Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Савраматтар мен Сарматтар



Pdf көрінісі
бет61/80
Дата15.11.2023
өлшемі1,13 Mb.
#123987
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   80
Савраматтар мен Сарматтар 
Едiл – Урал аймағын мекендеген 
саврамат
тайпалары (б.з.д. VП – IV ғғ.) 
Скифтердiң шығыс көршiлерi болды. Геродоттың оларды әйел басқарған ел 
деген пiкiрiн археологиялық материалдар да растайды. Өйткенi, олардың 
әйелдерiнiң қабiрлерiнен қару-жарақ, атәбзелдерi мен абыздық рәмiздер жиi 
кездеседi. Әйелдердiң қабiрлерi зираттарының ортасында орналасуы да соған 
саяды. Геродотта келтiрiлген аңыз бойынша савраматтар – амазонкалар мен 
скиф жастарының некелік қатынасқа түсуіне байланысты қалыптасқан 
этникалық құрылым.
Савраматтар ұзақ уақыт скифтермен қатар тіршілік кешті. Олар өзара бейбіт 
қатынаста, кейде соғыс жағдайында өмір сүрді. Сондықтан бір-біріне мәдени 
және шаруашылық-экономикалық жағынан қатты әсер еткен. Б.з.д. V – ІV 
ғасырларда олардың арасындағы бейбіт қатынас бұзыла бастады. Савроматтар 
батыстағы көршісі скифтердің жеріне кейде күштеп, кейде бейбіт жолмен ене 
берді. Антикалық деректердің мәліметтеріне қарағанда, б.з.д. ІV ғасырда 
савроматтар Донның төменгі ағысымен Қара теңіздің солтүстік жағалауларына 
дейінгі жерлерді иеленген.
Савраматтардың обалары мен жерлеу ғұрпы скифтердiкiне ұқсас. Қайтыс 
болған кісіні шұңқыр қабірге жатқызып, үстін ағаштармен, бөренелермен 
жауып, үстіне оба үйген. Жерлеу заттары скифтердікіне ұқсас, олардың ішінде
акинактар, жебелер, атәбзелдерi, қола айналар, аң стилiнде безендiрiлген 
әшекей бұйымдары, тұрпайы жасалған саздан жасалған ыдыстар, т.б., 
құбандыққа шалған малдардан жылқының, қой мен сиырдың сүйектерi жиi 
кездеседi. Қабірге марқұммен бірге қойылған мал еттерін тасты қашап жасаған 
аң стиліндегі құрбандық табақтарға салып қойған. Осының барлығы 
савраматтардың шаруашылығының негiзi көшпелi малшылық болғанын 
бiлдiредi.
Б.з.д. IV – ІІІ ғасырлар аралығында савроматтар шығыс аудандардан келген 
туысқан тайпалармен қосылып жаңа тайпалық одақ құрды. Бұл жаңа құрылым 
тарих сахнасына 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет