Жұлын – ми сұйықтығы
Қарыншалар жүйесімен торлы қабық астындағы кеңістікті толтыратын сұйықтық мөлдір, жасушалар жоққа жақын, әлсіз сілтілік қасиеті бар және қан плазмасына изотониялық қатынаста. Әдетте жұлын – ми сұйықтығында аз мөлшерде ақуыздың (белок) қатынасы бар, ол әр адамда жас шамасына қарай өзгеріп тұрады, балалардың жұлын – ми сұйықтығында төмен, ал ересектерде жоғары. Қалыпты жұлын – ми сұйықтығының ішінде аздаған қант, кальций, натрий, магний тұздары, хлоридтер, сүт қышқылы, амин қышқылдары, креатинин, несеп қышқылы,мочевина және холестерин бар. Сұйықтықта сонымен бірге, едәуір басымдылықпен лимфоциттерден ( 1мл-де 5 жасуша) тұратын азғана жасушаларды байқауға болады.Жжұлын – ми сұйықтығы негізінен тамырлы өрімнің гипертониялық тұзды ерітіндіні бөліп шығаруынан түзіліп, әрі қарай қарыншалар астарының эпендима жасушалары арқылы судың өтуі (диффузия) себебінен изотониялыққа айналады. Қан қысымының көтерілуі жұлын – ми сұйықтығының түзілуін ынталандырады, бұл гипертониялық тұзды ерітіндінің көптеп бөлінуінің арқасында болуы мүмкін. Жұлын – ми сұйықтығына кейбір басқа заттарды бөліп шығаруға тамырлы өрімнің де қабілеті бар.
Жұлын – ми сұйықтығының айналымы
Жұлын – ми сұйықтығының (ЖМС) негізгі бөлігі мидің бүйір қарыншаларында түзілсе, кішкене бөлігін тамырлы өрімдері бар басқа қарыншалар бөліп шығарады. Бірақта сұйықтықтың эпендима астары арқылы өтуі тамырлы өрімдері жоқ аймақтарда да болуы мүмкін. Су және кейбір заттарда (амин қышықылы, иондар) ЖМС – нан мидің паренхимасына сіңіру мидің эпендимасы астарының өне бойымен жүруі мүмкін. ЖМС – ның басты ағымы каудальді, төртінші қарыншаның тесіктеріне бағытталған. Бұл құбылыстың болуы, аса жоғары қысым негізінен ми қарыншалар жүйесінің ростральдік аймағында, бірінші кезекте ЖМС – ның түзілуі жылдамдығына байланысты болуы мүмкін,
осы жағдай сұйықтық ағымының каудальді, Люшконың бүйір тесіктеріне бағытталуына жадай жасайды.
Заманауи мәліметтерге сүйенсек тәулігіне 5-100 мл. ЖМС – ы түзіледі, ол ми қарыншалар жүйесімен торлы қабық астындағы кеңістіктегі жалпы көлемі орташа 135 мл-ге (75-тен 150 мл-ге дейін) тең сұйықтық тұрақтылығын сақтайды. Сондықтан күн сайын қанша ЖМС – ы түзілсе, соншасы сіңірілуі тиіс. Мидің қатты қабығы қойнауларындағы және жұлынның эпидуральдік тамырлы өрімдеріндегі торлы қабық түйіршіктері (Пахион грануляциясы) ЖМС – ның веналық жүйеге ағымын реттейтін қақпашықтар қызметін атқаратын сияқты, егерде ЖМС – ның қысымы венадан артық болса ЖМС – ның бір бөлігі мидің жұмсақ қабығындағы ауқымды өрімдерінің майда венулаларымен сіңірілетіні хақ. Осы өрімдерден ағым мидің қатты қабығының қойнауларымен сегменттік веналарға өтеді. Су және кейбір иондар ми мен жұлын беттерін жапқан пиаглиальді жарғақ арқылы өтеді. Сонан соң осы сұйықтық ішінде ерітілген заттармен бірге глиальдік өзектер арқылы ми паренхимасының шағын венулаларына жетуі мүмкін.
Жұлын – ми сұйықтығының қызметі
ЖМС миді «ауалы жастықша» ретінде қоршап, оны механикалық зақымдардан қорғауы мүмкін. ЖМС нейрон – глия – эпендима – ми қарыншалары жүйелері арқылы өтетін зат алмасу қалдықтарын алып шығуы ықтимал дегенде ойлар айтылады. Артық мөлшері ЖМС жиналғанда гидроцефалия деп аталатын ақау пайда болады. Бұның себебі; біріншіден, қарыншаларда ЖМС – ның түзілуінің күшеюі, екіншіден, жиі кездесетіні, бұл патологиялық үрдіс, ЖМС – ның қалыпты ағымына кедергі тууы және оның қарыншалар қуысынан торлы қабық астындағы кеңістікке шығуының қиындауы, ал ол қабынуы үрдісінде және соның салдарынан Лушко тесігінің бітелуінен немесе үшінші қарыншаның дамымауынан туындайды. Басқа бір себебі, ми суқұбырының бітелуі немесе дамымауы. Жоғарыда аталған екі жағдайда да қарынша қуысынан ЖМС – ның ағымының қиындауы оның бітелген аймақтан жоғары орналасқан жерінде туындайды, ал сұйықтықтың түзілуі бұзылмайды. ЖМС – ның артық көлемде жиналуы салдарынан қарыншалар қуысы кеңейіп , ақыр аяғында мидің қызметтік бірлігіне қауіп тудырады.
Достарыңызбен бөлісу: |