Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет122/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   218
негізгі және аралық. Денесінде паразит ересек түрінде дамитын (жыныстық 
жетілген кезеңінде) болса, онда жануарлар паразиттердің негізгі (тұрақты) 
иесі, ал личинкасы дамитын болса, ол аралық иесі. Бұлардан басқа екінші 
(қосымша) және резервуарлық иелері де болады. Мысалы, жалпақ таспа 
құрттың (Diphyllobothrium latum) негізгі иесі адам, аралығы - циклоп 
(шаянтәрізділер), екінші (қосымша) аралығы - балық.
Паразиттер факультативті (жалған) және облигатты (нағыз) болып 
бөлінеді. Мысалы, Aloinema туысына жататын құрттың кейбір түрлері бір 
себеппен жануардың ішегіне түскенде, онда өсіп, паразиттік тіршілікке 
көшеді, ал ішекке түспеген жағдайда олар топырақта еркін тіршілік ете 
алады. Сонымен бұл жерде паразитизм тек факультативті түрде болады.
Жоғарыда көрсетілген паразиттердің барлығы облигатты паразиттер. 
Солардың ішінде толық даму үшін аралық иені қажет ететін паразит құрттар 
- биогельминттер, ал топырақты қажет ететін - геогельминттер.
Гельминтоз аурулары адамдар, жануарлар, өсімдіктер үшін өте қауіпті. 
Сондықтан елімізде гельминтозға қарсы күрес жүргізу шаралары қолға 
алынған. Бұл салада атақты ғалым академик К. И. Скрябин және оның 
шәкірттері ғылымда және іс жүзінде пайдалануға болатын өте маңызды 


нәтижелерге ие болды, гельминтоз ауруларына қарсы күрес жүргізудің 
көптеген шараларын ұсынып, аурудың алдын алу тәсілдерін белгілеп берген. 
К. И. Скрябиннің бастауымен жүргізіліп жүрген денсаулықты жақсартатын 
жоспарлы шаралар дұрыс жолға қойылған.
К. И. Скрябин 1905 жылы Юрьев қаласындағы мал дәрігерлік 
институтын бітірген соң еңбек жолын Шымкент пен Әулиеатада бастады 
(1905-1911 жылдары). Жамбыл қаласында К. И. Скрябин атындағы 
Қазақстанның алғаш өлкелік гельминтологиялық, лаборатория мен музей 
ашылған және мемориал тақтасы орнатылған.
К. И. Скрябиннің трематодтар, цестодтар, нематодтар туралы бірнеше 
томдық ғылыми еңбектері гельминтологияның дамуында маңызды рөл 
атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет