә.Х.Марғұлан, Қ.А.Ақышев, А.Г.Максимова, С.С.Черников, А.М.Оразбаев, т.б. 
ғалымдар елеулі үлес қосты. Қазақстанның қола ғасырын зерттеуге (кезеңдеу 
мен мерзімдеу) тың идеялар енгізіп, соңғы материалдар негізінде түйіндеуге
А.А.Ткачев, В.В.Евдокимов, В.В.Варфоломеев, т.б. ғалымдар атсалысты. 


Андронов мәдениетінің этникалық тегі туралы ғалымдар арасында бірнеше 
болжам бар. Зерттеушілердің көпшілігі андронов мәдениеті неолит пен энеолит 
дәуірлерінде Қазақстан даласының солтүстік аймағы мен Урал сыртынан Батыс 
Сібірге дейінгі аралықты жайлаған мәдениеті мен шыққан тегі жағынан туыс 
тайпаларының табиғи дамуының негізінде қалыптасқан деп есептейді. 
Андрондықтардың жерлеу ескерткiштерi мен қоныстары салыстырмалы 
түрде жақсы зерттелген. Олардың зираттары қабiр үстiне үйiлген кiшкене 
үйiндiлер мен тас қоршаулардан тұрады. Сондықтан көпшiлiк жағдайда оларды 
iздеп табу қиынға түседi. Жерлеу қабiрлерiнде кейде қазылған шұңқырдың 
қабырғалары ағаштардан өрiлiп, үстi де ағашпен жабылады. Кейбiр жағдайда 
тастардан қаланады. Үсті жалпақ таспен жабылған, қабырғалары тігінен 
қойылған тастардан жасалған тас жәшіктер де кездеседі. Мәдениет өкілдері 
өлген кiсiнi аяғын бауырына бүгiп, жерлеген, ерте кезеңде мәйітті өртеп, күлiн 
жерлеу ғұрпы да болған. Жерлеуде тастан жасалған жебенiң ұштары, қола 
қарулар мен еңбек құралдары, алтын мен күмiстен жасалған сырғалар да жиi 
кездеседi. Соғыс арбасы қоса көмiлген қабiрлер де табылған.
Қоныстары егiн егуге қолайлы өзен жағалауларына жақын орналасқан. Ерте 
кезеңдегi қоныстар қорғаныс дуалдарымен нығайтылған. Үйлерi жартылай 
жертөле және жер бетiне салынған үлкен көп жанұялық баспана түрiнде 
кездеседі. Осындай үйлерден тұратын үлкен мекенжайлар да табылған. 
Андрондықтар негiзінен мал өсiру шаруашылығысен айналысқан. Негiзгi 
малдары қой, ешкi, сиыр және жылқы болған. Жылқыны мiнiс көлiгi ретiнде 
пайдалануды игерген. Металл өндiру кәсiбi Урал, Орта Азия, Қазақстан және 
таулы Алтай жерлерiндегi кен көздерi негiзiнде жүрген. Андрондықтар кен 
жыныстарын алған орындардың iшiндегi әйгiлiлерiнiң бiрi – Қазақстандағы 
Еленовский кеніші. Олар сондай-ақ алтын да өндiрдi. Қоладан жасалған пышақ, 
қанжар, дүмi шығыңқы балта, найза мен орақтар, бiздер кең таралған.
Андрондық ыдыстар құты тәрiздес, түптерi тегiс. Оларда балшықтан ыдыс 
жасаудың ерте дәуiрдегi қарапайым екi тәсiлi қолданылды. Бiрiншi тәсiл 
бойынша әбден иiнiн қандырып илеп, кеспе тәрiздi етiп жасаған балшықты 
бiрiнiң үстiне бiрiн қаттап орап, болашақ ыдыстың тұрпатын келтiргеннен кейiн 
сыртын жылтыратқан – мұны орама әдiс деймiз. Екiншi тәсiл бойынша алдымен 
қажеттi ыдыстың нысанын (формасын) матадан тiгiп алып, оның iшiн құммен 
толтырған. Сосын балшықты оның сыртынан жапсырып, болашақ ыдысты 
жасаған. Ыдыс арнайы жағдайда кептiрiлгеннен кейiн iшiндегi құмын төгiп, 
матасын алып тастаған – мұны жапсырма әдiс деймiз. Ыдыстардың сырты 
жақсылап өңделгеннен кейiн оны арнайы қалыпта күйдiрдi. Ыдыстар сыртынан 
геометриялық және толқын тәрiздес өрнектермен безендiрiлдi. 
Сынтасты және Арқайым қалашықтарын ашып, зерттеу Еуразия даласының 
ежелгi дәуiрi жайлы ғылымға елеулi өзгерiстер әкелетiн тың мәлiметтер бердi. 
Андрон 
және қима мәдениеттерiнiң өзара ұқсастығын олардың 
шаруашылығының бiртектестiгiнен, үй салу жүйелерiнiң ұқсастығынан, қыш 


ыдыстары мен әшекей бұйымдарынан көруге болады. Әсiресе, олардың соңғы 
кезеңдерiндегi ескерткiштерi бiр-бiрiне өте жақын. 
Андрон мәдениетi ескерткiштерi Оңтүстiк Сiбiрде: Орақ 1, Новая Черная 11, 
Сухое озеро; Алтайда: Венгерово 1, Абрамово 4, Преображенка 3; Оңтүстiк 
Уралда: Кулевчи 3, Сынтасты, Арқайым, Берсуат; Қазақстанда: Атасу 1, 
Петровка 2, Қанай, Былқылдақ 1, Бұғылы, Трушниково т. т. 
Б.з.д. ІІ мыңжылдықта Оңтүстік Урал өңірін мекендеген Анрон тайпаларынан 
қалған тамаша ескерткіш – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет