Оқулық физика 9 проект башарұлы Р. т б



Pdf көрінісі
бет32/219
Дата22.12.2023
өлшемі5,74 Mb.
#142615
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   219
аспан сферасы
небесная сфера
Celestial sphere
Жұлдызды аспанның 
жылжымалы картасы
Подвижная карта 
звездного неба
Moving map of the star sky
Жұлдыздардың 
шарықтаулары
кульминации звезд
The culmination
of the stars
Жергілікті, белдеулік 
және бүкіләлемдік уақыт
местное, поясное и 
всемирное время
Local, regional and world 
time
кеплер заңдары
законы кеплера
Kepler’s Laws
күн жүйесі
Солнечная система
Solar system


48
ПРОЕКТ
§8.
 
жҰЛдЫЗдЫ АСпАН. АСпАН СФЕрАСЫ
1.
Жұлдызды аспан

самсаған сансыз шырақтармен көмкерілген 
көк күмбезі
. Сократтың шәкірті, Аристотельдің ұстазы әйгілі Платон 
аспан күмбезін былайша елестетеді: «
Әлем жай ғана күмбез емес. Ол – 
мінсіз де кемел күмбез

Жаратушы оның бетін мұнтаздай жылтыр 
етуге қамқорлық жасады және бұл себепсіз де емес еді
...» Еуразия 
кеңістігін алып жатқан апайтөс Ұлы Дала өкілдері және олардың бірі –
қазақ халқы өздерінің ертегілері мен әпсаналарында Платон суретте-
ген күмбезді «жеті қат», кейде «тоғыз қат көк» деп пайымдаған. Есте 
жоқ ескі заманда қалыптасқан мұндай пайымдау Платонша айтқанда 
«
себепсіз де емес еді
». Расында да, Бұқар жырауша «
Ай нұрын ұстап 
мініп, жұлдыз аралап
...» алысқа бармай-ақ, бергі Күн жүйесіне зер 
салсақ (сурет 2.1), ондағы шырақтардың біреуі бері, біреуі әрі жеті-тоғыз 
қабаттан тұратыны белгілі. Солардың бірі – Абай жырлаған «
сәулесі 
суда дірілдеген, желсіз түнде жарық Ай
» (сурет 2.2) – бізге ең жақын 
жалыны жоқ аспан шырағы. Екіншісі – бізге ең жақын жалындап
жанып тұрған жұлдыз – Күн. Олардан басқа Жерде тұрып қарусыз көз-
бен көруге болатын әртүрлі орбиталар бойымен Күнді айнала қозғала-
тын жалынсыз бес планета: Меркурий (қазақша «Кіші шолпан» немесе 
«Балпан»), Шолпан, Марс («Қызыл жұлдыз»), Юпитер («Есекқырған») 
және Сатурн.
Сурет 2.1. Күн жүйесіндегі планеталар 
Сурет 2.2. Түнгі аспан
Жердің екі жартышарында жай көзбен көруге болатын 6 мыңдай 
шырақтардың барлығы дерлік температуралары миллиондаған градусты 
құрайтын жұлдыздар болып табылады. Өткір көзді адам түнгі Айсыз 


49
ПРОЕКТ
ашық аспанда көк күмбезінің өзі тұрған жартышарында 3 мың жұлдыз-
ды көре алады. Жердің екінші жартышарында тұрған адам да жай көзбен 
сонша жұлдыздарды бақылай алады. Алғаш рет жұлдыздар тізімін біз-
дің дәуірге дейінгі ІІ ғасырда ежелгі элладалық (грекиялық) астроном 
Гиппарх жасады. Оның тізіміне Птоломейдің кейінгі толықтыруларымен 
1022 шырақ енгізілді. Бірте-бірте жай көзге көрінетін шырақтар саны 
6 мыңға жеткізілді. Олардың ішінде жиі аталатын 300 жұлдыздың төл 
атауларының 15%-ы грек, 5%-ы латын, 80%-ы араб тілдерінде аталады. 
Араб тілдеріндегі жұлдыздар атауын беруге «мұсылман ғалымдары» деп 
аталып кеткен Орталық Азия халықтарынан шыққан ұлы ғұлама астро-
номдар да зор үлес қосты.
2. Көзге көрінетін шырақтардың үшеуінен басқалары Күн жүйесі 
орналасқан Біздің Галактиканың жұлдыздары болып табылады. Өлшеу-
сіз тым алыста орналасқандықтан, ноқаттай жарық көзі болып көріне-
тін шырақтардың ішіндегі үшеуі – Біздің Галактиканың сыртындағы 
«Андромеда Тұмандығы», «Үлкен және кіші Магелландық Бұлттар» деп 
аталатын өз алдына жеке Галактикалар болып табылады.
Қазіргі Жер бетіндегі және ғарыш кеңістігіне ұшырылған телес-
коптарда соңғы жүз жылда тіркелген мәліметтер бойынша тек Біздің 
Галактиканың өзінде 200 миллиардтай жұлдыздардың бар екендігі ай-
ғақталды. Басқа Галактикалардағы жұлдыздар саны да ондаған, жүз-
деген миллиардтарды құрайды. Телескоптарда тіркелген жеке Галак-
тикалардың саны да миллирдтан асады. Міне, жұлдызды аспанның 
қазіргі ғылыми астрономияда анықталған галактикалық құрылымдық 
қабаттары мен қатпарлары осындай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет