Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет64/80
Дата15.11.2023
өлшемі1,13 Mb.
#123987
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   80
дьяков мәдениеті 
тайпалары елеулі орын алды. 
Б.з.д. VІІІ ғасырда Еділ мен Ока өзендерінің аралығы мен Жоғарғы Еділ, 
Владимир жотасында қалыптасқан осы мәдениет б.з. VІ ғасырда дейін ғұмыр 
кешті. Мәдениеттің атын қазіргі кезде Мәскеудің құрамына еніп кеткен Дьяков 
ауылы маңындағы алғаш зерттелген қоныстан алады.
Дьяков мәдениетін сипаттауға Үлкен Каширск (Кашир қаласында), Щербинск 
(Подольск маңында) және Троицк (Мажайск маңында) қалашықтарының 
материалдары алынған. Мәдениеттің созылған уақыттын тұтастай қамтыған 
мәдени қабаты бар соңғы екі қалашық түгелдей қазылған. Өзендердің қосылған 
тұмсығында орналасқан аса үлкен емес дияковтық қалашықтар мәдениет 
тіршілігінің алғашқы кезеңінде (б.з.д. VІІІ-ІV ғасырлар аралығында) тік 
қадалған қазықтармен қоршалды. Үлкен Каширск және Щербинск 
қалашықтарында осындай құрылыстар бар. Үйлері жертөлелер мен жердің 


бетіне салынған кіші гірім баспаналар түрінде. Ыдыстары түбі тегіс, ернеуі 
созылған құтылар түрінде. Сыртында тоқыма матадан қалған өрнектер де 
кездеседі. Металл бұйымдар өте сирек кездеседі. Негізінен сүйек заттар басым.
Көптеген сүйек бұйымдар кейіннен металдан қайталанып жасалған. Әсіресе, 
жебенің ұштары мен көп тісті гарпундар.
Мәдениет дамуының екінші кезеңінде (б.з.д. ІV – б.з. ІІІ ғ.) темір құралдар 
кең таралды. Темірден жасалған екі қанатты жебенің ұштары біздің 
заманымыздың бас кезінде жаппай қолданылған қаруға айналды. Осы кезеңнің 
соңына таман тоқымалы керамиканың орнына жылтыр, бірақ тұрпайы ыдыстар 
келе бастайды. Егіншіліктің рөлі артып, темір орақтар көбейді. Жанынан 
қарағанда саңырауқұлаққа ұқсас, үстінен қарағанда дөңгелек, ортасында тесігі 
бар балшықтан жасалған салмақ заттар кең таралды. Олардың қызметі жайлы 
түрлі болжамдар бар. Солардың ішіндегі шындыққа жақыны ұршықтың басы. 
Бұл кезеңде қоныстардың сыртындағы қорғаныс құрылыстары да жетілді. 
Мекендердің сыртын дуал мен ор (кейде екі қатар) қоршады.
Дьяковтық қалашықтардан скифтік заттар, соның ішінде ноқталар мен 
ауыздықтар көп табылады.
Үшінші кезеңде (б.з.ІІ – VІ ғ.) тоқымалы керамика түбегейлі жоғалады. 
Жылтыр денелі керамика жаппай таралды. Қазба кезінде ашылған ұстаханалар 
кешендері темір өндірісімен олардан заттар жасаудың қанат жайғанын 
байқатады. Андропов қаласының маңындағы Березняки қалашығындағы
ұстаханадан 50 темір қорытпасы шыққан. Осы қалашықтан шала өртенген 
мәйіттерді қойған өлілер үйі ашылған. Өлілер үйіне қойылған заттар балталар, 
пышақтар, жебенің ұштары, әшекей заттары. Дьяковтық басқа жерлеу 
орындары жайлы мәлімет жоқтың қасы деуге болады.
Шалғы орақ, ұстаның қысқышы, балғасы секілді ірі құралдар пайда болды. 
Щербинск қалашығынан темір сақиналардан тұратын көмбе табылған. Темір 
өңдеудің дамуы шаруашылықта егіншіліктің басты орынға шығуына ықпал етті. 
Орман алқаптарын ағаштан тазартып, егін егу мүмкіндігі туды. Тастан жасалған 
дән үгіткіштер жиі кездеседі. Дақылдардан қара бидай, бидай, анаша, т.б. егілді. 
Қазбалардан табылған қызыл және алтын жалатқан оңтүстіктен әкелінген 
моншақтар айырбастың дамығандығын көрсетеді. Троицк қалашығынан 
латынша жазуы бар римдік түйреуіш табылған. Щербинск және Троицк 
қалашықтарында жүргізілген қазбалар мәліметтері тұрғындардың этникалық 
құрамы батыстан келген Балтық жағалауы тұрғындары әсерінен өзгере 
бастағанын білдіреді.
Кейбір зерттеушілер дьяков мәдениетінің кезеңін VІ –Х ғасырлар деп бөледі. 
Бұл кезде ыдыстардың сыртында баулы өрнектер пайда болады, заттар 
кешенінде финдік типтегі шуылдақ шашбаулар, оңтүстіктің түйреуіштері, 
салтовтік балталар секілді отырықшы аймақтарға тән бұйымдар кездеседі. 
Қалашықтарман қатар тіршілік кешкен ауылдық мекендер таралды. Дьяков пен 
Балтық жағалауы тұрғындары материалдық мәдениеттің ортақ белгілері нақты 


байқала бастайды. Мәдениеттің тегі жайлы мәселе әлі нақты көтерілмеген, 
өйткені осы өңірдегі кейінгі қола ғасыры ескерткіштері әлі жөнді зерттелмеген. 
Этникалық жағынан дьяковтықтар осы күнгі мерлер мен вестердің арғы тегі 
саналады. 
Дьяковтықтардан оңтүстік-шығыста Цна, Ока және Еділ өзендері аралығында 
городец мәдениетінің (б.з.д. VІІ – б.з. ІV ғ.) тайпалары тіршілік кешті. Бұл 
мәдениет бірқатар жергілікті нұсқаларға бөлінеді. Солардың ішінде Саратов 
және Рязань ескерткіштер топтары біршама жақсы, Тамбовтық ескерткіштер 
тобы нашар зерттелген. Городец тайпаларының арғы тегі болып абашев пен 
қима мәдениеттерінің ықпалына ұшыраған волосовтық тайпалар саналады.
Осы мәдениеттің қоныстары да алғашқыда бекініс құрылыстары жоқ 
ауылдық мекендер түрінде болды. Кейіннен қалашықтар пайда болып, ауылдық 
мекендер жойылады. Ал соңғы кезеңде қалашықтар мен ауылдық мекендер 
қатар тіршілік кешкені байқалады. Тұрғын үйлері жертөле және жердің бетіне 
салынған баспаналар түрінде болған. Ыдыстары көбіне жөкеден
(рожка)
жасалған ірі штамптары бар, бірақ ертеректегі ескерткіштерінде қарапайым тор 
тәрізді өрнектер де кездеседі. Заттардан көбіне, сүйектен жасалған, темір мен 
қоладан жасалған құралдар өте сирек кездеседі. Балшықтан жасалған 
салмақбасқыштар сыртында ойық немесе нүкте тәріздес өрнегі бар цилиндр 
тәріздес. Шаруашылығында мал өсіру үстем болып, жылқы, қой, сиыр өсірген. 
Балық пен аң аулау да елеулі орын алды. ІІ-ІV ғасырларда городецк тайпалары 
Еділдің арғы бетіне қоныстана бастаған. Жерлеулері ұсақ қабірлерге мәйітті 
бүгілген күйінде жатқызған. Б.з.д. ІІ-І мыңжылдыққа жататын Кіші Волосовтық 
жерлеу городецк мен волосовтық мәдениеттің шекарасында тұр.
Городец мәдениеті мешерлер, муромдар мен мордвалардың арғы тегі деп 
есептеліп жүр.
Ананьин мәдениеті б.з.д. VІІ – ІІІ ғасырлар аралығында Кама, Вятка және 
Белое жағалауларында тіршілік кешті. Осы мәдениет Кама маңын мекендеген 
Трубинск тайпалары мен Уралдың арғы бетінен келген басқа этникалық 
топтардың араласуы негізінде қалыптасқан деп есептеледі. Мәдениеттің 
қалашықтары мүйістерге салынып, сыртынан дуал мен ор қоршаған. Кейбір 
қалашықтарда дуалдың орнына бөрене қабырғалар мен ағаш шарбақтар 
салынған. Қазбадан табылған мол сүйек қалдықтары малшылықтың негізгі орын 
алғанын білдіреді. Жылқы, қой, сиыр, шошқа өсіргені анықталған. Дән 
үгіткіштер, қола орақтар мен сүйектен жасалған кетпендер орман ағаштарын 
шауып орнына егін еккен кәсіптің де болғанын байқатады. Балық пен аң аулау 
күн көрудің қосалқы кәсібіне айналған. Әсіресе, терісі бағалы түлкі, сусар, 
кәмшат секілді аңдардың сүйектері табылған. Ананьиндықтарда сүйектен 
жасалған бұйымдар өте көп. Темір құралдар дьяковтықтармен салыстырғанда 
мол. Қола заттар да жеткілікті. Уралдағы металл кен орындарына жақын 
орналасқандығы сезіледі. Түрі мен өрнегі бірдей ананьиндік құралдардың
жаппай өндірілуі олардың айырбасқа арнайы жасалғандығын білдіреді. 


Олардың жасаған заттары Норвегия мен Батыс Сібірге дейін жеткен. Керісінше, 
Конецгор қонысынан мысыр құдайы Амонның кішкене мүсіні табылған. 
Ыдыстарының түбі жұмыр, сыртқы өрнегі ағаштың басына оралған жіптің 
көмегімен салынған.
Ананьиндік жерлеулер жеткілікті деңгейде белгілі. Солардың бірі Ананьино 
ауылының маңында қазылған зираттың атымен бүкіл мәдениетті атаған. 
Марқұмдардың денесін көмген, ішінара өртеген жағдайлар кездеседі. 
Қабірлерде жерлеу заттары көп. Еркектердің қарапайым қабірлерінде балта, 
пыша және жебенің оқтары шығады. Ал бай жерлеулерден қарулар, алтыннан 
жасалған ұсақ әшекейлер, мойынға салған алқалар, әйелдердің жерлеулерінен 
әшекей бұйымдары – қапсырмалар, алқалар, қола айналар табылады. 
Мәдениеттің өкілдері қабірдің басына мүсін тас қойған. Оларда әдетте, соғыс 
балтасы, қанжар секілді қарулар бедерленіп салынған. 
Ананьин зиратында қабір басына қойылған тас плита табылған. Онда соғыс 
балтасы, қанжар мен мойнына алқа таққан шошақ қалпақты жауынгер 
бейнеленген. Осы баған тастың астындағы қабір жерлеу заттарына бай болып
шықты. Ішінен табылған заттар бейнеге сай келді. Қабірге темір балта, қанжар 
және күмістен жасалған алқа қойылыпты. Кама мен Урал маңында құрбандық 
орындары табылған. Осындай құрбандық орындарында қалыптасқан күл қабаты 
кейбір жерлерде бір жарым метрге дейін жетеді. Күл қабатынан кездесетін 
сүйек қалдықтары малдың емес адамдардың шала жанған қаңқалары. Әсте 
өлген адамдарды бір жерде өртеп, шала жанған қалдығын апарып жерлейтін 
салт болған сияқты.
Ананьиндіктер осы күнгі удмурттар мен пермьдік комилердің арғы тегі 
саналады. 
Б.з.д. ІІ – б.з. V ғасырлар аралығында өмір сүрген Пьяноборск мәдениеті 
ананьиндіктердің тікелей ұрпағы саналады. Бұл кезде қалашықтардың аумағы, 
тұрғындардың саны мен тығыздығы арта түседі. Қыш ыдыстар өте сирек 
табылады. Шамасы темір құралдардың молдығы ағаштан ыдыс жасауға мол 
мүмкіндік берген болса керек. Каманың бойында ағаштан ыдыс жасау осы 
күнге дейін жалғасып келеді. Мәдениеттің үйлері де қима бөренелерден 
салынған.
Пьяноборск зираттары жақсы зерттелген. Әйелдердің қабірлері жерлеу 
заттарына бай келеді. Жерлеуден табылған заттардың көпшілігі ғұрыптық 
сипатта. Жеті басты бұғының, жыланның, құрсағында жеті балық көрсетілген
аңдардың бейнелері жиі кездеседі. Шамасы «7» саны қасиетті сан болса керек. 
Ерлердің жерлеулерінен әдетте, балта, найза, жебенің ұштары кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет