Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары 1-тарау. Жалпы ережелер


-параграф. Біліктілік тестілеуін өткізу тәртібі



бет3/20
Дата31.12.2021
өлшемі330,45 Kb.
#23194
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
1-параграф. Біліктілік тестілеуін өткізу тәртібі
16. Аттестаттаудың бiрiншi кезеңiнде Біліктілік тестілеуі өткiзiледi. Біліктілік тестілеуін тапсыру үшін педагог дипломда көрсетілген мамандығы немесе негізгі лауазымы бойынша осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығына (бұдан әрі – ҰТО) немесе ол белгілеген ұйымға өтініш береді. Біліктілік тестілеуінен өтуге өтініш берген кезде педагогтер тапсыру тілін (мемлекеттік, орыс), күнін, уақытын таңдайды.

17. ҰТО немесе ол белгілеген ұйым Біліктілік тестілеуінің операторы болып табылады. Біліктілік тестілеуі электрондық форматта өткізіледі.

18. Педагогтің тестілеу тапсыру үшін берген өтініші ҰТО-ның немесе ол белгілеген ұйымның деректер базасына түседі. ҰТО немесе ол белгілеген ұйым педагогтің жеке кабинетіне осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеуге рұқсаттама жібереді.

19. Біліктілік тестілеуі білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған мерзімде педагогтің өтінішіне сәйкес өткізіледі.

20. Техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын педагогикалық мамандықтар бойынша бітірген тәжірибесі жоқ кандидаттар Біліктілік тестілеуінен сәтті өткеннен кейін жұмысқа қабылданады. Аталған тәжірибесі жоқ кандидаттар үшін «педагог» біліктілік санатын білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясы Біліктілік тестілеуі нәтижесі негізінде береді.

Тестілеуден кемінде 50 балл жинаған техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тәжірибесі жоқ кандидаттарына «педагог» біліктілік санаты беріледі.

21. Біліктілік тестілеуі:

педагогтер:

күнтізбелік жыл ішінде 1 (бір) рет – ақысыз;

күнтізбелік жыл ішінде 1 (бір) рет қайта өту ақылы негізде;

күнтізбелік жыл ішінде 1 (бір) рет мерзімінен бұрын аттестаттауға өтініш берген педагогтер – ақысыз;

сынақ (педагогтің қалауы бойынша) – күнтізбелік жыл ішінде ақылы негізде;

педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, тәжірибесі жоқ кандидаттар:

күнтізбелік жыл ішінде 1 рет – ақысыз;

білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары күнтізбелік жылда 1 (бір) рет – ақысыз;

күнтізбелік жыл ішінде 1 (бір) рет қайта өту ақылы негізде;

сынақ (қалауы бойынша) – күнтізбелік жыл ішінде ақылы негізде.

22. Біліктілік тестілеуі келесі тест тапсырмаларынан тұрады:

1) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері үшін:

«Мектепке дейінгі педагогика және психология» – отыз тапсырма;

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі» – отыз тапсырма;

2) Бастауыш білім беру педагогтері пәндер бойынша тест тапсырады:

«Педагогика, оқыту әдістемесі» – отыз тапсырма;

«Оқу пәнінің мазмұны» (қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі бойынша), әдебиеттік оқу, математика) – жетпіс тапсырма;

3) Негізгі орта және жалпы орта білім беру педагогтері үшін:

«Педагогика, оқыту әдістемесі» – отыз тапсырма;

«Оқу пәнінің мазмұны» – жетпіс тапсырма;

4) Қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері үшін:

«Педагогика, оқыту әдістемесі» – отыз тапсырма;

«Психология негіздері» – отыз тапсырма;

5) Интернаттық ұйымдардың, жатақханалардың тәрбиешілері үшін:

«Педагогика, оқыту әдістемесі» – отыз тапсырма;

«Психология негіздері» – отыз тапсырма;

6) Арнайы ұйымдардың тәрбиешілері үшін:

«Педагогика, оқыту әдістемесі» – отыз тапсырма;

«Психология негіздері» – отыз тапсырма;

7) Арнайы білім беру ұйымдарының педагогтері үшін:

«Арнайы педагогика және оқыту әдістемесі» – отыз тапсырма;

«Оқу пәнінің мазмұны» – отыз тапсырма;

8) Білім беру ұйымдарының әдіскерлері үшін (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерінен басқа):

«Педагогика, оқыту әдістемесі» – отыз тапсырма;

«Оқу пәнінің мазмұны» – жетпіс тапсырма;

9) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін:

Жалпы білім беретін пәндер бойынша педагогтер:

«Педагогика, оқыту әдістемесі» – отыз тапсырма;

«Оқу пәнінің мазмұны» – жетпіс тапсырма;

Жалпы кәсіптік және арнайы, жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер бойынша педагогтер:

«Педагогика, оқыту әдістемесі» – отыз тапсырма;

«Қызмет бағыты бойынша» – жетпіс тапсырма;

Өндірістік оқыту шеберлері:

«Педагогика, оқыту әдістемесі» – отыз тапсырма;

Өзге лауазымдағы педагогтер:

«Педагогика, оқыту әдістемесі» – отыз тапсырма;

«Психология негіздері» – отыз тапсырма;

10) Таңдау бойынша дене шынықтыру педагогтері үшін:

1) «Оқу пәнінің мазмұны» – жетпіс тапсырма;

«Педагогика, оқыту әдістемесі» – отыз тапсырма;

2) «Педагогика, оқыту әдістемесі» – отыз тапсырма;

не тиісті уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу қағидаларына сәйкес (білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйым жүргізеді) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін таңдау бойынша тапсыра алады.

11) педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, тәжірибесі жоқ кандидат:

«Оқу пәнінің мазмұны» – жетпіс тапсырма;

«Педагогика, оқыту әдістемесі» – отыз тапсырма.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогикасы бағыты бойынша:

«Мектепке дейінгі педагогика және психология» – отыз тапсырма;

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі» – отыз тапсырма.

12) Білім беру ұйымдарының (оның ішінде әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары үшін:

«Заңнаманы білу» бағыты бойынша – сексен сұрақ:

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі – жиырма сұрақ;

Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекс – жиырма сұрақ;

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы – жиырма сұрақ;

«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы – он сұрақ;

«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы – он сұрақ;

«Басқарушылық құзыреттер» бағыты бойынша – жиырма сұрақ.

23. Мынадай балл алған жағдайда тестілеу нәтижесі оң болып саналады:

1) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері үшін:

«Мектепке дейінгі педагогика және психология»:

«педагог» біліктілік санаты – 50%;

«педагог-модератор» біліктілік санаты – 60%;

«педагог-сарапшы» біліктілік санаты – 70%;

«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты – 80%;

«педагог-шебер» біліктілік санаты – 90%.

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі»:

«педагог» біліктілік санаты – 30%;

«педагог-модератор» біліктілік санаты – 40%;

«педагог-сарапшы» біліктілік санаты – 50%;

«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты – 60%;

«педагог-шебер» біліктілік санаты – 70%.

2) Бастауыш оқыту педагогтері үшін:

«Оқу пәнінің мазмұны» бағыты бойынша:

«педагог» біліктілік санаты – 50%;

«педагог-модератор» біліктілік санаты – 60%;

«педагог-сарапшы» біліктілік санаты – 70%;

«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты – 80%;

«педагог-шебер» біліктілік санаты – 90%.

«Педагогика, оқыту әдістемесі» бағыты бойынша:

«педагог» біліктілік санаты – 30%;

«педагог-модератор» біліктілік санаты – 40%;

«педагог-сарапшы» біліктілік санаты – 50%;

«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты – 60%;

«педагог-шебер» біліктілік санаты – 70%.

3) Негізгі орта және жалпы орта білім беру педагогтері үшін:

«Оқу пәнінің мазмұны» бағыты бойынша:

«педагог» біліктілік санаты – 50%;

«педагог-модератор» біліктілік санаты – 60%;

«педагог-сарапшы» біліктілік санаты – 70%;

«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты – 80%;

«педагог-шебер» біліктілік санаты – 90%.

«Педагогика, оқыту әдістемесі» бағыты бойынша:

«педагог» біліктілік санаты – 30%;

«педагог-модератор» біліктілік санаты – 40%;

«педагог-сарапшы» біліктілік санаты – 50%;

«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты – 60%;

«педагог-шебер» біліктілік санаты – 70%.

4) Қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері үшін:

«Педагогика, оқыту әдістемесі»:

«педагог» біліктілік санаты – 50%;

«педагог-модератор» біліктілік санаты – 60%;

«педагог-сарапшы» біліктілік санаты – 70%;

«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты – 80%;

«педагог-шебер» біліктілік санаты – 90%.

«Психология негіздері»:

«педагог» біліктілік санаты – 30%;

«педагог-модератор» біліктілік санаты – 40%;

«педагог-сарапшы» біліктілік санаты – 50%;

«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты – 60%;

«педагог-шебер» біліктілік санаты – 70%.

5) Интернаттық ұйымдардың, жатақханалардың тәрбиешілері үшін:

«Педагогика, оқыту әдістемесі» бағыты бойынша:

«педагог» біліктілік санаты – 50%;

«педагог-модератор» біліктілік санаты – 60%;

«педагог-сарапшы» біліктілік санаты – 70%;

«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты – 80%;

«педагог-шебер» біліктілік санаты – 90%.

«Психология негіздері» – отыз тапсырма:

«педагог» біліктілік санаты – 30%;

«педагог-модератор» біліктілік санаты – 40%;

«педагог-сарапшы» біліктілік санаты – 50%;

«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты – 60%;

«педагог-шебер» біліктілік санаты – 70%.

6) Арнайы ұйымдардың тәрбиешілері үшін:

«Педагогика, оқыту әдістемесі» бағыты бойынша:

«педагог» біліктілік санаты – 50%;

«педагог-модератор» біліктілік санаты – 60%;

«педагог-сарапшы» біліктілік санаты – 70%;

«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты – 80%;

«педагог-шебер» біліктілік санаты – 90%.

«Психология негіздері» – отыз тапсырма:

«педагог» біліктілік санаты – 30%;

«педагог-модератор» біліктілік санаты – 40%;

«педагог-сарапшы» біліктілік санаты – 50%;

«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты – 60%;

«педагог-шебер» біліктілік санаты – 70%.

7) Арнайы білім беру ұйымдарының педагогтері үшін:

«Оқу пәнінің мазмұны» бағыты бойынша:

«педагог» біліктілік санаты – 50%;

«педагог-модератор» біліктілік санаты – 60%;

«педагог-сарапшы» біліктілік санаты – 70%;

«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты – 80%;

«педагог-шебер» біліктілік санаты – 90%;

«Психология негіздері» бағыты бойынша – отыз тапсырма:

«педагог» біліктілік санаты – 30%;

«педагог-модератор» біліктілік санаты – 40%;

«педагог-сарапшы» біліктілік санаты – 50%;

«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты – 60%;

«педагог-шебер» біліктілік санаты – 70%.

8) Білім беру ұйымдарының әдіскерлері үшін (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерінен басқа):

«Оқу пәнінің мазмұны»:

«педагог» біліктілік санаты – 50%;

«педагог-модератор» біліктілік санаты – 60%;

«педагог-сарапшы» біліктілік санаты – 70%;

«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты – 80%;

«педагог-шебер» біліктілік санаты – 90%.

«Педагогика, оқыту әдістемесі»:

«педагог» біліктілік санаты – 30%;

«педагог-модератор» біліктілік санаты – 40%;

«педагог-сарапшы» біліктілік санаты – 50%;

«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты – 60%;

«педагог-шебер» біліктілік санаты – 70%.

9) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері үшін:

«Оқу пәнінің мазмұны» бағыты бойынша:

«педагог» біліктілік санаты – 50%;

«педагог-модератор» біліктілік санаты – 60%;

«педагог-сарапшы» біліктілік санаты – 70%;

«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты – 80%;

«педагог-шебер» біліктілік санаты – 90%.

«Қызмет бағыты бойынша» бағыты бойынша:

«педагог» біліктілік санаты – 50%;

«педагог-модератор» біліктілік санаты – 60%;

«педагог-сарапшы» біліктілік санаты – 70%;

«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты – 80%;

«педагог-шебер» біліктілік санаты – 90%.

«Педагогика, оқыту әдістемесі» бағыты бойынша:

«педагог» біліктілік санаты – 50%;

«педагог-модератор» біліктілік санаты – 60%;

«педагог-сарапшы» біліктілік санаты – 70%;

«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты – 80%;

«педагог-шебер» біліктілік санаты – 90%.

«Психология негіздері» – отыз тапсырма:

«педагог» біліктілік санаты – 50%;

«педагог-модератор» біліктілік санаты – 60%;

«педагог-сарапшы» біліктілік санаты – 70%;

«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты – 80%;

«педагог-шебер» біліктілік санаты – 90%.

10) Дене шынықтыру педагогтері үшін:

«Оқу пәнінің мазмұны» бағыты бойынша:

«педагог» біліктілік санаты – 50%;

«педагог-модератор» біліктілік санаты – 60%;

«педагог-сарапшы» біліктілік санаты – 70%;

«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты – 80%;

«педагог-шебер» біліктілік санаты – 90%.

«Педагогика, оқыту әдістемесі»:

«педагог» біліктілік санаты – 50%;

«педагог-модератор» біліктілік санаты – 60%;

«педагог-сарапшы» біліктілік санаты – 70%;

«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты – 80%;

«педагог-шебер» біліктілік санаты – 90%.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілері:

«педагог», «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілік санаттары дайындықтың бастапқы деңгейіне сәйкес келеді.

11) Педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар тәжірибесі жоқ кандидаттар үшін:

«Оқу пәнінің мазмұны»:

«педагог» біліктілік санаты – 50%;

«Педагогика, оқыту әдістемесі»:

«педагог» біліктілік санаты – 50%.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогикасы бағыты бойынша:

«Мектепке дейінгі педагогика және психология»:

«педагог» біліктілік санаты – 50%.

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі»:

«педагог» біліктілік санаты – 50%.

12) Білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары үшін:

«Заңнаманы білу» бағыты бойынша:

«басшы-ұйымдастырушы» – 70%;

«басшы-менеджер» – 80%;

«басшы-көшбасшы» – 90%;

«Басқарушылық құзыреттер» бағыты бойынша:

«басшы-ұйымдастырушы» – 70%;

«басшы-менеджер» – 80%;

«басшы-көшбасшы» – 90%.

24. Пайыздар осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Ауыстыру шкаласы бойынша балдарға ауыстырылады.

25. Біліктілік тестілеуінің уақыты:

«Математика», «Физика», «Химия», «Информатика» пәндері үшін – екі жүз қырық минутты;

«Мектепке дейінгі білім беру» және «Қосымша білім беру» бағыттары үшін – жүз жиырма минутты;

өзге педагогтер үшін – екі жүз он минутты құрайды.

26. ҰТО педагогтердің Біліктілік тестілеуін өткізу үшін тест тапсырмаларының базасын әзірлейді.

27. Біліктілік тестілеуін өткізудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін өткізу пункттеріндегі аудитория және әрбір педагогтің орны бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі.

28. Заттар табылған және аудиторияда мінез-құлық қағидаларын бұзған педагог аудиториядан шығарылған немесе тестілеуде бөгде адам анықталған жағдайда осы Қағидаларға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша акт жасалады.

29. Бейнежазбаны қарау кезінде тестілеуді өткізу ережесін бұзу фактілері анықталған жағдайда акт жасалады және нәтижелері жойылады.

30. Біліктілік тестілеуін өткізу кезінде тыйым салынған зат немесе ереже бұзушылық анықталған жағдайда педагогке бес жыл (білім беру ұйымдарының басшылары – үш жыл) мерзімге аттестаттаудан өтуге рұқсат берілмейді. Педагогтің біліктілік санаты «педагог» біліктілік санатына дейін (басшы – «білім беру ұйымының басшысы» біліктілік санатына дейін) төмендетіледі.

31. Педагог тестілеу өткізу пунктінің ғимаратына кірген кезде оның жеке басын тану технологиясын пайдалана отырып сәйкестендіру немесе жеке басын куәландыратын құжаттың және рұқсаттаманың негізінде сәйкестендіру жүргізіледі.

32. Біліктілік тестілеуін өткізу кезінде аудиториядан кезекшінің рұқсатынсыз және ілесіп жүруінсіз шығуға, бір-бірімен сөйлесуге, бір орыннан екінші орынға ауысуға, материалдармен алмасуға, аудиториядан материалдарды алып шығуға, аудиторияға заттарды (оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттерді, цифрлық смарт-аппаратураны) кіргізуге және пайдалануға жол берілмейді.

33. Отырғызғаннан кейін тестілеу басталғанға дейін тестілеу және эссе жазу кезінде мінез-құлық қағидалары бойынша нұсқама жүргізіледі.

34. Тест тапсырмаларының жауаптарын бағалау келесі түрде жүзеге асырылады:

1) ұсынылған бес жауаптың ішінен бір дұрыс жауапты таңдайтын тапсырмалар үшін бір балл, қалған жағдайларда нөл балл беріледі;

2) ұсынылған нұсқадан бірнеше дұрыс жауапты таңдайтын тапсырмалар үшін:

барлық дұрыс жауаптар үшін – екі балл;

жіберілген бір қате үшін – бір балл;

екі және одан да көп қателіктер үшін – нөл балл.

35. ҰТО немесе ол белгілеген ұйым педагогтердің деректер базасын қалыптастырады (өтініштерді қабылдау, ақпараттандыру үшін дербес деректерді енгізу: Жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), өтініш берілген біліктілік санаты, тапсыру тілі, жұмыс орны, пәні).

36. ҰТО немесе ол белгілеген ұйым бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындауды, өтініштерді қабылдау, тестілеуді өткізу кезеңінде, апелляциялық рәсімдер кезінде оның жұмысын; тестілеу аяқталғаннан кейін оның нәтижелерін өңдеуді және беруді; апелляцияны есепке ала отырып, апелляцияны өткізуді және нәтижелерді беруді; жазылған эссені беруді жүргізеді.

37. ҰТО немесе Біліктілік тестілеуін өткізуге жауапты ол белгілеген ұйым:

1) компьютерлік кабинеттерді дайындауды;

2) компьютерлерді тестілеуді өткізуге бір күн қалғанда дайындауды;

3) аудиториялық қорды ұсынуды;

4) тұлғаның жеке басын тану технологиясын пайдалана отырып сәйкестендіруді немесе жеке басын куәландыратын құжат негізінде сәйкестендіруді және рұқсаттаманы, педагогтерді компьютерлік кабинетке жіберуді және оларды отырғызуды жүзеге асырады.

38. Біліктілік тестілеуін өткізу кезінде білім беру саласындағы уәкілетті органның өкілдері бақылаушы ретінде қатысады. Бақылаушылар тестілеуге қатысушыларға көмектеспейді. Тестілеуге кедергі келтіретін әрекеттерге жол берілмейді. Тестілеу тәртібін бұзғаны үшін бақылаушы өз функцияларын орындаудан шеттетіледі.

39. Тестілеу аяқталғаннан кейін педагог компьютер экранында көрсетілетін тестілеу нәтижелерімен танысады.

40. Біліктілік тестілеуінің нәтижесі – осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Біліктілік тестілеуінен өткені туралы сертификат педагогтің жеке кабинетіне жолданады. Апелляция өткізілген жағдайда Біліктілік тестілеуінен өткені туралы сертификат апелляцияны ескере отырып, педагогтің жеке кабинетіне жіберіледі.

41. ҰТО Біліктілік тестілеуінен өткен тестіленушілердің электрондық деректер базасын бес жыл бойы сақтауды қамтамасыз етеді.

42. ҰТО өңірлік білім басқармаларына және білім беру саласындағы уәкілетті органға тестілеу нәтижелері бар электрондық сертификаттарды және эсселердің болуын тексеру үшін қолжетімділік береді.

43. Біліктілік тестілеуі аяқталғаннан кейін педагог нәтижелермен (дұрыс және дұрыс емес жауаптармен) танысады және келіспеген жағдайда тестілеу залынан шықпай-ақ ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы апелляциялық комиссияға негіздемелермен апелляция береді. Педагог тестілеу залынан шыққаннан кейін берілген апелляцияға өтініштер қабылданбайды.

44. Тестілеуді өткізу кезіндегі даулы мәселелерді шешу үшін білім беру саласындағы уәкілетті орган ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы апелляцияларды қабылдауды қамтамасыз ететін Апелляциялық комиссияны құрады.

45. Апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.

Апелляциялық комиссияның құрамына мемлекеттік органдардың өкілдері, мектепке дейінгі, орта және жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері кіреді.

Апелляциялық комиссия мүшелері тақ саннан тұрады. Апеляциялық комиссия мүшелері Комиссия отырыстарына ауысу құқығынсыз қатысады.

46. Апелляциялық комиссия өкілеттігінің қолданылу мерзімі күнтізбелік бір жылды құрайды.

47. Апелляция мынадай жағдайларда қаралады:

1) тест тапсырмаларының мазмұны бойынша:

дұрыс жауаптың негіздемесімен келіспеймін;

дұрыс жауап жоқ;

барлық ұсынылған нұсқалардан бір дұрыс жауапты таңдаумен тест тапсырмаларында біреуден артық дұрыс жауап бар (дұрыс жауаптардың барлық нұсқалары көрсетіледі);

тест тапсырмасы дұрыс құрастырылмаған.

2) техникалық себептер бойынша:

тест тапсырмаларында фрагменттің немесе мәтіннің болмауы.

48. Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляция берген кезде педагог дәлелді негіздемені (толық түсіндірме) көрсетеді. Барлық тест тапсырмаларын қайта қарау бойынша апелляцияға берілетін өтініштер әрбір тапсырма бойынша дәлелді негіздемені (толық түсіндірме, міндеттердің қадамдық шешімі) көрсетпей қарауға жатпайды.

49. Апелляциялық комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді, оған комиссия төрағасы, хатшысы және мүшелері қол қояды. Апелляциялық комиссия отырыстарының хаттамалары жыл бойы ҰТО-да сақталады.

50. Онлайн-қабылдау режимінде қаралған апелляция нәтижелері бойынша педагогтің жеке кабинетінде тестілеу нәтижелері көрсетіледі.

51. Қаңтар-мамыр (тамыз-желтоқсан) аттестаттау кезінде педагогке біліктілік санатын беру (растау) үшін оны кезекті аттестаттау кезінде өтініш берілген санат бойынша балдар саны жеткіліксіз болса, біліктілік санаты мерзімі аяқталғанға дейін сақталады, одан әрі біліктілік санаты бір деңгейге төмендейді. Бұл біліктілік санаты аттестаттаудың келесі тамыз-желтоқсан (қаңтар-мамыр) кезеңіне дейін сақталады. Келесі аттестаттау кезеңінде педагог Біліктілік тестілеуінен өткеннен кейін бастапқыда өтініш берілген біліктілік санаты бойынша аттестаттаудан өтеді.

52. Педагог тамыз-желтоқсан (қаңтар-мамыр) аттестаттау кезеңінде біліктілік санаттарын алуға (растауға) кезекті аттестаттау үшін өтінішті уақытылы бермеген жағдайда, біліктілік санаты «педагог» біліктілік санатына дейін төмендетіледі. Осы біліктілік санаты келесі тамыз-желтоқсан (қаңтар-мамыр) аттестаттау кезеңіне дейін сақталады. Келесі аттестаттау кезеңінде педагог № 338 бұйрығымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес біліктілік санатына аттестаттаудан өтеді.

53. «Екінші», «бірінші», «жоғары» санаттары бар педагог қаңтар-мамыр (тамыз-желтоқсан) аттестаттау кезеңінде өтініш берілген санатқа балдар саны жеткіліксіз болған жағдайда, біліктілік санаты оның мерзімі өткенге дейін сақталады, бұдан әрі – «педагог» санатына дейін төмендетіледі. Осы біліктілік санаты келесі тамыз-желтоқсан (қаңтар-мамыр) аттестаттау кезеңіне дейін сақталады. Келесі аттестаттау кезеңінде педагог № 338 бұйрықпен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес біліктілік санатына аттестаттаудан өтеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет