49
ПРОЕКТ
ашық аспанда көк күмбезінің өзі тұрған жартышарында 3 мың жұлдыз-
ды көре алады. Жердің екінші жартышарында тұрған адам да жай көзбен
сонша жұлдыздарды бақылай алады. Алғаш рет жұлдыздар тізімін біз-
дің дәуірге дейінгі ІІ ғасырда ежелгі элладалық (грекиялық) астроном
Гиппарх жасады. Оның тізіміне Птоломейдің кейінгі толықтыруларымен
1022 шырақ енгізілді. Бірте-бірте жай көзге көрінетін шырақтар саны
6 мыңға жеткізілді. Олардың ішінде жиі аталатын 300 жұлдыздың төл
атауларының 15%-ы грек, 5%-ы латын, 80%-ы араб тілдерінде аталады.
Араб тілдеріндегі жұлдыздар атауын беруге «мұсылман ғалымдары» деп
аталып кеткен Орталық Азия халықтарынан шыққан ұлы ғұлама астро-
номдар да зор үлес қосты.
2. Көзге көрінетін шырақтардың үшеуінен басқалары Күн жүйесі
орналасқан Біздің Галактиканың жұлдыздары болып табылады. Өлшеу-
сіз тым алыста орналасқандықтан, ноқаттай жарық көзі болып көріне-
тін шырақтардың ішіндегі үшеуі – Біздің Галактиканың сыртындағы
«Андромеда Тұмандығы», «Үлкен және кіші Магелландық Бұлттар» деп
аталатын өз алдына жеке Галактикалар болып табылады.
Қазіргі Жер бетіндегі және ғарыш кеңістігіне ұшырылған телес-
коптарда соңғы жүз жылда тіркелген мәліметтер бойынша тек Біздің
Галактиканың өзінде 200 миллиардтай жұлдыздардың бар екендігі ай-
ғақталды. Басқа Галактикалардағы жұлдыздар саны да ондаған, жүз-
деген миллиардтарды құрайды. Телескоптарда тіркелген жеке Галак-
тикалардың саны да миллирдтан асады. Міне, жұлдызды аспанның
қазіргі ғылыми астрономияда анықталған галактикалық құрылымдық
қабаттары мен қатпарлары осындай.
Достарыңызбен бөлісу: