Өз тағдырыңды, өзің қалай түбірімен өзгертуге


Ғазиз жанмен қалай тікелей байланысқа шығуға болады?



Pdf көрінісі
бет4/19
Дата03.03.2017
өлшемі1 Mb.
#7304
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Ғазиз жанмен қалай тікелей байланысқа шығуға болады? 
 
«Құдайға сенген құстай ұшады, 
                                     
Адамға сенген мұрттай ұшады». Қазақ мақал-мәтелдері 
 
Сіз  Ғазиз  жанның  тәртіп  бағдарламасын  қалай  іс  жүзіне,  нақтылы  оқиғаға 
айландыратыны  жайлы  жалпы  мағлұмат  алғаннан  кейін,  енді  осы  Ғазиз  жанмен  қалай 
тікелей 
байланысқа 
шығуға 
болатыныны 
тоқталайық. 
Осыны 
түсінсеңіз 
шырғалаңдарыңыздың,  ауруларыңыздың  туындау  себебінің  құпиясына  бойлай  аласыз. 
Сонан кейін санаңызды сауықтыру бағытына қарай жұмсайсыз. Бұны бірнеше әдістермен 
іс жүзіне асыруға болады. 
ІСКЕ КІРІСПЕС БҰРЫН МЫНА ЖАЙТТЫ ОЙЛАНЫП АЛЫҢЫЗ: 

Сіз ұзақ жылдар бойы ауруыңызбен алыстыңыз, арпалыстыңыз, шайқастыңыз. Оны 
бөгет,  бөтен  бірдеме  ретінде  қабылдадыңыз.  Сондықтан  да,  өзіңіздің  Ғазиз жаныңызбен 
қарым-қатынасқа  түспес  бұрын,  өзіңізге  және  ауруыңызға,  шырғалаңдарыңызға  деген 
көзқарасыңызды,  қалпыңызды  өзгертіңіз.  Ауру  сіздікі  ғой,  оны  өзіңіз  өз  тәніңізде 
«мәпелеп өсірдіңіз». 
Пенде  балаларында  мынандай  ойлау  жүйесі  қалыптасқан  –  ауру  жау,  онымен 
қандай  жолмен  болмасын  күресу  қажет.  Бірақта,  осының  салдары  не  болатынында 
шаруамыз жоқ. 
Аурумен күресу – өзіңмен-өзің соғысу. Өзіңмен-өзің жау болуды тоқтатыңыз. Оны 
қабылдаңыз да, өзіңмен жауласқанды тоқтатыңыз. 
Бүкіл Ғарышта кәдеге аспайтын күш болмайды. Сіздің ауруыңыз да, сондай күштің 
бірі.  Осыны  өзіңізді  жетілдіру,  дамыту  бағытында  қолданыңыз.  Өзіңнің  Ғазиз 
жаныңмен  қарым-қатынасқа  түсу  –  бұл  ұлы  құпия,  тылсым.  Бұл  Ғарыштың 
суреттеуге келмейтін ұлы Құдірет күштерімен жанасу. 
 
Егер де, осы күштерді аздап болса да білуге құштар болсаңыз кірісейік. Бұны тек 
қана таза, мөлдір ойыңызбен, ақ ниетіңізбен істеңіз! 
 
Байланыс әдістері 
 
Ғазиз  жанмен  байланыс  жасау  үшін,  Онымен  белгілі  бір  тіл  және  белгі  қою  шарт.  Сіз 
өзіңіздің ойыңыз арқылы оған белгілі бұйрық бермеңіз, керісінше соның жетегінде жүруге 
тырысыңыз. Ғазиз жан – қандай белгі, қандай тілмен сөйлесуді өзі біледі. 
         
Жайласып  отырып  өзіңіздің  Ғазиз  жаныңызға  сұрақ  қоюға  іштей  дайын  болыңыз. 
Сұрақ  қойған  соң,  сіздің  мақсатыңыз:  өте  мұқият,  ыждағатты  түрде  ағзаңызда  болатын 
өзгерістерді  бақылау.  Денеңіздің  қай  бөлігінде  өзгерістер  болып  жатқанын  ойша  –  ішкі 
жан  дүниеңізбен,  ішкі  даусыңызға  құлақ  түріңіз,  бақылаңыз.  Алған  жауапты  ойша 
өзгертуге  тырыспаңыз.  Ғазиз  жан  жауаптың  әдістерін  өзі  таңдап,  іріктеп  алады.  Сіздің 
істейтініңіз осы жауаптарды сезімталдықпен қабылдау. 
         
Сұрақ  мынадай:  «Менің  Ғазиз  жаным,  менімен  сана  деңгейінде  қарым-қатынас, 
байланыс жасауға дайын ба? » 
         
Жауап әртүрлі болуы мүмкін. Бұны өзіңіздің Ғазиз жаныңыз шешеді. 
Мысалы, біраз уақыттан кейін асқазаныңыз қыжылдай бастауы мүмкін. Бірақ, бұның «Иә» 
не  «Жоқ»  деген  жауап  екенін  сіз  әлі  айыра  алмайсыз.  Сондықтан  да,  Ғазиз  жаныңызға 
іштей  алғыс  айтып:  «Ғазиз  жаным,  мен  сенің  жауабыңды  түсінгім  келеді.  Егер  де 
асқазанымның  қыжылы  «Иә»  деген  жауап  болса  –  онда  осы  жауап  қайталансын. 
Қайталанғанда  нақтылы  әрі  анығырақ  болсын.  Егер  де  бұл  жауап «Жоқ»  мен  әлі  дайын 
емеспін деген жауап болса – онда керісінше саябырлап, мүлдем жоғалып кетсін. 
         
Сонан соң, белгі қайта қайталанса. Онда «Иә» деген жауап болғаны. Ғазиз жаныңыз 
өзіңізбен  сана  деңгейінде  қарым-қатынас,  байланыс  жасауға  дайын.  Әрбір  жауап  алған 
сайын Ғазиз жаныңызға алғыс айтуды ұмытпаңыз! Енді сізде Ғазиз жаныңызбен қарым-
қатынасқа, байланысқа түсетін арна бар. Ғазиз жаныңызға сұрақтар қоя беруіңізге болады, 
ол оған «Иә» не «Жоқ» деген жауап береді. 
Егерде  «Жоқ»  деген  жауап  алсаңыз  қапаланбаңыз.  Бәрібір  жауап  алдыңыз  ғой. 
Мұндай жағдай сіз шаршап-шалдығып тұрғанда, көңіл-күйіңіз бәсең болғанда, қоршаған 
орта  жайсыз  жағдайда  болады.  Немесе  өзіңізге,  өзіңіздің  Ғазиз  жаныңызға 
көзқарасыңызды  күрт  өзгертіңіз.  Өзіңізді-өзіңіз  құрметтеңіз,  силаңыз.  Сүміреймей 
кеудеңізді  шалқақ  ұстаңыз.  Бұл  жағдайда  Ғазиз  жаныңыздың  алдында  кешірім  сұраңыз. 

Кешірімді  өзіңізге  сенбегеніңіз  үшін  және  ауыруыңызбен  күресіп,  арпалысып, 
майдандасқаныңыз үшін сұраңыз. 
Ғазиз жаныңызды аялаңыз, мәпелеңіз. Үнемі осындай қалыпты ұстаныңыз. Мүмкін 
сіздің  Ғазиз  жаныңыз  үрейленіп  қалған  шығар,  онда  оны  сабырлылыққа,  байсалды 
қалыпқа  түсіру  шарт.  Немесе,  сіз  осы  айтып  отырғандарға  сенбейсіз.  Біраз  уақыт  күте 
тұрыңыз, кездескен кедергілерді жеңіп, қайтадан байланысқа шығыңыз. 
Ғазиз жан кей кезде сөзінің орнына елес, бейне беруі мүмкін. «Иә» деген жауапқа 
бір бейне, «Жоқ» деген жауапқа екінші бейне. Егерде жауап ойша дыбыс болса, онда оны 
күшейтіп  азайтуға  болады.  Ғазиз  жаныңызбен  «ішкі  дауыс»  арқылы  да  байланысуға 
болады. Онда ойыңыз арқылы нақтылы жауаптар аласыз. 
 
Мысалдар: 
Бір  адам  Ғазиз  жанынан  жауап  алған  кезде  қолы  өз-өзінен  көтерілген.  Енді 
біреуінің  қарны  шұрылдаған.  Келесі  біреуі  жазуды  көріп  оқыған.  Осы  кітаптың  авторы 
жауапты  жүрегінің  соғу  жиілігімен  алады.  «Иә»  деген  жауапта  жүрегі  қатты  соғып,  ал 
«Жоқ» деген жауапта жүрегі баяу соғады. 
Кейбір кезде саусақтың көтерілуі  арқылы нақтылы жауап алуға болады. Есім ауып 
кеңкелес  болып  кетем  бе  деп  қорықпаңыз.  Біздің  барлығымыз  да,  баяғыдан  есіміз  ауып 
кеткен жынды-сүрейміз, еселаңбыз. 
Адамдар өздеріне ауру тауып, өзіне және басқаларға зардап, күйзеліс, бейнет әкелуі 
қалыпты  жағдай  ма?     Өз  өмірінің  жауапкершілігін  өз  мойнына  алғысы,  жүктегісі 
келмейтіні  қалай?  Бұл  жерде  айта  кететін  жайт,  не  жақсы,  не  жаман  Ғазиз  жан 
болмайтындығы.  Егерде  нақ  ақ  ниетіңмен  қаласаң,  Ғазиз  жаныңыз  өзіңізбен  қайтсе  де 
қарым-қатынас, байланыс жасайды. 
Ғазиз  жаныңыз  әруақытта.  әрқашанда  сізге  қамқор  болады,  бірақта  бұны  өзінше: 
сіздің ойлау жүйеңізге, қалауыңызға, ниетіңізге сәйкес іс жүзіне асырады. Себебі, өзіңізді 
бала  күніңізден  осылай  тәрбиеледіңіз.  Ғазиз  жаныңызға  сеніңіз:  ол  жайлы  жағдайды, 
жақсы қалыпты өзінше жасайды. 
Ғазиз жаныңыз бәріне бірдей әсер етеді. Оған сіздің білім, мәдениет деңгейіңіздің 
қажеті жоқ. Сіз қарапайым адамсыз ба, әлде ғалымсыз ба оған бәрібір. Қарапайым адамда 
бұл жағдай іс жүзіне жақсы асады, ал ғалымдар – оқыған пысақай, мәдениет деңгейіміз 
басқалардан  жоғары  деп  пайымдайтын  адамдар,  өздерінше  паңсынып,  білгішсініп, 
қарапайым әрі тамаша таңқаларлық жағдайларды қабылдай алмайды. Қызғылықты талай 
нәрселерден құр қалады. 
Біз  тағы  қайталаймыз  –  адам  тұтас  бір  тұлға.  Өз  Ғазиз  жаныңызға  көңіл  бөле 
отырып, сіз адамның тылсым құпияларының пердесін ашуға талпынасыз, тырысасыз! 
 
Саусақ белгілері 
 
Алдында  айтылған  әдістер  –  сіздің  Ғазиз  жаныңызға  байланысқа  шығу  үшін  берілген 
таңдау  әдістері.  Ғазиз  жан  қажетті  әдістерді  өзі  таңдайды.  Кейбір  кездерде  Ғазиз  жанға 
белгі  беруді  ұсынғаныңыз  тіпті  қарапайым.  Бұны  саусақтың  көтерілуі,  не  мятниктің 
тербелісі  арқылы  іске  асыруға  болады.  Ең  қарапайым  әдіс  –  саусақтарыңның  біреуінің 
көтерілуі. 
         
Мысалы,  оң  қолыңның  сұқ  саусағыңның  көтерілуі  «Иә»  деген  жауап  (егер  оңқай 
болсаңыз) , сол қолыңыздың сұқ саусағының көтерілуі «Жоқ» деген белгі. 
         
Өзіңіз  түсініп  отырғандай,  бұлай  болуы  шартты  түрде  ғана.  Сондықтан  да,  қандай 
белгі болмасын өзіңіздің қалауыңыз шешеді. Саусақтардың көтерілуі саналы түрде емес, 

автоматты  түрде  болуы  шарт.  Саусақтарыңызды  саналы  түрде  қозғалтуға  тырыспаңыз. 
Өзіңіздің Ғазиз жаныңызға толық сенім білдіріңіз. 
         
Сұрақтарды  нақтылы  және  анық  қойыңыз.  Сұрақтарыңыз  бірқалыпты  болсын. 
Себебі, Ғазиз жан не айтсаңыз, ойласаңыз соны ғана айнытпай қаз-қалпында қабылдайды. 
Бірден  ескерте  кетейік  –  өзінің  Ғазиз  жанымен  байланысқа  шыға  алмайтын  адам  және 
нашар Ғазиз жан болмайды. Егер бір әдіс жұмыс жасамаса, басқа әдісті көріңіз. Барлық 
әдістерді қолданып байқаңыз. Мүмкін ішінен өзіңізге жағатын әдісті таңдап аласыз. 
         
Ғазиз  жаныңыздың  тұңғиығынан  жауап  аламын  деген  нақ  қалауыңыз  болса,  онда 
нәтиже сөзсіз болады. 
 
Енді іске кірісейік 
 
Жайласып  жұмсақ  орындыққа  не  төсекке,  диванға  отырыңыз,  қолайлы  болса  жантайып 
жатыңыз. Екі қолыңызды бос қойыңыз. Ғазиз жаныңызбен қандай белгі беретінін бірден 
келісіп алыңыз. Немесе таңдауды Ғазиз жаныңыздың өзіне қалдырыңыз. Өзі таңдасын. 
         
Ойша  немесе  дауыстап  өзіңіздің  ішкі  жан-дүниеңізге  мына  сұрақты  қойыңыз: 
«Менің Ғазиз жаным, менімен сана деңгейінде байланысқа шығуға дайын ба? Егер «Иә» 
дайынмын десе – онда оң қолымның сұқ саусағын көтер, егер «Жоқ» десе сол қолымның 
сұқ саусағын санасыз түрде көтер», – деп айтыңыз. 
Жауапты  табам  деп  әуре  болмаңыз,  тек  шыдамдылықпен  күтіңіз.  Бірнеше 
секундтан  кейін  денеңіздің  белгілі  бір  бөлігінің  шымырлағанын,     ұйығанын,  болмаса 
шанышқылап  ауырғанын,  не  жансызданғанын  сезесіз.  Бұл  белгілер  –  бұлшық  еттеріңіз, 
Ғазиз жанның хабарын қабылдап жатқанының айғағы. Енді бір қолыңыздың сұқ саусағы 
өзінін-өзі  көтеріле  бастайды.  Бірер  сәттен  соң,  саусағыңыздың  ұшы  аздап  қозғалып 
көтеріледі. Жауап алғаныңызды сезгеннен кейін, өзіңіздің Ғазиз жаныңызға алғыс айтып, 
саусағыңызды түсіріңіз. 
Егер  де,  «Жоқ»  деген  жауап  алсаңыз,  онда  қоршаған  ортада,  не  өз  мінез-
құлқыңызда  жайлы  жағдайдың  болмай  тұрғаны.  Өзіңізге-өзіңіз  сенбей,  болатын 
байланыстан  жасқанып,  қашқалақтап  тұрсыз.  Осы  келеңсіздіктерді  жойып,  байланысқа 
шығуды қайта-қайталап байқаңыз. 
Маятник тербеліс әдісі 
 
Маятник  –  сағаттың  тілі  сияқты  жіпке  асып  қойып  шайқалтатын 
мыстан жасалған кішкене темір шар, шарик. 
         
Бұл әдісті іске асыру үшін 20 см жіпке ілінген шарик қажет. Шариктің орнына неке 
сақинасын немес кәдімгі гайканы да қолдануға болады. 
         
Шынтағыңызды  орындықтың  үстіне  қойып,  маятниктің  жібін  бас  бармағыңыз  бен 
сұқ саусағыңыздың арасына қысып ұстаңыз. Шарик осы кезде әрі-бері тербеледі. Шарикті 
оңға-солға, артқа-алдыға, сағат бойымен және керісінше айландырыңыз. Осы кезде Ғазиз 
жан  қандай  бұлшық  еттер  іске  қосылып  тұрғанын  анықтайды.  Сонан  соң  шариктің 
тербелісін  тоқтатып:  «Ғазиз  жаным,  осы  тербелістің  төрт  түрінің  біреуін  таңда.  Таңдап 
алған тербелістің түрі «Иә» деген жауап болсын. 
         
Маятниктің қозғалысынан көз алмай жауап күтіңіз. Бірнеше секундтан кейін шарик 
қозғала  бастайды.  Тербеліске  түсу  үшін  біраз  уақыттың  қажет  болуы  мүмкін.  Оның 
қозғалысы,  тербеліс  ауқымы  әр  түрлі  болады.  Түсінікті  болу  үшін  шарик  неше  түрлі 
қозғалысқа, тербеліске түседі. «Иә» деген жауап алған соң, Ғазиз жаныңызға алғыс айтып, 
қалған үш тербелістің түрінен «Жоқ» деген жауапты таңдауын өтініңіз. 
         
Бұл көне тылсым, тексерілген әдіс. «Қозғалып тұрған тірі маятник» адамды баурап 
алады.  Бірақта,  бұнда  тұрған  ешқандай  тылсым  күш,  сиқыр  жоқ.  Ғазиз  жан  өз  бетінше 

ойлап,  белгілі  бұлшық  еттеріңізді  бақылауға  алып,  өзіндік  шешім  қабылдауға  қабілетті. 
Өзіңіздің Ғазиз жаныңызға сеніңіз. 
         
Сұрақтарды қалай қоюға болады? 
 
Сұрақтарды дұрыс қоя білудің маңызы өте зор. Бұл деңгейге жету үшін, сізге біраз білім 
мен тәжірибе қажет. Ол үшін өзіңіздің талпынысыңыз, құштарлығыңыз, құлшынысыңыз, 
құмарлығыңыз, ынтаңыз қажет. 
Ғазиз жан әр сөзді бұрмаламай қабылдайдындықтан сұрақтар нақ, анық, қарапайым 
болулары шарт. Екі ұшты, не астарлы сұрақ қоюға болмайды. Не сұрағалы тұрғаныңызды 
ғана айтыңыз. Бастапқыда, қойғалы тұрған сұрақтарыңның тізімін қағазға жазып алыңыз. 
Егерде түсініксіз жауап алсаңыз, онда сұрақты дұрыс қоймағаныңыз. Сұрағыңызды 
басқаша қайта қойыңыз. Ғазиз жан – судырап тұрған суайт болмасаңыз жауапты әрқашан 
адал береді. 
 
Ескерте  кететін  жағдай,  болашақ  оқиғаларды  сұраудан  сақ  болыңыз!  Бұнымен 
ойнауға  болмайды.  Болашақты  ойлау  жүйемізге  орай,  өзіміз  құрамыз.  Болашақты 
білу ауқымын сұрау үшін өте сак болу шарт. 
 
Ғазиз жанмен байланысқа түсу қауіпті емес пе? Әрине жоқ, қауіпті емес. Бұл өте 
керек, қажет. Қазіргі заманда адамның санасына ақпарат легінің толассыз құйылуы сонша, 
осы ақпараттардың легінде малтығып, тұншығып, есімізді жия алмай: қақалып-шашалып 
жүрміз. 
Осыны керек етеміз бе, жоқ па – Ғазиз жанымыз өзімізді шыр етіп жерге түсісімен-
ақ бағдарлайды, бағыт береді. Біз осы ақпараттар легін, өзімізді-өзіміз түсінген жағдайда 
ғана  кәдеге  жаратып,  іске  асыра  аламыз.  Сондай-ақ,  өз  өміріміздің  жауапкершілігін  өз 
мойнымызға жүктегенде ғана, ақпараттар легін дұрыс арнаға бұрып, рахатын көре аламыз. 
 
Өзіңді-өзің қайта құрудың сызба жоспары 
 1-
ші қадам: 
Өзіңіз арылғыңыз келетін аурудың бір түрін нақтылы анықтап алыңыз. 
2-
ші қадам: 
Осы аурудың тууына, пайда болуына себепкер болған Ғазиз жаныңыздың бөлігімен 
байланысқа түсіңіз. 
А) Ойша, жан дүниеңізбен мына сұрақты қойыңыз: «Осы ауруыма себепкер болған 
Ғазиз жанымның бөлігі менімен сана деңгейінде тілдесуге, байланысуға дайын ба? 
Б) «Иә» не «Жоқ» деген жауаптың белгісін анықтап алыңыз. Бұл бейне, елес, сезім, 
ішкі дауыс немесе сұқ саусағыңның көтерілуі, маятник тербелісі болуы мүмкін. 
3-
ші қадам. 
         
Байланыс орнатқан соң, Ғазиз жаныңыздың бөлігіне мына сұрақты қойыңыз: «Ғазиз 
жанымның осы ауруға жауап беретін бөлігі (ауруыңыздын атын нақтылап айтасыз) , менің 
қандай тәртібім, қылығым, ойым, сезім құбылысым (эмоция) осы ауруды туындатқанын 
хабарлауға дайын ба? ». 
         
А) Егер «Иә» деген жауап алсаңыз, онда нақтылы қай тәртібің, қылығың, ойың, сезім 
құбылысың туралы: «Менің қай тәртібім, қылығым, ойым, сезім құбылысым осы аурудың 
туындауына себеп болды? », – деп сұраңыз. 

Б)  Егерде,  «Жоқ»  деген  жауап  алсаңыз,  онда  келеңсіз  қылығыңыз  бар,  Ғазиз 
жаныңыз бұл сұрақтың жауабын беруге әзір дайын емес. Онда, осыны ескеріңіз де, келесі 
қадамға аяқ басыңыз. 
4-
ші қадам: 
Ғазиз  жанның  белгілі  бір  бөлігінің  атқаратын  қызметі  және  жайлы  жағдай 
жасаудағы қалауын анықтап алу үшін: 
А)  Мына  сұрақты  қойыңыз:  «Мен  үшін  шырғалаңдарым  арқылы  не  істегелі 
жатқаныңды, істегеніңді маған хабарлап айтуға дайынсың ба? ». 
Б) Егерде «Иә» деген жауап алсаңыз, онда сана деңгейінде нақтылы жауап беруін 
өтініңіз:  «Мен  үшін  қандай  жайлы  жағдай  жасағаныңды  айт,  хабарла».  Өзіңіздің 
қалауыңызды жақсы ниетке бағыштаңыз. 
В) «Жоқ» деген жауап алсаңыз, жақсы жайлы жағдай әрқашанда бар, бірақ Ғазиз 
жан  осының  жауабын  беруге  әлі  дайын  емес.  Ондай  жағдайда  жайлап  келесі  қадамға 
келіңіз. 
5-
ші қадам. 
Өзіңіздің қалауыңызды іске асыратын жаңа әдістерді құру. 
Ғазиз  жанның  осы  бөлігінен  сұраңыз:  «Менің  түпкі  санамының  шалқып  жатқан 
тұңғиығынан  қиялымды  қолданып,  осыны  іс-жүзіне  асыратын,  кем  дегенде  үш  әдіс 
құрашы.  Бұл  әдістер  бұрынғы  тәртібімнен  жақсы,  сенімді  болып,  маған  да,  қоршаған 
әлемге де жайлы, жағымды болсын». 
Әрбір  жаңа  әдісті  құрған  бетте  «Иә»  деген  белгі  берсе,  ары  қарай  жалғастыра 
беріңіз. 
 
Өзіңізбен болатын өзгеріске, жаңа әдістердің мағынасын түсіну маңызды емес. Тек 
Ғазиз  жаныңызға  керекті  уақытын  беріп,  келіп  түскен  белгілерді  санап,  есептеп 
отырыңыз. 
6-
шы қадам. 
Енді  жаңа  әдістерді  түпкі  сана  және  кәдімгі  сана  деңгейінде  тексеріңіз.  Ол  үшін 
Ғазиз  жаныңыздың  барлық  бөлігіне:  «Менің  жаңа  тәртіптеріме  қарсы  болатын  бөліктер 
бар ма? », – деп сұраңыз. 
А)  Егер  жауап  «Жоқ»  болса,  онда  болашаққа  қосылуды  іске  асыра  беріңіз.  (7-ші 
қадам). 
Б)  Егер  қарсымын  «Иә»  деген  жауап  алсаңыз,  онда  қарсы  болған  әдістерін 
алмастыруды өтініңіз. 
«Менің жаңа әдістеріме қарсы болған әдістерді, Ғазиз жанымның барлық бөліктері 
қанағаттанатын әдістермен алмастыр немесе осыны жетілдір. Жасап, жөндеп болағаннан 
кейін маған «Иә» деген жауап бер». Осыдан соң жылжып келесі қадамға аяқ басыңыз. 
7-
ші қадам: 
Болашақпен бірігу. Өзіңізге жаңа әдістерді жасаған Ғазиз жанның бөлігінен: «Жаңа 
әдістерді  болашақта  керекті  уақытта,  қажетті  жерде  іс  жүзіне  асуының  жауапкершілігін 
өзіңе аласың ба? Барлық мүмкіншіліктерді, әдістерді сараптап және жауапкершілігін өзің 
алуға дайын болған кезде – маған «Иә» деген жауабыңды хабарла. 

Ғазиз жанға қайта бағдарлама беру әдісі бойынша, асқазанды емдеу әдісі 
 
Осы  кітапта  баяндалатын  емдеу  оқиғалары  –  психотерапевт,  психолог,  гомеопат 
Валерий  Синельниковтың  «Возлюби  свою  болезнь»  атты  кітабынан;  кеңесші 
(консультант)  –   психолог,  табиғи  шөптер  көмегімен  денсаулықты  түзейтін  БТҚҚ 
(биологиялық  тамаққа  қосатын  қоспалар)  маманы  Рахпар  Құдіретоллақызының 
тәжірибелерінен және Әсет Мұқашбековтың алдыңғы жазған кітаптарынан алынды. 
 
«Ақылға қонбайтын қалыптан қорықпа! 
Есіңізде болсын – 
Ақылға қонбайтын қалыпты, 
Кей кезде данышпандық  дейді».   Халық даналығы 
 
Емшіге  қаралуға  асқазанында  жара  бар  жігіт  ағасы  келеді.  Оның  науқасқа 
шалдыққанына талай уақыт болыпты. Ауруы бірнеше қабат ұстап, қайталаныпты. Соңғы 
рет өте қатты болған екен. Дәрігерлер көмектеспейтін дәрі-дәрмекетрді үйіп-төгіп беріпті. 
Ол Ғазиз жанның ауруды қалай тудырғанын анықтауын, өзін нашар сезініп тұрса 
да  бірден  келіседі.  Емші  алдымен  Ғазиз  жан  және  кәдімгі  сана  туралы,  аурудың  ішкі 
себептері,  адамдардың  ауруларды  өздерінің  қалай  туындататыны  жайлы  әңгімелейді. 
Сонан соң, олар Ғазиз жанға қайта бағдарлама беруге кіріседі. 
Емші. 
– 
Сіз науқассыз, бұл жай өзіңізге ұнамайды, сіз осыны өзгертуді тілейсіз. Мен сізге Ғазиз 
жан  туралы  қысқаша  түсінік  бердім.  Келіңіз,  енді  Ғазиз  жанның  ауруды  туындатқан 
бөлігімен ресми байланыс орнатайық. Сіз дайынсыз ба? 
Науқас. 
– 
Иә, дайынмын. 
Емші. 
– 
Осыны қалай жазуға болатынын білесіз бе? 
Науқас. 
– 
Мен бұрын бұны істеген жоқпын. Білмеймін ғой деп ойлаймын. 
Емші. 
– 
Онда  мен  түсіндірейін.  Қазір  ойша  ішкі  жан-дүниеңізге,  нақтылы  айтсам  Ғазиз 
жаныңыздың ауру тудырған бөлігіне сұрақ қойыңыз. 
Науқас. 
– 
Қандай сұрақ? 
Емші. 
– 
Оны  қазір  айтамын.  Алдымен  Ғазиз  жаныңыздың  осы  бөлігінен  жауапты  қалай  алуға 
болады? 
Жауап  өзіңіздің  денеңіздің  бір  жерінен  сезіледі.  Мен  қай  мүшеңізден   сезілетінін 
нақ  білмеймін  –  оны  өзіңіздің  Ғазиз  жаныңыз  шешеді.  Мүмкін  жауапты  ойша,  ішкі 
даусыңызбен аласыз. Немесе сурет, бейне түрінде ойыңызға елестейді. 
         
Қандай  жағдай  болмасын,  сұрақ  қойғаннан  кейін,  сіздің  шаруаңыз  –  өзіңіздің 
денеңізде  болатын  өзгерістерді  бақылау.  Сіз  осы  ағымға  саналы  түрде  бөгет  жасауға 
тырыспаңыз. Ғазиз жанның өзіңіз сұрақ қойған бөлігі, өзі туралы қолайлы әдіспен хабар 

береді.  Менің  сізге  қояйын  деп  отырған  сұрағым  мынандай:  «Менің  Ғазиз  жанымның 
аурудың  туындауына  себепкер  болған  жауапты  бөлігі  менімен  сана  деңгейінде 
байланысқа  шығуға  дайын  ба?  ».  Осы  сұрақты  қойысымен-ақ,  не  болатынын  байқаңыз. 
Қандай болмасын өзгерістерді: сезім, ойша, бейне. (Науқас көзін жұмып қайта ашады). 
Науқас. 
– 
Сұрақты қайталауға бола ма? Мен жөнді есіме сақтап алған жоқпын. 
Емші. 
– 
Әрине. Сіз менің айтқан сөздерімді іштей қайталаңыз. 
«Менің Ғазиз жанымның аурудың туындауына себепкер болған жауапты бөлігі менімен 
сана деңгейінде байланысқа шығуға дайын ба? ». (Еркек көзін жұмады). Оның мамыражай 
қалыпқа түсіп, бүкіл денесінің бұлшық еттері босап, бей-жай күйге түскені байқалып тұр. 
Біраз уақыттан кейін денесі аздап жиырыла бастады. Ол көзін ашады. 
Науқас. 
– 
Сіз білесіз бе, арқам түгел шымырлап кетті. 
Емші. 
– 
Мен сізді дұрыс түсінсем, сұрақ қойғаннан соң, арқаңызды суық қарығандай болып тоңу 
сезімі болды ғой? 
Науқас. 
– 
Иә. 
Емші. 
– 
Сіз Ғазиз жаныңыздың осы бөлігінен жауап алдыңыз. Бірақ, біз әлі оның «Иә» немесе 
«Жоқ»  деген  жауап  екенін  білмейміз.  Сондықтан,  Ғазиз  жанның  осы  бөлігіне  берген 
жауабы  үшін  алғыс  айтып,  қайтадан  сұраңыз.  Өйткені,  бұл  байланыс  сіз  үшін  өте 
маңызды. 
– 
Сұрақты  былай  қойыңыз:  «Маған  қайтарған  жауабыңды  дұрыс  түсіну  үшін  алдыңғы 
белгі қайталансыншы. Егер «Иә» деген жауап болса алдыңғы белгі қаттырақ қайталансын. 
Онда:  «Мен  сенімен  байланысқа  шығуға  дайынмын  дегенді  білдірсін.  Егер  сен  менімен 
қарым-қатынасқа  сана  деңгейінде  шығуға  әзірше  дайын  болмасаң,  онда  белгі 
байқалмасын, не жоғалсын. (Науқас қайтадан біраз уақыт өзінің ой тұңғиығына шомады). 
Науқас. 
– 
Менде әлгі сезім қайтадан пайда болды. 
Емші. 
– 
Олай  болса,  Ғазиз  жаныңыздың  осы  бөлігі  сізбен  қарым-қатынас  жасауға  дайын 
болғаны. 
Науқас. 
– 
Солай болғаны да. 
Емші. 

– 
Тамаша! Енді бізде Ғазиз жанға қойған сұрақтарыңызға нақтылы жауап алатын әдіс бар, 
осының жәрдемімен сұрақтарға жауап алатын боламыз. 
Науқас. 
– 
Мүмкін мен осы сезімді саналы түрде шақырып отырған шығармын? 
Емші. 
– 
Біріншіден өзіңіздің Ғазиз жаныңызға сенуге кеңес беремін. Сіздің күмән келтіруіңіз тек 
зиянын тигізеді. Екіншіден, осы сезімді саналы түрде шақырып көруіңізге болады. (Еркек 
көзін біраздан кейін қайта ашады). 
Науқас. 
– 
Саналы түрде шақыра алмадым. Талпынысымнан ештеңе шыққан жоқ. 
Емші 
– 
Көрдіңіз  бе!  Өзіңіздің  күмәніңізбен  жазылу  ағымына  тек  бөгет  жасайсыз.  Ғазиз 
жаныңыздың осы бөлігінен кешірім сұрауға кеңес беремін. Ары қарай жылжуға дайынсыз 
ба? 
Науқас. 
– 
Дайынмын. 
 
Емші. 
– 
Ғазиз  жаныңыздың  осы  бөлігіне  қоятын  сұрағыңыз:  «Менің  қандай  тәртібім, 
қылықтарым  немесе  қандай  ойларым  мен  сезім  құбылыстарым  ауру  тудырғанын 
хабарлауға  дайынсың  ба?  ».   (Науқас  біраз  уақыт  көзін  жұмып,  өзінің  жан-дүниесіне 
шомады). 
Науқас. 
– 
Бастапқы белгі арқамда тағы қайталанды. 
Емші. 
– 
Онда Ғазиз жаныңыздың осы бөлігі: «Иә, мен дайынмын», – деп хабар беріп тұр. 
Науқас. 
– 
Солай болғаны да. Бұл қандай тәртіптің белгісі? 
Емші. 
– 
Бұл маған да қызық. Қазір білеміз. Өзіңіздің Ғазиз жаныңыздың осы бөлігінен сұраңыз: 
«Менің  ауруыма  себепкер  болған  қандай  тәртібім  екенін  нақтылы  айтшы.  Ойша 
хабарлашы.  Осыны  түсінейін,  жауапты  бар  болмысыммен  сезейін».  (Еркек  өзінің  жан 
дүниесіне үңіліп, көзін ашпай былай дейді). 
Науқас. 
– 
Менің басымда екі сөз – «жеркеніш» және «ашушаңдық» көлбеңдеп жүр. 
Емші. 
Ғазиз  жаныңыздың  осы  бөлігінен,  осы  сөздердің  өміріңізде  қандай  мағына  беретінін 
сұраңыз. 

Науқас. 
– 
Мен  енді  түсіндім!  Мен  көптеген  заттарды  жек  көремін.  Шыдай  алмаймын.  Мен  осы 
қаланың  кірі  мен  ластығына  шыдай  алмаймын.  Маған  адамдардың  иттігі,  ақымақтығы, 
жағымпаздығы,  озбырлығы  ішкі  жан-дүниеме  қонбайды,  сондықтан  жолаушылар 
көлігінде жүре алмаймын. Таксиге отырамын. Кейбір жағымсыз иістерді жақтырмаймын. 
Негізінде теңіздің жағасында, Канар аралдарында тұрғым келеді. Таза төсекте, әдемі таза 
келіншекпен күні бойы жатуға дайынмын. 
Емші. 
– 
Енді мынандай сұрақ қойыңыз: «Жеркеніш, ашушаңдық, шыдай алмау сезімдерін беру 
арқылы  маған  жәрдемдесуіңмен,  сен  маған  қандай  жайлы  жағдай  жасайтыныңды 
хабарлауға дайынсың ба? ». 
Науқас. 
– 
Мен мына жауапты алдым. «Таза, мөлдір әлемде өмір сүру, онда бәрі өзіме ұнауы. Таза 
қалада өмір сүріп, адамдардың қарым-қатынастарының таза болуы». 
Емші. 
– 
Қалауыңыз керемет! Осыған келісесіз бе? 
Науқас. 
– 
Әрине. 
Емші. 
– 
Бірақта осы қалауыңызды іс жүзіне асыратын әдіс ұнамайды ғой. 
Науқас. 
– 
Ауру асқазан дұрыс әдіс емес. 
Емші. 
– 
Онда  Ғазиз  жаныңыздың  осы  бөлігіне,  өзіңізге  қамқорлық  жасап,  жайлы  жағдай 
жасағаны үшін алғыс айтыңыз. (Еркек біраз уақытқа көзін жұмады). 
Науқас. 
– 
Алғыс айттым. 
Емші. 
– 
Енді Ғазиз жаныңыздың осы бөлігінен сұраңыз: «Өзіме жайлы жағдай жасайтын басқа 
тәртіп  әдісін  қарастырып  маған  хабарлауға,  Ғазиз  жанымның  осы  бөлігі  дайын  ба?  ». 
(Еркек бір сәтке көзін жұмады). 
Науқас. 
– 
Дайын. Арқама белгі белгісі келіп жеткенше, ойша келісім алдым. 
Емші. 
– 
Бұл  сіздің  Ғазиз  жаныңызбен  ортақ  тіл  табысқаныңызды  көрсетеді.  Енді  Ғазиз 
жаныңыздың  осы  бөлігінен  мынаны  істеуін  өтініңіз:  Өзіңіздің  ішкі  қорыңызды,  ой-
қиялыңызды қолданып, жақсы қалауыңызды іске асыру үшін жаңа үш әдісті құруды. Осы 

өзіңізді  ауруға  шалдықтырған  ескі  әдістерден:  жеккөрушіліктен,  ашудан, 
шыдамсыздықтан жақсы болып, нәтижесінде жаман қылықтар болмай, Ғазиз жаныңыздың 
басқа да бөліктеріне жағымды болуын тілеңіз. 
– 
Мен  сізге  «жаңа  тәртіп  әдістерін»  түсіндірейін.  Жаңа  тәртіп  әдістері:  тың  ойлар, 
сезімдер,  мінез  құбылыстары,  қылықтар.  Өзіңе,  жақындарыңа,  айналаңдағы  адамдарға, 
қоршаған әлемге басқаша қарау деген түсінік. Бұл өмірдің әртүрлі жағдайларына, болған 
оқиғаларға деген басқа көзқарас. 
– 
Ғазиз жаныңыздың  осы бөлігіне тағы айтыңыз, қалай осындай тәртіптің жаңа әдісінің 
біреуін  құрғанда  –  «Иә»  деген  жауап  берсін.  Бұдан  кейін  алғыс  айтып,  ары  қарай 
жалғастыруын өтініңіз. Сіз «Иә» деген жауапты үш мәрте алуға тиіссіз. 
Науқас. 
– 
Қандай жаңа әдіс екенін мен білмейтін боламын ғой. 
Емші. 
– 
Білмегеніңіз  тіптен  жақсы.  Бұл  жағдайда,  Ғазиз  жаныңыз  осыны  құрғанда  және  іске 
асырғанда  саналы  түрде  бөгет  жасамайтын  боласыз.  Ғазиз  жаныңыз  хабарласа  да,  бұны 
біліп, білмеуіңіздің болатын өзгерістерге қатысы жоқ. 
Науқас. 
– 
Жақсы, мен түсіндім. Тек, осыларды тағы бір қайталаңызшы. 
Емші. 
– 
Біз  былай  істейік.  Мен  айтып  отырамын,  ал  сіз  менің  айтқанымды  іштей  қайталап 
отырыңыз: «Ғазиз жанымның ауруыма жауап беретін бөлігі. Менің қабілет қорымды, ой-
қиялымды  қолдана  отырып  тәртіптің,  ойлаудың  жаңа  үш  әдісін  құр.  Бұл  менің  жақсы 
қалауым.  Бірақ,  олар  ауруға  шалдықтырған  бұрынғы  әдістерден  артық,  сенімді  және 
нәтижесі тамаша болып, Ғазиз жанымның басқа да бөліктеріне де, айналамдағы адамдарға 
да жайлы, жағымды болсын. Осындай тәртіптің жаңа әдісін құра салысымен, маған «Иә» 
деген жауап беріп, ары қарай жалғастыра бер». 
 
(Еркек көзін жұмып, өзінің ішкі жан-дүниесінің тұңғиығына батады. Бес минуттан кейін 
көзін ашады). 
Науқас. 
– 
Болды. Мен үш мәрте «Иә» деген жауап алдым. 
Емші. 
– 
Сіз Ғазиз жаныңызға ішкі жұмыс атқарғаны үшін алғыс айттыңыз ба? 
Науқас. 
– 
Әрине. 
Емші. 
– 
Жаңа әдістердің мағынасын білесіз бе? 
Науқас. 
– 
Жоқ. Осыған байланысты мен өзімді қолайсыз сезініп отырмын. Өзімде бірдеме өзгерді, 
бірақ не өзгергенін білмеймін. 

Емші. 
– 
Сіз өзіңіздің Ғазиз жаныңызға толықтай сенесіз бе? 
Науқас. 
– 
Толығымен сенемін. 
Емші. 
– 
Онда  жақсы.  Қазір  біз  сіздің  дүдәмалыңызды  шешетін  тағы  бір  келесі  қадамды 
аттаймыз.  Қазір  Ғазиз  жаныңыздың  өзіміз  жұмыс  істеген  бөлігіне  емес,  қалған  тұтастай 
бөліктерінен сұраңыз: «Менің Ғазиз жанымның осы жаңа тәртіп әдісіне қарсы болғандары 
бар ма? Егер қарсылық бар болса, «Иә» деген, ал қарсылық жоқ болса «Жоқ» деген жауап 
беріңдер. 
Науқас. (бірер сәттен кейін) 
– 
«Иә» деген жауап алдым. 
Емші. 
– 
Онда қарсы болған бөліктердің бар болғаны ғой? 
Науқас. 
– 
Мүмкін. 
Емші. 
– 
Онда осы сұрақты қайта қойыңыз. 
Науқас. (бірер уақыттан кейін). 
– 
Бірер қарсылықтар бар екен. Мен тағы да «Иә» деген жауап алдым. 
Емші. 
– 
Ғазиз жаныңыздың қарсы болған бөліктеріне алғыс айтыңыз. Менің сенімім бойынша, 
жаңа  тәртіп  әдісін  құрған  бөлікпен,  қалған  бөліктердің  одақтасуларын  өтініңіз.  Олар 
бірігіп  өздері  «ұжым»  құрсын.  Қарсы  болған  бөліктер  неге  қарсы  болғандарын  айтып, 
өзгерістерін  енгізсін.  Осыдан  соң,  қарсы  болған  әдісті  бәрі  келісетін  жаңа  әдіспен 
алмастыруларын  өтініңіз.  Олар  өздерінің  жұмыстарын  аяқтаған  соң,  «Иә»  деген  жауап 
беруін сұраңыз. 
(Еркек өзінің ой тұңғиығына шомады). 
Науқас. 
– 
«Иә» деген жауап бар. 
Емші. 
– 
Енді Ғазиз жаныңыздың қалған бөліктерінен сұраңыз: «Жаңа тәртіп әдістеріне қандай 
болмасын қарсылықтарың бар ма? » 
Науқас. 
– 
Жым-жырт тыныштық. 
Емші. 

– 
Ғазиз жаныңыздың барлық бөліктері жаңа тәртіп әдістерімен түгелдей келіскені ғой? 
Науқас. 
– 
Иә. 
Емші. 
– 
Бізге  әлі  бірдемелерді  істеу  қажет.  Біз  осы  өзгерістердің  болашақта  жұмыс  істеуіне 
сенімді  болуымыз  керек.  Ғазиз  жаныңыздың  жаңа  тәртіп  жасаған  бөлігінен  сұраңыз: 
«Жаңа  тәртіп  әдістерінің  болашақта,  барлық  жағдайларда  мүлтіксіз  жұмыс  жасауын  өз 
жауапкершілігіңе аласың ба? 
Науқас. (бірер сәттен соң). 
– 
Ол дайынмын «Иә» деген жауап алдым. 
Емші. 
– 
Енді  өзіңді  ауруға  шалдықтырған  ескі  әдістеріңнен,  жаңа  тәртіп  әдістері  артық  болса, 
онда  Ғазиз  жаның  тек  осыларды  ғана  қолданады.  Ауруың  өзінен-өзі  керексіз  болып 
мүлдем жоғалады. 
Науқас. 
– 
Білесіз  бе,  бұл  таңқаларлық  жағдай,  менің  ауырғаным  басылды.  Өзімді  анағұрлым 
жақсы сезінемін. 
 
Құрметті  оқырман!  Осының  алдындағы  «Өзін-өзі  қайта  бағдарлаудың  сызба  жоспары» 
тақырыбын  қайта-қайта  қайталап  оқып:  мұқият,  ыждағаттылықпен  түсініп,  қажет  болса 
жаттап  алып,  өзіңізге  –  өз  бетіңізше  қолданып  көріңіз.  Пайдасынан  басқа,  зияны  жоқ. 
Гипноз деген осы! 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет