Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет128/171
Дата18.05.2022
өлшемі0,53 Mb.
#34912
түріОқулық
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   171
Байланысты:
(KZ) АДАМ АНАТОМИЯСЫ ДОСАЕВ

Мөлдір қалқа табақшасы, lamina septi pellucidi, сүйелді дене мен күмбез бағанасының арасында тартылып тұрады. Бұл табақша бүйір қарыншаның бүйір мүйізінің медиалды қабырғасын құрайды. Оң және сол табақшалар бір-бірімен тығыз жанасып мөлдір қалқаны, septum pellucidum, түзеді.
Сүйелді дене жүлгесі, sulcus corporis callosi, сүйелді денені қоршап жатады, бұл жүлге төменгі жағында гиппокамп жүлгесіне, sulcus hippocampi жалғасады. Сүйелді дене жүлгесінен жоғары және оған параллелді белдеулік жүлге, sulcus cingyli, жатады, ол артқы жағында екіге: жоғары қарай кететін белдеулік қатпардың жиектік бөлігі, pars marginalis sulci cinguli мен шекеастылық жүлгеге, sulcus subparietalis, бөлінеді. Белдеулік және сүйелді дене жүлгелерінің аралығында белдеулік қатпар, gyrus cinguli, орналасады.
Белдеулік қатпар артқы жағынан сүйелді дене буылтығын айналып, белдеулік қатпардың қылтасын isthmus gyri cinguli, түзеді де, мидың төменгі бетінде гиппокампжанындағы қатпарға gyrus parahippocampalis, ауысады. Белдеулік қатпар қылта және гиппокампжағындағы қатпар үшеуі күмбездік қатпарды, gyrus fornicatus, түзеді.
Шеке-шүйделік және жүлге, sulcus parietooccipitalis, пен белдеулік жүлгенің жиектік бөлігінің аралығында сына алды, precuneus, орналасады. Ми сыңарының медиалды бетіндегі орталықалды қатпардың орталықарты қатпарына ауысатын аймағы орталықжанындағы үлесше ,lobulus paracentralis, деп аталады.
Шүйделік үлестің медиалды бетінде горизонталды бағытта терең топшылық жүлге
,sulcus calcarinus, өтеді. Ол шекеастылық жүлгеден басталып, ми сыңарының шүйделік шетінде аяқталды. Ми қыртысының топшылық және шеке-шүйделік жүлгелерімен шектелген бөлігі сына ,cuneus, деп аталады. Топшылық жүлгенің астында тілдік қатпар, gyrus lingualis, орналасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет