Мисыңарыныңтөменгібеті. Бұл беттегі негізгі анатомиялық құрылымдар «Миға жалпы шолуда» сипатталады. Үлкен мидың бойлық саңылауы мен иіс сезу жүлгесінің аралығында түзу қатпар, gyrusrectus,орналасады.Оның латералды жағында көзұялықжүлгелермен,sulciorbitales,бөлінген бірнеше көзұялық қатпарлар,gyriorbitales,жатады.
Шүйделік және самайлық үлестердің төменгі бетінде, гиппокампжанындағықатпар, gyrus parahippocampalis, оны латералды жағынан шектейтін жанама жүлге,sulcus collateralis,жатады. Гиппокампжанындағы қатпардың алдыңғы иілген шеті - ілмек,cuneus, деп аталады. Жанама жүлгенің латералды жағында шүйде-самайлық медиалдықатпар,gyrus occipitotemporalis medialis, орналасады. Бұл қатпарды латералды жағынан шүйде-самайлық жүлге, sulcus occipitotemporalis, шектейді. Осы жүлгенің сыртында шүйде-самайлықлатералды қатпар, gyrus occipitotempralislateralis, жатады. Үлкен мидың төменгі-латералды жиегі аталған қатпарды төменгі самайлық қатпардан бөліп тұрады.
Төменгі бет:
Самайлық үлестің төменгі беті мен шүйделік үлестің төменгі бөлігінің жартысында орналасқан коллатералды жүлге, sulcus collateralis, шамамен алдыңғы үш жүлгеге паралелль орналасады. Латералды шүйде-самай қатпары, gyrus occipitotemporalislateralis, коллатералды және төменгі самай жүлгелерінің арасында жатады. Парагиппокамптық қатпар, gyrus parahippcampalis, коллатералды жүлгеден ішке қарай, алдыңғы қатпарларға паралелль орналасып, ми сабауынан гиппокамп жүлгесі, sulcushippocampi, арқылы шектеледі. Парагиппокамптық қатпардың вентралды шеті жоғарғы және артқы жағынан ілмек, uncus, тәрізді иілген. Гиппокамп жүлгесінің тереңінде иіс сезу миының анық көрінетін рудименті болып табылатын, тісті болып келген, кішігірім, жіңішке қатпар, gyrus dentatus,анықталады.