Оқулық Сараптамашыға ескерту!


Генетикалық терминдер мен символика



бет26/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   123
Генетикалық терминдер мен символика
Тұқымқуалаушылықтың негізінде бір түрге жататын организмдер өздеріне ұқсас ұрпақтар қалдырып отырады. Мысалы, бидай дәнінен бидай өсіп шығады. Қойдан қозылар туады. Олар сыртқы және ішкі белгілері бойынша аналыққа ұқсас келеді. Осыған байланысты тұқым қуалау деп организмдердің көбею кезінде белгілер мен қасиеттерін және даму ерекшеліктерін ұрпаққа беруін айтады. Неге организмдер бір белгісі бойынша аталығына, екінші белгісі бойынша анасына ұқсас болады? Олай болатын себебі, ата-аналық белгілер ұрпақтарына гендер арқылы беріліп, түрлі белгілер нәтижесінде көрінеді.
Ген (грек. генос – туу) – ДНҚ молекуласындағы нәруыз молекуласы туралы ақпарат таситын ДНҚ-ның тізбегі.
Қызметіне байланысты гендер: құрылымдық және реттеуші болып 2 түрге бөлінеді.
Жасушаның бөліну кезінде ДНҚ молекуласы хромосомаға ширатылатындықтан, хромосоманың қасиеттері мен белгілерін бақылайтын гендерді құрылымдық, ал олардың сыртқы ортада көрінуін қамтамасыз ететін гендерді реттеуші деп атайды. Гендер организмнің нақты бір белгісі және нәруыз молекуласының түзілуін анықтайды.
ДНҚ (ген) → ақпараттық РНҚ (геннің көшірмесі) нәруыз → белгі. Хромосома (грек. хромо – бояу, сома – дене) жасуша ядросында тұрақты болатын, центромерасы бар, екі хроматидадан тұратын құрылым. Гендердің хромосомада орналасқан орнын локус деп атайды.
Диплоидты жасушаларда хромосомалар жұп болып келеді. Олардың пішіні, мөлшері және онда орналасқан гендер де бірдей, ұқсас болады. Мұндай хромосомаларды гомологты хромосомалар деп атайды. Ал гомологты хромосомалардың бірдей локусында орналасқан қарама-қарсы (баламалы) бір жұп белгілердің (доминантты ген – А, рецессивті ген – а) дамуын анықтайтын гендерді аллельді гендер деп атайды. Олар әкесінен және шешесінен беріледі. Ұрықтанған жұмыртқа жасушасын зигота деп атайды. Зиготада хромосомалар жиынтығы диплоидты (2n), мысалы, ол бұршақ өсімдігі гүлінің қызыл және ақ түсін, бір геннің екі аллелін көрсетеді.
Гамета (грек. гаметес – жұбайы) деп гаплоидты (1 n) хромосома жиынтығы бар өсімдіктер мен жануарлардың жыныс жасушасын айтады. Гамета жыныс жасушасының мейоздық бөлінуі нәтижесінде түзіледі. Бірдей аллельді гендері бар гаметаның қосылуынан түзілген организмді гомозиготалы (ААІ және ааІІ) десе, әртүрлі аллельді гендері бар гаметаның қосылуынан пайда болған дараларын гетерозиготалы (АаІІІ) деп атайды.
Тұқым қуалайтын гендердің жиынтығын генотип дейді. Ал фенотип дегеніміз – тұқым қуалайтын гендердің сыртқы ортаға көрінуі. Мысалы, адамның қара көзді белгісі доминантты болғандықтан, генотипі АА және Аа болады немесе бір фенотипке екі түрлі генотип сәйкес келеді.
Доминантты белгі дегеніміз – гомозиготалы (АА) және гетерозиготалы (Аа) күйінде басқа белгінің дамуына басымдылық көрсететін басым белгі.
Рецессивті белгі (аа) – гетерозигота (Аа) күйінде көріне алмайтын тұқым қуалайтын белгі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет